Лекция 2 Құрылыс материалдардың негізгі қасиеттері. Құрылыс материалдардың қасиеттерін мынадай топтарға бөлінеді: физикалық, механикалық химиялық.
Физикалық қасиеттеріне – материалдың нағыз тығыздығы, орташа тығыздығы кеуектігі, су жұту қасиеті, суға төзімділігі, су өткізу, ылғалдылық, аязға төзімділік, жылу өткізу қасиеті.
Механикалық қасиеттеріне – беріктік, қаттылық, иілгіштік, серпімділік, мортсынғышьық.
Химиялық қасиеттеріне – газға төзімділік, сілтілікке төзімділік, коррозияға төзімділік.
Құрылыс материалдың қасиет – олардың құрамына, құрлысына байланысты.
Құрылыс материалдың құрылысын үш деңгейге бөлуге болады:
Ең жоғарғы құрылысы (макроструктура) – жай көзбен көруге болатын материалдар.
Мөлтек құрылысы (микроструктура) – микроскоп арқылы ғана көруге болады.
Материалдың ішкі құрылысы (молекулалық) – иондық деңгейде зерттелетін құрылыс, оны электрондық микроскоп арқылы көруге болады.
Материалдың ең жоғарғы құрылысын мынандай топтарға бөлуге болады: ірі және майда кеуікті, талшықты, қабатты (слюда), ұнтақталған - әк, топырақ, цемент, гипс борпылдақ.
Материалдың қасиеттері құрамына байланысты. Құрылыс материалдары құрамына байланысты 3 топқа бөлінеді: химиялық, минералдық және фазалық.
Химиялық – материалдың құрамында тотықтардың мөлшерін көрсетеді. Мысалға құмда SiO2 – 90%; CaO – 5%; Fe2O3 – 2% және органикалық заттар – 3%.
Минералдық – материалдың құрамында минерологияны көрсетеді. Мысалы: портлант цемент 4 минерал бар:
3 CaO ∙ SiO2 – 50 % алит
2 CaO ∙ SiO2 – 25 % белит
3 CaO ∙ Al2O3 – 5 % цилит
4 CaO ∙ Al2O3 ∙ Fe2O3 - 20 %
Фазалық – материалдың күйін көрсетеді. Олар қаты, сұйық және газ. Мысалға: кирпич 20% - ауа; 80% - тығыз зат, енді осы кирпичті суға салсақ, онда құрамында 20% - су, 80% - тығыз зат болады.