Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет25/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Байланысты:
Лекция курылыс материалдары-3

Өндіріс технологиясы. Құймалы тасты бұйымдар өндірісі келесі кезеңнен тұрады: шикізаттарды дайындау, оларды балқыту, бұйымдарды қалыптау, кристалдау мен пісіру. Шихтаны дайындауға шикізатты ұсақтау мен ұнтақтау және олардан біртекті масса алу үшін шикізатты ұқыпты араластыру. Көп тарағандардың ішінде вагранка, кейде мартенді, шахталы ванна және электродоғалы пештерде қолданады.
Массаның балқуы 1400-15000С температурада өтеді. Мұндай температура шихтаның құрамына енетін заттардың химиялық әрекеттесуіне қажетті де, өңдеуден кейін кальций, магний, темірдің силикаттары мен алюмосиликаттар түзіледі. Көрсетілген температурада балқыманың тұтқырлығы аз, сондықтан оның ішіндегі газдардың бөлініп ұшуына қолайлы жағдай жасалады. Балқыманың температурасы 13000С-дан төмендегенде оны қалыпқа құяды. Құйманың салқындау кезінде, массада бастапқы кристалдану басталады. Белгіленген жүйені алу үшін тас балқымасының кристалдану уақытын немесе бұйымның бар көлеміндегі массаның кристалдануына кететін уақыт аралығын анықтау керек.
Кристалдану орталықтарының санын көбейту арқылы кристалдану процесін жылдамдатуға болады. Ол үшін балқымаға минералдайтын заттар қосады. Кристалдау процесінен кейін бұйымдарда жайлап салқындату-пісіру операциясы келеді. Әр түрлі құймалы бұйымдар түрін дайындау үшін шлактарды пайдалану өте тиімді. Балқыған шлак тікелей металлургиялық пештерден қыздырылатын сыйымдылыққа түседі де, өндірістік процесстер жеңілденеді. Қыздырылатын сыйымдылыққа шлакты құйманың қасиеттерін жақсартатын арнаулы қоспалар енуі мүмкін.
Бұйымдар центрифугтеу немесе касетті қалыптарға құю арқылы, арнаулы станоктарда жаншып ысу, штамптау және басқа да әдістермен дайындалады. Балқыма құйылған қалыптар, тасты құйылма бұйымдар сияқты кристалдану мен пісіру кезеңінен өтеді.
Тасты және шлакты материалдардың қасиеттері. Өздерінің беріктілігі мен техникалық қасиеттері жөнінен, балқыма шлак пен тау жыныстарынан алынған тығыз бұйымдар, табиғи тасты материалдардан асып түседі.
Балқытылған бұйымдар өздерінің тығыздығымен ерекшеленеді, олардың көлемдік массасы 2900-3000 кг/м3. Ал қуыстылығы (1-2%) мен қуыстылықтың тұйық болуының салдарынан балқытылған бұйымдар тіпті су жұтпайды. Балқытылған бұйымдар аязға төзімді, коррозияға берік жақсы қарсыласады, оның ішінде қою байытылған күкірт пен тұз қышқылының әсеріне де. Ұзақ тұруы оның үлкен беріктігіне сай келеді. Қысқандағы беріктігі 200-240 МПа, иілгендегісі 40-50 МПа, ал созылғандағы – 20-30 МПа. Құймалы тастың қажалуы, бар болғаны 0,7 г/см2; ол дегеніміз гранит, базальт, диабазбен салыстырғанда 3,5 есе аз деген сөз. Құймалы тасты бұйымдарға электр өткізбейтін қасиет тән және отқа жоғарғы төзімділігімен ерекшеленеді. Оларды өзектеуге (арматуралау) және пісіруге, дәнекерлеуге болады.
Тасты және шлакты құймалы бұйымдардың пайдалануы. Құймалы бұйымдарды қатаң ауа райының әсеріне тап болатын конструкцияларда (көп рет мұзданып еритін) жылдам қажалатын, агрессивті химиялық заттардың әсерімен жұмыс істейтін жерлерде. Сонлықтан да құймалы тас заводтарының шығаратын негізгі бұйымдары, қаптамалы плиталар, оның ішінде химия өнеркәсібі мекемелері, машиналар үшін жауапты бөлшектер, жолға төсейтін кеспе тастар, диірмендер үшін ұнтақтағыш тастар, құбырлар. Диаметрі 200-ден 1200 мм-ге дейін, ал ұзындығы 2м-ге дейінгі, қалыпқа құю немесе ортадан тебу әдісімен алынатын құймалы тасты құбырлар. Соңғысы ерекше қиын жағдайда пайдаланатын металл құбырларын алмастыру үшін пайдаланады. Тасты құймалардың электр өткізбеуі, электрдоғарылайтын заттар өндірісінде қолданылады.
Ашық түсті құймалы бұйымдар, ғимараттар мен құрылыстың жауапты бөлшектерін қаптауға (плиталар, ірге тастың белдемелері, т.б.) жол белгілері сәулетті бөлшектер түрінде және басқа да өндіріс салалары үшін керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет