баяндауыштық қатынасқа» негізделіп құрылатындығы белгілі. Алайда
сөйлем мүшелеріне сараланбайтын немесе мүшеленбейтін синтаксистік
құбылыстар – атаулы сөйлемдер мен вокатив сөйлемдер де бар екені белгілі.
Мұндай сөйлемдердің табиғатын түсіндіру оларды семантикалық,
коммуникативтік аспектіден қарастырғанда ғана толықтай түсінікті болады.
Сондықтан синтаксистік құбылыстарды зерттеуде бір жақты құрылымдық
немесе басқа аспектілерді жеке-дара емес, өзара байланыста кешенді түрде
қарастыру маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: