Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет28/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
Лекция курылыс материалдары-3

3. Гипсті тұтқыр заттар
Гипсті тұтқыр заттарды көп жағдайда гипс деп аталатын жәнө негізінен гипс минералынан тұратын шөгінді тау жынысынан алады. Сирек жағдайда гипсті тұтқырларды өзге жыныстан - ангидрит кристалдарынан түзілген ангидриттен жасайды.
Төменгі температурада күйдірілген гипсті тұткыр заттар. Гипсті тұтқыр заттардың бұл тобы ішінен құрылыс гипсі мен өте берік (техникалық) гипсті сипаттаймыз.
Құрылыс гипсін алу үшін табиғи гипстік жынысты (гипстік тас) пеште немесе қайнату қазандарында 110-І80°С температурада жылулық өңдеуден өткізіп, уатады. Көп жағдайда гипстік тасты алдымен ұнтақтап, сонан соң қазанда қыздырады, кейде уату мен күйдіруді бір аппаратта жүргізеді. Қыздыру мен күйдіру кезінде кальций қос сулы сульфаты жарты сулы сульфатқа айналады: . Құрылыс гипсі негізінен жартылы гидрат модификациясы кристалдарынан тұрады, бірақ құрамында, сондай-ақ, ангидриттің шамалы мөлшерімен ыдырамаған қоссулы гипс болады. Бұл қоспалар материалдың қасиеттерін нашарлатады.
Егер қоссулы гипстің термикалық өңдеуін тығыз жабылған аппаратта бу қысымымен немесе су ерітіндісінде бірқатар тұздар қайнатуымен жүргізілетін болса, мұнан кейінгі кептіру мен майлау кезінде алынатын өнім негізінен -модификациялы тұратын болады. Мұндай материалды өте берік гипс деп атайды, өйткені қатқыл күйінде ол құрылыс гипсінен жоғары беріктігімен ерекшеленеді.
Құрылыс және өте берік гипстің қатуы кезінде жүретін негізгі реакция судың қосылуы мен кальций қоссулы сульфатының түзілуіне жатады:

Құрылыс және беріктігі өте жоғары гипс тез қататын тұтқыр зат болып табылады. Жұмыс барысында көп жағдайда олардың қату уақытын баяулату қажет болады. Ол үшін араласатын суға мал желімін, көп жағдайда сульфидті ашытқылы ашыманы қосады. Бұл беттік белсенді зат, гипс түйіршіктерінде сорыла отырып, оларда жарты гидраттың тез еруіне жол бермейтін өте жұқа молекулярлық қорғаныс қабатын жасайды, сондықтан да гипс қамырының жабысу мерзімі баяулайды.
Құрылыс гипсінің дайындалғанынан кейінгі қысуға беріктігі, гипс маркасына қарай,45-тен төмен емес, немесе 35 кг/см болуы керек. Құрылыс гипсінен жасалған үлгілер құрғақ күйде қысуға сыналғанда 10-18 МПа-ға (100-180 кгс/см2) дейін беріктік көрсетеді.
Құрылыс гипсінен құрғақ жағдайда қызмет етуге арналған гипсті және гипс бетонды бұйымдар жасауға, бөлме ішін сылауға пайдаланады. Құрылыс гипсін гипсцементті пуццоланды тұтқыр заттар жасау үшін пайдалану да аса маңызды сала болып табылады (4,8 қараңыз). Техникалық гипс (өте берік) фарфор-фаянс өнеркәсібінде үлгілер мен қалыптар құюға және гипсті, гипс бетонды бұйымдар жасауға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет