Лекция (2 сағат) Cинтаксис: зерттеу нысаны, негізгі ұғымдары



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата26.04.2023
өлшемі321,29 Kb.
#87350
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 лекция (мәтіні)

осы сілтеу есімдігі болып табылады.
Сонымен, түйіндей айтқанда, бір немесе бірнеше сөйлем тізбегінен 
тұратын синтаксистік бірлік – мәтін, соңғы жағдайда синтаксистік 
құрылымдардың 
өзара 
бірінің 
екіншісіне 
тәуелділігін 
көрсететін 
грамматикалық құралдар, мәтіннің ішкі бөілктерін құрайтын мәтін түзетін 
сөйлемдер арасындағы синтаксистік қатынастар және т.с.с мәселелерді 
қарастыру мәтін синтакссінің еншісінде болып табылады.
Сөз және сөз формаларының синтаксистік қызметтері де синтаксиске 
нысаны ретінде алынып, белгілі бір грамматикалық формада келген сөздің 
бағыныңқы немесе басыңқы сыңарда тұруы, өзге сөзді өзіне бағындыра алуы 
немесе оған бағынуы, сондай-ақ олардың сөйлем мүшесі бола алу 
мүмкіндіктері де синтаксисте зерттеледі. Осымен байланысты Т.Ермекова 
синтаксис ілімінің іштей саралануына жоғарыда көрсетілген үш салаға қоса, 
сөз және оның формалары синтаксисі дегенді қосып, зерттеу 
нысандарының сипатына қарай синтаксис саласын іштей төртке бөліп 
кеңейтеді.
Сонымен, синтаксистің зерттеу нысаны – сөз және сөз формалары; сөз 
тіркестері: сөздердің байланысу тәсілдері; байланысу формалары; сөз 
тіркесінің түрлері; тіркескен сөздер арасында туындайтын синтаксистік 
қатынастар; сөйлем; құрамы мен құрылымы; дербес сөйлемдердің күрделі 
синтаксистік 
бірліктерге 
бірігу 
жолдары; 
сөйлемдер 
арасындағы 
функционалды-семантикалық қатынастар мен олардың түрлері және т.б. 
мәселелер. Осы аталғандардың ішіндегі күрделі ойды білдіретін құрмалас 
сөйлем мен мәтін синтаксисінен басқалары жай сөйлем синтаксисінің 
аясында қарастырылады. Мұны сызбаға былайша жинақтап беруге болады: 
Синтаксис 
Сөз және сөз 
формалары 
Сөз тіркестері 
Сөйлем 
мүшелері
Сөйлем 
Сызба 2. Синтаксистің зерттеу нысаны 


2. Тіл деңгейінің қай саласын алсақ та, олардың өзіне тән негізгі 
ұғымдары болатыны секілді синтаксис саласының да өзіне тән негізгі 
ұғымдары бар. Олар: синтаксистік форма, синтаксистік мағына, 
синтаксистік қатынас, синтаксистік категория. Синтаксистік бірліктерді 
қалыптастыратын амалдардың көрінісі синтаксистік форма деп аталады. 
Синтаксис саласын зерттеуші ғалымдар Н.Ю.Шведова, Р.Әмір және т.б. 
түбір қалпында тұрған сөздің бойында да синтаксис форма болады деп 
санайды және олар мұндай тұжырым жасауда сөздің грамматикалық сипатын 
негізге алады. Сөз лексикалық бірлік қана емес, грамматикалық та бірлік 
болып табылады. Сол себепті сөздің грамматикалық сипатының бір қыры 
олардың қандай синтаксистік қызметке бейім келуінен де байқалады. Яғни 
морфологиялық формалардың қызметі синтаксис арқылы көрінеді.
Сөйлемнің, сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің өзара байланысы-
нан, синтаксистік формалардан туындайтын мағына – синтаксистік мағына.
Р.С.Әмір синтаксистік мағына туралы былай деп жазады: «Синтаксистік 
мағына – грамматикалық абстракция сапасындағы мағына. Ол сөз бен 
сөздің, синтаксистік единицалардың арасындағы абстрактылы, жалпылық 
сипаттағы қатынасты білдіреді» [4]. Мысалы: университетке кетті – 
бағытты білдірсе; оқуға кетті – мақсатты көрсетіп тұр. Сонымен қатар
кетті – әрі өткен шақ мезгілін, әрі 3-інші жақта тұрып, жақтық қатынасты 
көрсетеді. Бұл тұстан шығатын тұжырым, синтаксистік форма арқылы 
берілетін грамматикалық мағына оның құрамындағы сөздің лексикалық 
мағынасына тәуелді болмайды.
Синтаксистің негізгі іргелі ұғымдарының біріне синтаксистік қатынас 
та жатады. Синтаксистік қатынастар синтаксистік құрылым (сөйлем, сөз 
тіркестері) сыңарларының арасында болатын, олардың категориялды-
семантикалық және грамматикалық қасиеттеріне негізделген қатынастар. 
Синтаксистік қатынастың түрлері: предикаттық (бастауыш-баяндауыштық), 
атрибутивтік (анықтауыштық), объектілік (толықтауыштық), адвербиалдық 
(пысықтауыштық) қатынас.
Синтаксистік категория да синтаксистегі негізгі ұғымдардың 
қатарына жатады. Әрбір ғылым белгілі бір тәсілмен ұйымдасқан ортақ 
қасиетке ие ұғымдар жиынтығы категорияларға негізделеді. Грек тілінен 
енген категория термині екі ұғымда қолданылады: бірі – болмыстағы зат 
пен құбылыстардың маңызды әрі жалпы қасиеттері мен белгілері, сондай-ақ, 
олардың арасындағы қатынастарды бейнелейтін философиялық ұғым; 
екіншісі – осымен байланысты туындайтын ортақ қасиет мен белгілер 
негізінде бірігетін зат пен құбылыстар тобы, жиынтығы ретінде ұғынылуы. 


Категория үш аспектіде қаралады: онтологиялық аспект; гносеологиялық 
аспект; лингвистикалық аспект. Онтологиялық аспект – объективті 
шындықтың мәні; гносеологиялық аспект – әлем бейнесінің адам санасында 
бейнеленуі; лингвистикалық аспект – олардың тілдік көрінісі.
Синтаксистік категория термині В.В.Виноградов, Н.Ю.Шведова 
еңбектерінде предикативтілік ұғымын түсіндіру барысында модальділік, 
синтаксистік жақ және синтаксистік шақ категорияларына қатысты 
қолданылған
Сонымен, категорияны тар түсінікте бірыңғай тілдік бірліктердің 
жиынтығы деп қарайтын болсақ, синтаксистік парадигмада сөз тіркесі 
категорясы, сөйлем категориясы, сөйлем мүшелері категориясы деген 
категория түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет