Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет35/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Портландцементтің түрлері. Бұл сияқты түрлері портландцементтен басқа цементтерде де, мәселен шлакты портландцементте, пуццоланды порт ландцементте болуы мүмкін екендігін ескерте кеткен жөн.
Сульфатқа төзімді портландцемент. Оны қалыпты минералогиялық құрамдағы клинкерден жасайды: клинкерде 5%-тен аспайтын үшкальцийлі алюминатпен 50%-тен аспайтын үшкальцийлі силикат болуы керек. Аталмыш минералдардың осындай төмендетілген мөлшері жағдайында портландцементтің сульфатқа жеткілікті төзімділігіне қол жетеді. Оны төмендегіше түсіндіруге болады.


Лекция 9


Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары.


І. Жалпы мәліметтер
Органикалық емес тұтқыр заттардан жасалған бетон тұткыр заттан, судан, толтырғыштардан және арнайы қоспалардан тұратын дүрыс іріктелген бетон лайын қалыптау және қатыру нәтижесінде алынған қолтума тас материал.
Тұтқырлар түріне орай бетондарды былай бөледі: I) цементті (барынша кең тараған); 2) силикатты (әкті-кремнеземді тұтқырлар); 3) гипсті тұтқырлы; 4) аралас тұтқырлы (цементті-әкті, әкті-шлакты және т.б.); 5) ерекше талаптар қойылғанда (ыстыққа төзімділік, химиялық төзімділік және т.б.) қолданылатын арнайы тұтқырлы (органикалық емес және органикалық).
Толтырғыштар түріне қарай бетондарды былай бөледі: I) тығыз тол-тырғышты; 2) бос қуысты толтырғышты; 3) арнайы талаптарға (сәуледен қорғау, ыстыққа, химияға төзімді, т.б.) жауап беретін арнайы толтырғышты.
Бетон қоспасының құрауын бетон белгілі бір уақытқа дейін қажетті қасиетке (беріктік, аязға төзімділік, су өткізбеушілік, т.б.) ие болатындай етіп алады. Дұрыс іріктелген бетон қоспасында цемент шығыны 8-15%, ал толтырғыштар 80-85% құрайды (масса бойыша), сондықтан толтырғыш ретінде жергілікті тас материалдарын пайдаланады: құм, қиыршық тас, шағал тас, сондай-ақ салыстырмалы алғанда өндірістің соңғы дәрежедегі кемістігімен бейнеленетін өндірістің қалдық өнімдері (мәселен, уатылған және түйірленген металлургия шлактары).
Бетон мен темірбетонның техника-экономикалық артықшылықтары мы-нылар: жергілікті материалдарды пайдалануға орай конструкцияларда шы-ғынның төмен болуы, бетонды түрлі мақсаттағы құрастырмалы және тұтас конструкцияларда қолдану мүмкіндігі, бетонды жасау мен құрастырмалы конструкцияларын шығарудың механикаландырылуы және автоматтандырылуы. Бетон қоспасы, құрылыс механикасы мен архитектурасы тұрғысынан ең жақсы ұтымды түрдегі бұйымдарды қалыптауға мүмкіндік береді. Бетон ұзаққа шыдайды және өтқа төзімді, оның орташа тығыздығы, беріктігін басқа да қасиеттерін кең аралықта өзгерте отырып, қажетті қасиеттегі материалдар алуға болады. Өзге кез-келген тас материал сияқты, бетонның да кемшілігі, созғандағы беріктігінің төмөндігі, ол қысқандағы беріктігінен 10-17 есе төмен. Бұл кемшілік темірбетонда жойылған. Температуралық ұлғаю коэффициенттерінің жақындығы мен берік байланысты темірбетондағы бетон мен болат арматураның біртұтас дене ретіндегі бірлескен жұмысын қамтамасыз етеді. Осы артықшылығының арқасында түрлі бетондар, олардың темірбетон конструкциялары индустриялық құрылыс негізі болып табылады.
Аумақтық салмағына байланысты бетондарды келесі топтарға бөледі:
1. Айрықша ауыр - айрықша ауыр толтырғыштардан (магнетит, барит, шойын скрап, шойын түйіршік, болат кесінділері, т.б.) жасалатын, аумақтық салмағы 2500 кг/м3-тан жоғары), бұл бетондарды арнайы қорғаныс конструкцияларына пайдаланады.
2. Ауыр - ауыр тау жыныстары: құм, қиыршық, шағал тасты, аумақтық салмағы 2000-2500 кг/м3, барлық көтергіш конструкцияларында қол-данылады.
3. Жеңіл - аумақтық салмағы 500-1800 кг/м3, оған енетіндер:
а) бос қуысты табиғи және қолтума толтырғыштардағы жеңіл бетондар;
ә) тұтқыр су, майда дисперсті кремнеземділеу компонент, тығыздығын өз- гертетін куыстаушы қоспаларынан жасалған ұялы бетондар (газды бетон және көбікті бетон);
б)тығыз немесе бос қуыстысы ірі толтырғыштан жасалған майда толтырғышсыз ірі бос қуысты бетондар (құмсыз), жеңіл бетондар ауырларына қарағанда жылуды аз өткізеді, сондықтан да оларды негізінен қоршау конструкцияларында (аумақтық салмағы 1600 кг/м3-қа дейін болғанда) пайдаланады, ал орталық конструкцияларда анағұрлым берік конструкциялық женіл бетондарды пайдаланады;
в) аса жеңіл (ұялы және бос қуысты толтырғышты) - жылу оқшаулағыш бұйымдарда пайдаланылатын, аумақтық салмағы 500 кг/м3-тан төмен.
Сондықтан да әр түрлі бетондардың аумақтық салмағы кең көлемде 250-500-ден 2500-3000 кг/м3-қа дейін және одан да жоғары өзгереді. Сондықтан да бетондардың бос қуыстылығы ұялы жылу оқшаулағыш бетондарда өте үлкен (70-85%), ал тығыз гидротехникалық бетондарда шағын (8-10%) болуы мүмкін.
Гидротехникалык бетон (бөгендер, тоспалар үшін, канал, қалдық су қоймаларын қаптауға арналған) жоғары тығыздыққа, су өткізбеушілікке, аязға төзімділікке белгілі бір беріктікке, минералданған су әсеріне төзімділікке және шағын отыруға ие. Автомобиль жолдары мен аэродром-ның цемент-бетонды төселімі аязга төзімді ғана емес, сондай-ақ жейілу мен тозуға да жақсы қарсыласады.
Биологиялық қорғанысқа қызмет ететін бетон аумақтық салмағының үлкендігімен (оның ұлғаюы иондалушы сәуледен қорғау қасиетін арттырады) ерекшеленеді. Керісінше, үйлердің сыртқы қабырғасына арналған бетондар бос қуысты, жеңіл әрі жылу өткізгіштігі төмен етіп жасалады.
Ішкі темірбетон конструкцияларына (тіреу, арқалық, жайылғы.т.б.) пайдаланылатын бетонның белгіленген жобаға сай беріктігі болады. Ау-мақты конструкция бетоны әркелкі қызу мен жарылуға жол бермеу үшін қату кезінде барынша аз жылу бөлуі тиіс.
Арнайы конструкция үшін жалынға төзімді, сондай-ақ түрлі газдар мен сұйықтарды өткізбейтін, химиялық төзімділігі жоғары бетондар қол-данылады.
Көріп отырғанымыздай, бетон құрылыстың барлық саласында пайдала-нылатын басты құрылыс материалы болып табылады.
Алдымен белгілі қасиеттегі бетонның құрамы мен құрылысын айқын-дайтын жалпы заңдылықтарды түсіну керек, онан соң, бетонның әр түрлерін қарастыруға көшерміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет