Лекция (2 сағат) Cинтаксис: зерттеу нысаны, негізгі ұғымдары



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата26.04.2023
өлшемі321,29 Kb.
#87350
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 лекция (мәтіні)

Синтаксистік зерттеулер 
Кезеңдер Қамтитын 
уақыт аралығы 
Сипаты
Өкілдері 
1 – кезең 
1860-1912 
жылдар
Ұлттық тіл білімі 
қалыптасқанға 
дейінгі кезең
Н.Ильминский, 
М.Терентьев,
П.Мелиоранский 
еңбектері; 
2 – кезең 
1912-1930 
жылдар
Ұлттық 
тіл 
білімінің 
қалыптаса 
бастаған кезең 
Алаш 
зиялыларының 
еңбектері 
3 – кезең 
1930 – 1988 
жылдар 
Құрылымдық 
бағыттағы 
зерттеулер 
Қ.Жұбанов, 
А.Аманжолов, 
С.Жиенбаев, М.Балақаев, 
Р.Әмір, 
Т.Сайрамбаев, 
А.Аблақов, 
С.Исаев, 
М.Серғалиев, 
О.Төлегенов және т.б.
4 - кезең 
1990 
жылдан 
кейін
Зерттеулердің 
антропоцентристік 
бағытқа ойысуы 
С.Аташев, 
Ж.Жакупов, 
З.Ерназарова және т.б.
Ескерту: 1) ф.ғ.д. О.Жұбаеваның қазақ тіл білімінің тарихын жүйелеуге 
ұсынылған кестесі негізге алынды (Қараңыз: Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму 


жолдары. – А: Дайк-Пресс, 2011 ж.; 2) құрмалас сөйлем синтаксисі мұнда есепке 
алынған жоқ.  
Кестеде көрсетілгендей 1-кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 
бастап, ХХ ғасырдың оныншы жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл 
кезеңде жарық көрген еңбектерде синтаксис мәселелер белгілі бір деңгейде 
синтаксистік бірліктердің сипаттамалы түрде берілуімен шектелді. Мысалы: 
1894, 1897 жылдары жарық көрген П.М.Мелиоранскийдің «Краткая 
грамматика казак-киргизского языка» еңбегіндегі сөйлем мүшелері, жай 
сөйлем мен олардың түрлері, құрмалас сөйлем туралы алғашқы пікір
тұжырымдарды айтуға болады.
2- кезең ХХ ғасырдың оныншы жылдары мен отызыншы жыл арасын 
қамтиды және бұл ұлттық тіл білімінің қалыптаса бастаған кезең болып 
саналады. Осы кезеңде А.Байтұрсынұлының үш кітаптан тұратын «Тіл 
құралы» еңбегінің үшінші кітабы қазақ тілінің сөйлем жүйесі мен түрлеріне 
арналған. 1925 жылы Қызылорда қаласынан түзетіліп, толықтырылып қайта 
үшінші рет басылып шығарылған нұсқасында «Сөйлем жүйесі» деп аталатын 
тақырып үлкен екі бөлімге бөлінген: сөйлем мүшелері және сөйлем түрлері.
Сөйлем мүшелерін іштей саралай отырып, олардың әрқайсының жасалу 
жолдарына тоқталады. Сөйлем мүшелерін құрылымдық жағынан (жай, 
күрделі) саралайды және олардың жасалуы мен ерекшеліктеріне тоқталады 
[2, 162; 171]. Ғалым күрделі бастауыш, күрделі баяндауыш деген 
терминдердегі күрделі сөзін сонымен қатар қосарлы деп те алады.
Ал сөйлем түрлеріне қатысты тұжырымдарын талдай отырып,
А.Байтұрсынұлының сөйлемдерді құрылымдық және мағыналық жағынан 
ажыратып қарайтындығына көз жеткіземіз. Ғалымның сөйлемдерді толымды 
сөйлем және толымсыз сөйлем, болымды сөйлем және болымсыз сөйлем
жалаң сөйлем және жайылма сөйлем  деп ажыратуы сөйлемнің құрылымдық 
сипатына қатысты болса, айтылуына қарай көрсеткен төрт түрі – хабарлы 
сөйлем, лепті сөйлем, тілекті сөйлем, жай сөйлем олардың семантикалық 
ерекшелігін негізге алған. Мұндағы тілекті сөйлем деп отырғаны қазіргі 
қазақ тілінде бұйрықты сөйлем деп аталып жүр және оның іштей тілек, 
өтініш, үгіт, бұйрық мәнде айтылатын түрлері сараланып беріледі. Ал жай 
сөйлем деп отырғаны қазіргі терминмен айтқанда хабарлы сөйлемдер болып 
табылады.
Қ.Жұбановтың 1936 жылы орта мектепке арнап жазған қазақ тілі 
грамматикасының бағдарламасында синтаксиске орын берілген. Қазақ тілі 
грамматикасының екінші бөлімі синтаксиске арналған. Онда сөйлем және 
оның айтылу сазына қарай түрлері, сөйлем мүшелері, сөз қисыны, жетек сөз 
бен жетекші сөз, сөйлем мүшелерінің орны деген тақырыпшалар аясында 
түсіндірілген. Бұл тұстағы жетек сөз бен жетекші сөз деп аталғандар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет