Басқа да белгілері бойынша жоспарды саралау. Жоспар түрлері, сондай-ақ келесідей белгілерге байланысты жіктелуі мүмкін: 1) шаруашылық қызметтің мазмүны - зерттеулер (ҒЗЖ және ҰКЖ), өндіріс, маркетинг, өткізу, персонал, шикізатты және материалдарды сатып алу, инвестиция, қаржы жоспарлары; 2) басқару деңгейі және кәсіпорынның ұйымдастырушылық кұрылымы - корпоративті, кәсіпорындық жоспарлау, филиалдардың жоспары, цехтық жоспарлау жүйесі, жоспарлаудың өндірістік жүйесі (бөлімше, бригада, жұмыс орны және т.б.); 3) пайдалану саласы бойынша - цехаралық, цехішілік, бригадалық, жеке; 4) жоспарлау нысаны - мақсатты жоспарлау (стратегиялық және тактикалық мақсаттарды анықтау), бағдарламалық жоспарлау (нақты бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру, мысалы, маркетинг, өзіндік құнды төмендету, өндірістік бағдарламалар, өткізу) және қорларды жоспарлау (мақсатқа жету үшін қажетті қүралдарын анықтау, персоналды жоспарлау, өндірістің техникалық қайта жабдықталуы); 5) жоспарлау тереңдігі - шектелген жоспарлау (берілген көрсеткіштермен шектелген, мысалы, бөлімшелер сомасы бойынша цехты, цехтар сомасы бойынша зауытты жоспарлау) және бөлшектерді жоспарлау (терең есептеу және үдеріс пен жоспарланған нысанды суреттеу); 6) қамту деңгейі бойынша (барлық кезеңдер мен көрсеткіштер) жалпы және бөлшекті (белгілі бір кезеңдер, көрсеткіштер және облыстар) жоспарлау; 7) жасау кезеңдері бойынша - (жоспар жобалары жасалады) алдын ала және соңғы (бекітілгеннен кейін жоспарлар заңды күшіне ие болады) жоспарлау; 8) уақыт бойынша жоспарлардың үйлесімдігі - тізбекті (әр түрлі жоспарларды жоспарлаудың келісілген тізбекті жүзеге асырылатын үдерісі) жоспарлау және бір уақтылы (барлық жоспарлардың көрсеткіштері жоспарлау кезеңінде анықталады) жоспарлау; 9) мәліметтердің өзгерісін есепке алу бойынша - катаң және икемді жоспарлау.