2.Сурдотехникалық аппараттар /бақылау және диагностикаға арналған/ 1. Есту қабілеті зақымдалған балалардың классификация бөлімді оқу үшін Ресей және Батыс Европаның естімейтін және нашар еститін оқушылардың классификациясының айырмашылығын білу қажет. Есту қабілеті сақталған оқушылардың естімейтін оқушыларға қарағанда жақсы меңгеретіні анық, осыған орай есту қабілеті сақталған оқушылардың дамуын сөйлеу дыбысымен емес, қоңырау шылдыры мен баян т.с.с. құралдармен дамыту әдістері қолданылады.Бірақ бұл әдіс көп жағдайда өз септігін тигізбейді. Өйткені оқушылар содан кейін оларға айтылған сөзге көңіл бөлмейді. Зерттеулер ары қарай кемістікті қалай дұрыс анықтауға болатынын көрсетті: Осыған мысал ретінде Ф.Ф.Рау және И.Гартшонның бірігіп жасаған классификациясы бола алады. Сонымен қатар Преображенскийдің классификациясы. Аталған екі ғылымын айтуы бойынша адамда вокалды және вербольды дыбыс қабылдау болады. Б.С.Преображенский нашар еститін балалардың келесі классификациясын ұсынды.
1-кесте
Нашар еститіндер деңгейі
Ара қашықтықта қабылдау
Есту кем-тері бар үлгерімі жақсы балалар оқитын оқу орындары
Ау-ша сөй-у тілін қаб-дау (м)
Сыбыр сөз-ді қаш-та қаб-ы
1 (жеңіл)
6 м қашықтық
3 м-ден 6 м-ге дейін
Жалпы мектеп,дәрігер қарамағына алынған
2 (жеңілірек)
4 м. мен 6 м арасында
3 м. мен 6 м дейін
Жалпы мектеп, дәрігер қарамағына алынған
3 (орташа)
2-4 м
0,5-1 м дейін
Жалпы мектеп, еріннен оқу 1 партаға отырғызу
4 (ауыр)
2 м. шамасында
0,05-0,5 м
Нашар еститіндер мектебі. Микрофон . еріннен оқу
Л.В.Нейман естуінде кемістігі бар балаларды естімейтіндер және нашар еститіндер деп бөлуді ұсынды. Нашар еститіндерге 30 дан 80 дб дейін есту қабілетін жоғалтқан балаларды жатқызды. Осыған орай нашар еститіндер үш деңгейге бөлінеді. 1-деңгей 30-50 дб, 2-деңгей-50-70 дб,3-деңгей 70-80 дб.
Ауыр кемістіктері бар естімейтін балаларды төрт топқа бөлді. 1-топ-дыбыстарды 125-250 гц жиілік арасында қабылдау, 2 топ дыбыстарды 125-500 гц жиілігі арасында қабылдау,3-топ дыбыстарды 125-1000гц жиілігі арасында қабылдау, 4 топ дыбыстарды 125-2000 гц жиілік арасында қабылдау.
Р.М.Боскис 1963 ж. Есту қабілетінің көмегімен ауызша сөйлеу тілін меңгеру мүмкіншілігі бар екенін айтты.естімейтіндер тобына ол естіп қабылдауы негізінде, ауызша сөйлеу тілі қалыптаспаған балаларды жатқызды. Р.М.Боскистің зерттеулері бойынша 80 дб шамасында есту қабілетін жоғалтқан балаларды жатқызды. Сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін, есту қабілетін жоғалтқан балаларды есту қабілетін кеш жоғалтқан балалар тобына жатқызды.
Медициналық фонетикалық зерттеу бойынша және К.Портманның зерттеуін төмендегі 2-кестеден көреміз.
1.Портман
Медициналық фонетика орталығының зертеулері
20 дБ – қалыпты есту естушілік
80 дБ жоғары- нашар естушілік (1 кГц дейін диапазонында)
20-40 дБ – нашар естушілік
60-80 дБ – терең деңгейдегі нашар естушілік
75-80 дБ – мүлдем естімейтіндер (4 кГц дейін жиілік диапозонында)
80 дБ – саңыраулар
25-75 дБ (сөйлеу тілі зонасында) жартылай кереңдік.
Жалпы классификациясының қажеттілігі Халықаралық стандарттық ассоцияциясын есептемейтіндердің келесі классификациясын бекітті:
26 дБ ден 8 кГц жиілік диапазонында – есептемеушіліктің білінбеуі (есту қабілеті шамамен нормада);
27-40 дБ жиілік диапазоны 8 кГц дейін – естімеушіліктің аздығы;
41-55 дБ жиілік диапазоны 8 кГц дейін – орта деңгейдегі есептпемейтіндер;
55-70 дБ жиілік диапазоны 4 кГц дейін – есептемейтіндер;
71-90 дБ жиілік диапазоны 2 кГц дейін – есептемейтіндерің терең деңгейі;
90 дБ жоғары жиілік диапазоны 1 кГц дейін – мүлдем (тотальды) естімейтіндер.
Халықаралық классификацияны қолданатын мамандардың ұныстарында, үш деңгейдегі балаларды еститін балалармен бірге қосып оқытуға болатыны көрсетілген. Ол үшін олар есту қабілетін жоғалтуына және есту деңгейіне байланысты, дыбыс күшейткіш аппаратурамен қамтамасыздандырылуы керек. Сондықтан есту қабілетінің деңгейі бойынша балалардың классификациясының негізгі бағытталуының көмегімен, олардың есту қалдығын қолданып, естімейтін балалардың оқуын ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.