Лекция №2. Бөлінбеген жұп электрондар рөлі Лекцияның оқыту нәтижелері



бет3/5
Дата02.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#146484
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
lek2.doc

Рекомбинация
Рекомбинация (латынша re – жаңару, қайталану және combination – қосылыс) – әртүрлі бөлшектерге (атомдар, бос радикалдар) тиесілі екі жұптаспаған электрондар бірігіп, ковалентті байланыс түзуі.
Рекомбинация өте экзотермиялы; оған аз немесе нольдік активтену энергиясы тән. Рекомбинация мысалдары:

  1. Металдық катализаторлар қатысында магнийорганикалық қосылыстардың ыдырауы;

  2. Алифатты азоқосылыстардың термиялық ыдырауы кезінде немесе карбон тұздарының электролизі кезінде көмірсутегі радикалдарының димерленуі;

  3. Кетондардан пинакондардың синтезделуі.

Тізбекті реакциялар
Қаныққан көмірсутектерді жарық қатысында галогендеу процесі радикалды орынбасу реакциясына жатады. Ол радикалды механизм бойынша жүреді. Метанды монохлорлау процесін мысалға ала отырып, механизмді қарастырайық.

Радикалды орынбасу реакциясының механизмі үш сатыдан тұрады:
Иницирлеу. Ультракүлгін сәулелер әсерінен хлор молекуласының гомолиттік ыдырауы жүреді, нәтижесінде хлор радикадары түзіледі.

Тізбектің дамуы. Реакцияласу қабілеті жоғары хлор радикалы метан молекуласын шабуылдайды. Бұл молекуладағы С-Н байланысы гомолиттік ыдырауға ұшырап, метил радикалы (атомы) түзіледі, ал ол ары қарай хлор молекуласымен әрекеттесіп, хлорметан және хлор радикалы түзіледі. олар процесті жалғастырады.

Мұндай процестерді тізбекті реакциялар деп атайды., өйткені алғашқыда түзілген бір хлор радикалы көптеген метан молекуласының хлорлануын иницирлейді. Тізбектің дамуы сатысы бірнеше рет қайталанады. Реакциялық қоспада радикал бөлшектердің көп мөлшері жиналады.
Тізбектің үзілуі. Тізбекті реакция әр түрлі радикал бөлшектер бір-бірімен қосылғанда аяқталады.

Эквивалентті емес сутегі атомдары бар алкандарды галогендеу изомерлі өнімдер арасындағы қатынас реакцияның өту жағдайларына, реагент және субстрат табиғатына тәуелді.

Мысалы, пропанды моногалогендеу реакциясында пропан молекуласындағы екіншілік сутегі атомдары радикалдық шабуылға ккөп ұшырайды. Көмірсутектердегі үшіншілік С-Н байланыстармен орын басу реакциялары да жеңіл өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет