Джероламо Кардано ең бірінші классификацияны ойлап шығарды: туғаннан естімейтіндер, есту қабілетін ерте жоғалтқандар (бала сөйлеу тілінің пайда болуына дейін) және сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей қалғандар.
Джероламо Кардано алғаш рет кереңдіктің және мылқаулықтың физиологиялық негіздеуін көрсеткен және сақталған сезім мүшелерін қолдану негізінде естімейтіндерді оқыту мүмкін екенін дәлелдеген.
Джероламо Кардано теоретикалық көзқарастары Испанияда өзінің практикалық дәлелдігін алды. Педро Понсо де Леон(1520-1584) естімейтіндердің білім алуының түп нұсқалы әдісін құрып, аристократтардың балаларын жеке оқытуды практикаға ойдағыдай енгізді. П.Понсо өзінің әдістемесінде әр түрлі сөйлеу тілінің түрлерін қолданған: ауызша, жазбаша, дактильді және жест тілін.
Х.П. Боннет (1579-1633) «Естімейтін адамды сөйлеуге үйрету өнері және дыбыс табиғаты туралы» трактатында (1620) , естімейтіндердің білім алуы және тәрбиелнуінің мақсат, міндеттерін қарастырып, осындай адамдарға дактильді және ауызша түрде сөйлеу тіліне оқытудың қажеттілігі туралы айтқан. Арнайы педагогпен естімейтіндерді оқытуда, сөйлеу тілінің сұрақ-жауап формасын қолданып, оқушылардың ақыл-ой қабілеттіктерінің дамуында сөйлеу тілінің маңыздылығын көрсеткен.
Э.Р.Каррион(1579-1652) өзінің замандастарының ой-пікірлерін практикада дамытып, естімейтіндерді оқытуда тактильді-вибрациялық сезінулерге және есту қалдығына сүйенген.
Х.П. Боннеттің естімейтіндерді Европада оқыту туралы идеялары ары қарай дамыды: Англияда –Джон Валлис(1616-1703) және ДЖ.Бульвер, Швейцарияда –ДЖ. К. Амман (1669-1724), Нидерландияда –Ф.М.Ван Хелмонт (1614-1699), Италияда –Ф.Л.Терций (1631-1687).
Тек, Х VІІІ ғ. 70 жылдарында естімейтіндерді оқыту және тәрбиелеуге арналған арнайы мекемелердің дамуын ұйымдастыру әрекеттері пайда бола бастады. Францияда 1770 ж. әлемдегі ең бірінші жеке мектеп ашылды-естімейтіндерге арналған париж инститты, ұйымдастырушысы Шарль Мишель де Эппе болған ( 1712-1789). Ол мимикалық әдістің құрастырушысы болған, оның негізінде француз ағартушыларының Вольтердң,Д.Дидроның,Ж.Ж.Руссоның және т.ю. идеялары жатқан.
Ш.М.де Эппенің Р.А.Сикар ары қарай дамытты (1742-1822). Оның жүйесі естімейтін баланың жеке тұлғасының жан- жақты ақыл-ой және дене дамуына,қоғамда өмір сүре алуға және еңбекке дайындауға, жалпы білімді біліктіліктерін меңгеруге бағытталған. Бірақ, бұл міндеттерді шешуде оқытудың барлық кезеңінде,тек сөйлеу тілінің жест түрі қолданылған.
1778 ж. 14 сәуірде Лейпцигте Самуил Гейнике (1727-1790) Германияда ең бірінші естімейтін адамдарға арналған институтты ашты. Самуил Гейнике ол өзінің естімейтіндерді оқытудың жүйесін құрды, ол оқыту жүйесі кейіннен таза ауызша әдісі деген атқа ие болды. Балалар сонымен қатар оқуды, жазуды,арифметиканы меңгерді.
ХІХ ғ. Францияда Александр Бланше (1817-?) естімейтін балалармен еститін балалардың бірге оқытуын ұйымдастырды. Естімейтіндер жай мектептің ерекше сыныбына бөлінді, ал нашар еститіндер қалыпты балалармен оқыды.
Сонымен қатар, Францияда Жан Жак Валад–Габельдің интуициялық (аналық) әдісі пайда болды (1801-1879), нормадаға кішкентай еститіндердің сөйлеу тілін дамыту осы әдістің негізіне салынған. Бұл әдіс жесттік сөйлеу тілін қолдануды болғызбады және ауызша сөйлеу ( дыбысталытын) тіліне қосымша көрнекі құралдарды қолданып, жазбаша сөйлеу тілін бірінші орынға қойды. Дактильді сөйлеу тіліне үлкен көңіл аударылады.
1779 ж. Венада ( Австрия) естимейтиндер Институты ашылды, мимикалық әдіс И.Маймен (1754-1820) және Ф.Шторкпен (1746-1820) қайта құрылды. Дактильді әліппен кеңінен қолдана бастады, ал жесттік сөйлеу тілі тек көмекші құрал ретінде қолданды. Бұл жұмысты М.Менус (1774-1850) жалғастырды, бұл әдісті толықтырып, естімейтіндердің біліміне ауызша сөйлеу тілін енгізді.
АҚШ- Томас Галлоде 1817 ж. Естімейтіндердің бірінші Институтын ( мектеп) ашты.
Көне Ресейде естімейтін адамдар шіркеулердің қарамағында болған. ХІ ғасырда монастырларда ерекше үйлер құралы басталды. Осы үй туралы Киевтік-Печерскте, одан кейін осындай үйлер басқа қалаларда ашыла бастады (Мәскеу,Новгород,Смоленск және т.б).
ХVІ-ХVІІ ғғ. Ресей заңды акттері естімейтіндерге, батыс еуропада шыққан заңды каттерге қарағанда көп құқықты көрсетті.
ХVІІІ ғ. Ресейде сурдопедагогикалық ойлардың дамуына және құрылуына ықпал етті.
Орыс ғалымдары Батыс Европада елдердің сурдопедагогикасын жақсы біліп, әдіс және тәсілдерді қолданып, осы ғылымды ары қарай дамытуға үлестерін қосты. Мысалы, Ресей ғылым академиясының профессоры, Г.В.Крафт 1742 ж. Ел алдында баяндамасын оқыған кезде, есту қабілетін көру қабілеті арқылы алмастыруға болатынын айтты.
ХVІІІ ғ. Аяғында Ресейде «Экономический магазин» деген журнал басылып, шыға бастады. Осы журналда сурдопедагогика бойынша білімдер және естімейтін балаларға көмек көрсетуге арналған медициналық және педагогикалық әдіс-тәсілдер жазылды. Бұл журналдың әрекеті естімейтін балаларға арналған арнайы оқу мекемелерінің ұйымдастыруын қажеті туралы қоғамдық ой-пікірлерді қалыптастыра бастады. Мәскеу және Петербургте тәрбие үйлері құрыла бастады, бұл үйлерде қалыпты дамыған балалармен қатар естімейтін балаларда тәрбиеленді. Мәскеулік тәрбие үйлерінде естімейтін балаарды оқыту және тәрбиелеуге арнайы талаптар қойылды. Сурдопедагогиканың теориялық дамуына А.Н.Радищев үлкен үлесін қосты. Ол материалистік позиция жағынан естімейтіндердің танымдық қабілеттерінің мүмкіншіліктерін қарастырды, ойлау қабілетін дамуты үшін барлық сөйлеу тілінің рөлін дұрыс бағалады,естімейтін балаларды оқуға және жазуға оқытудың қажеттілігін негіздеді.
ХІХ ғ. Басында Ресейде естімейтіндерге арналған арнайы училищелер пайда болды (Петербургтік,Аршавалық,Рижалық,Вильнюстік), олар орыс сурдопедагогикалық ойдың ары қарай дамуына ықпал етті. ХХ ғ. Басында орыс педагогтарының іс-әрекет қортысында (В.И.Флери,Г.А.Гурцева,И.Я.Слезина,И.А.Васильева,Н.М.Лаговский және т.б.) барлық компенсаторлық мүмкіншіліктерді қолдануына негізделген,естімейтіндердің оқыту жүйесі құрылды.
Мектептерде оқушылар жалпы оқу бағдарламасы бойынша оқыды. Сонымен қатар Совет өкіметі естімейтін балаларды әр түрлі жас деңгейінде оқытуды енгізді.
Ф.Ф.Рау және Н.Ф.Слезинамен ауызша сөйлеу тілінің қалыптастыруының ғылыми мотивировті концентрикалық жүйесі құрылды; тәжірибеге заттық-тәжірибелік оқыту енгізілді (С.А.Зыков және оның қызметкерлерінің зерттеу негізінде); (Т.А. Власованың басқаруымен) акупедиялық сабақтар жүйесі орындалды. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті материалдық-техникалық база құралды,сонымен қатар оқу орындарын жоғары дәрежелі мамандармен қамтамасыздандыру.