Лекция-14. Балалар фольклоры. 1.Балалар фольклоры-ның өзіндік ерекшелігі,жанрлық түрлері.
2.Халық педагогикасымен байланысы.
3.Балалар фольклорының поэтикасы.
Әдебиеттер: Ақ сандық,көк сандық А,1988.
Мельникова М.Н. Аусский детский фольклор.М,1987.
Ш.Ахметов Қазақ балалар әденің очеркі А,1968.
К.Ісламжанұлы Рухани уыз А.,1995.
Құлбек Ергөбек Арыстар мен ағыстар
Қазақ балалар фольклоры – ауыз әдебиетiндегi бала тәрбиесiне арналған халықтық педагогиканың өмiр тәжiрибесiнен алынған шығармалар жиынтығы. Қ.Б.Ф. балалардың психологиясына , жас ерекшелiгiне қарай қалыптасып, оларды адамгершiлiк , iзгiлiк қасиеттерге тәрбиелейтiн ең сенiмдi құрал болып келедi.Негiзгi салалары – бесiк жыры , жаңылтпаш, жұмбақ, өтiрiк өлең, мақал-мәтел, ертегi, аңыз әңгiме, батырлық жырлар.Қазақ халқы жаңа туған жас балаға арнап “ шiлдехана” , қаз тұрып жүргенде “ тұсау кесер”, алғаш рет жолға шықса “ тоқым қағар” деген ырымдар жасаған. Ана бөьнгiн әсем әуездi бесiк жырымен тербеткен. Бөбек өскен сайын әннiң де, өлеңнiң де мазмұны тереңдеп, ертегi айтып , қызықтырып,жаңылтпаш айтып тiлiн ұстартып, жұмбақ айтып ойын жетiлдiруге үйреикен. Балалар фольклорының көркем туындылары – “Алдар көсе”, “Шық бермес Шығайбай”, “Қырық өтiрiк”, “Қаңбақ шал”, “Тазша бала” т.б. Көшпелi халық төрт түлiк мал туралы тақпақтарды (“Түйе-түйе , түйелер”, “Ешкi”, “Қой” ) , қиял –ғажайып ертегiлердi (“Алтын сақа”, “ аңбақ шал”,” Ер Төстiк” т.б. ) ,батырлар жырын ( !Алпамыс”, “Қобыланды”, “Қамбар бытыр” т.б.) айта отырып, балаларды ерлiкке, еңбекке, iзгiлiкке, адамгершiлiкке үйретедi.Балаларға арналған мақал- мәтелдердiң де мәнi зор.Бүгiнгi өмiрiмiзде туған туған фольклор ерте заманнан берi ел аузынан келе жатқан көне мұрамен жалғасып, жаңа мазмұндағы туындылармекн толықтырылуда. Қазақ балалар әдебиетiнiң көрнектi өкiлдерi ауыз әдебиетiнiң үлгiсiмен балаларға арналған бесiк жыры, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегiлер жазды. Қазақ балалар фольклорын дамытуға Ы.Алтынсарин, С.Көбеев, М.Көшiмов, т.б. ал, кеңестiк дәуiрде Ө.Тұрманжанов, Қ.Әбдiқадыров, С.Бегалин,Ә.Дүйсембиев, М.Әлiмбаев, Қ.Мырзалиев т.б. үлкен жазушылар үлес қосты.
Ауыз әдебиетiнде балалар фольклорының жиналып, баспа бетiнде жарыққа шығуы ХIХ ғасырдан басталады. Ы.Алтынсарин, Г.Н. Потанин, С.Көбеев, Т.Жомартбаев, А.Диваев т.б. ақын- жазушылар мен ғалымдардың еңбектерiнде балалар фольклорының кейбiр үлгiлерi жарияланды. Ол жас ұрпақты тәрбиелеуде ауыз әдебиетiнiң маңызды роль атқаратынын жақсы түсiндi.
Дегенмен балалар фольклорын арнайы жинау, баспасөз арқылы халыққа жариялау , зерттеу кеңес заманында қарқынмен дамыды.Кеңес өкiметiнiң алғашқы жылдарында С.Сейфуллин, I,Жансүгiров, бұл салада айрықша еңбек сiңiрсе, кеiнiрек М. Әуезов, Ө.Тұрманжанов, М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов, М.Әлiмбаев, т.б. зерттеу еңбектерi мен жинақтарында қамтыды.
Балалар фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан-салалы. , соған лайықты олардың атқаратын қызметi де түрлiше.Зерттеу еңбектерде оларды шығу, орындау ерекшелiктерiне қарай үлкендердiң балаларға арнап шығарған, бiрақ негiзiнен, балалардың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздерi таратқан өлең- жырлары деп екi салаға жiктеу қалыптасқан.
(Бұл топтағыдан өзгешелеу тұрғандары – бесiк және тұсау кесу жырлары. Олардың шығарушысы да, айтушысы да ересек адамдар.Осы себептi олар бiрде тұрмыс –салт жырларына ,бiрде балалар фольклорына жатқызылып жүр.Олай болатыны нәрестеге бағышталып айтылғанымен бесiк жырында лирикалық өлеңдерге тән үлкендердiң көңiл- күйi, толқыған сезiмi ашық- жарқын бой көрсетiп отыруы мүмкiн.
Туған жердi сағынып топырағын,
Көз алдыма келедi сол тұрағым.
Ата- анамды аяулы аңсағанда,
Ақ бөпемдi аялап отырамын.
Әй-әй , бөпем, Кейiн қалған елiмдi
Көрер ме екем !
Мұнда ескi қоғамдағы ананың тағдыры мен елiне, ата-анасына деген ыстық сағынышы жатыр.Iшкi сыр- сипатына қарағанда халықтың лирикалық өлеңдерңне жақын, тек түр жағынан, бүлдiршiндi жұбату мақсатында айтылғандығына қарай бесiк жыры екендiнгiн ажыратуға болады.
Дәстүрлi бесiк жырларының құрылысы құрылысы қарапайым, есие ұстауға, аутуға оңтайлы болып келедi.Баяу сазды әуенмен айтылады. Бесiктегi бөбектiң түйсiк сезiмiн, есту қабiлетiн ескеру баор.Оның ықыласын аударып, көңiлiн жұбататын тәрбиенiң алғашқы нышандары бар.
Дәрменсiз нәрестенiң жақсы жетiлуi үшiн аяқ, қолын, жазып, тәнәiн сылап*сипап, баяу ырғағпен “Өс-өс!”, “Ал бiлек” өлеңдерi айтылған.
Б.Ф-ң үлкен саласы – ойын өлеңдерi.Тiлi шығып , сөйлей бастағаннан , кәмiлетке толып, есейген шағына дейiн баланың жысына лйық сан түрлi ойын ойналған.Олардың көпшiлiгi өлең- тақпақтармен бiрге жасап, бiрiн- бiрi толықтырып отырған.”Саусақ санау ойыны” , “Бес саусақ”, “Қуырмаш” ,”Санамақ”, “Қаламақ”,”Соқыр теке”,” Үй артында қол ағаш” “ Кiм ұшты ?”т.б.
Бұл өлеңдердiң ырғағы жеңiл, аллитерациялық, ассонастық қайталаулар жиi ұшырасады.Бұл ойындар баланың тән сұлулығы мен жан сұлулығын жан- жақты жетiлдiруге көмектеседi.Мысалы ,”Қалай аутуды бiлемiн” ойынында:
Әтеш – шақырады,
Есек – бақырады.
Күзен –шақылдайды.
Бақа – бақылдайды.
Шыбын – ызыңдайды, Шiркей ызылдайды…
Бөбек жырлары. Малдың төлі болса, адамның баласы бар. Оларды ойлы да тілді етіп, еңбекке баулу – халықтың үлкен қуанышынан саналған. Әйел бала туса, оған шілдехана жасаған. Шілдехана кезінде жастар жиналып, өлең айтқан. Ауыл шамы қырық күнге дейін сөнбеген. Өмірге жаңа келген сәби өсіп, жетіле келе әжесінен ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаштар үйреніп, ойы мен тілін дамытатын болған. Мұны халықтық рухани тәрбие дейміз. Ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш білмеген,білгенін айта алмаған баланы «мылқау» деп, оған жұрт күліп қараған.»Ти десем тимейді, тиме десем тиеді» деген жұмбақ баланың тілін, әрбір дыбыстың қайдан шығатынын білдірсе, саусақтарға «бас бармақ, балалы үйрек,ортан терек, шүлдір шүмек, кішкене бөбек» деп ат қойғызу баланы санға үйреткен. «Бір дегенім – белеу, екі дегенім- егеу, үш дегенім – үскі, төрт дегенім – төсек, бес дегенім- бесік, алты дегенім- асық, жеті дегенім – желке, сегіз дегенім – серке, тоғыз дегенім – торқа, он дегенім – оймақ, он бір қара жұмбақ» деген сөз кестелері баланың лексикасын байытқан. Ол кезде жас балалар әрбір үйдің жан санын жұмбақтап, шешуін тауып отырған. Ондай жұмбақтарды: «Нешік? Екі құлағы тесік, ешкің арық, қойың сарық» деп бастаған. Мұндай өлеңдерде бір – біріне айтылған сұрақтар да кездесіп отырады:
- Ауылың қайда? - Қошқар тауда.
- Асқар тауда. - Қойың не жейді?
- Қойың қайда? - Жусан жейді.
Баланы төсектен тұрғызып, бірін қойға, бірін жылқыға, бірін сиырға, түйеге жұмсаған тіршілік көрінісі де өлеңге арқау борлған. Төрт түлік мал жөніндегі жырлардың балаларға лайықталған саласы аса көркем әрі қызық. Олардың мазмұны көбіне күлдіргі болып келеді. Мысалы, «Қой мен ешкінің айтысы» жайындағы өлең оқуға жеңіл, мазмұнды әрі әсерлі.
Мұнда ешкі:
Сенің жегенің ошаған,
Сенің құйрығың неден шошайған?-
деп жауап қайтарады.
Айтыс үстінде олар бір – біріне мініп, сынайды. Қой сүт – майым көп, сол себепті мен малдың құтымын десе, ешкі де қарап қалмайды. Ақыры бұл екуі бір – біріне топалаң келсін деп, бақ таластырады.
Жаңбырсыз жаздың ыстық аптабы мен аязды қыс малға қандай қолайсыз болса, түрлі індет те оларға жеңіл тимеген. өйткені мал ауруы – жұттың бір түрінен саналған.
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері ауыз әдебиетінің үлгісімен балаларға арналған бесік жыры, жаңылтпаш, ертегі, өтірік өлеңдер жазды. Тапсырма: Бесік, тұсау кесу, ойын өлеңдерін жаттау. Глоссарий: Қазақ балалар фольклры – ауыз әдебиетіндегі бала тәрбиесіне арналған халықтық педагогиканың өмір тәжірибесінен алынған шығармалар жиынтығы.
Бақылау сұрақтары:
Балалар фольклорының өзіндік ерекшеліктері мен зерттелу тарихы?
Балалар фольклорының жанрлары мен түрлері?
Балалардың өзі орындайтын өлең-жырлары?
Ойын өлеңдері?
Балалар фольклорының поэтикасы?