Портландцементті клинкердің аса маңызды құрамдас бөліктері және олардың цемент қасиеттеріне әсері. Цементті клинкер, шикізаттық қоспаны күйдіру нәтижесінде, бірнеше табиғи минералдар жүйесі түрінде болады. Белгілі бір табиғи минералдардан тұратын гранитпен салыстыру полими-нералдық жүйе ретінде клинкер туралы жалпы түсінік бере алады. Бірақ гранитке қарағанда клинкердің жекелеген бөліктерін қарапайым көзбен ажырату мүмкін емес, өйткені клинкер өте майда түйіршікті кристалдық, сондай-ақ аморфтық фазалардан тұрады.
4.1-кестеде портландцементті клинкердің жуықтатылған минералогиялық құрамы берілген.
4.1 – кесте
Минералдың аты
Формуласы
Қысқаша белгілері
Клинкердегі шамалы мөлшері, %
Үшкальцийлі силикат (алит)
40-65
Екікальцийлі силикат (белит)
15-40
Үшкальцийлі алюминат
5-15
Төрткальцийлі алюмоферрит
10-20
Алит, белит деген атаулар ежелгі гректің «литос» тас деген сөзінен және латын алфавитінің бастапқы әріптерінен шыққан.
Айта кету керек, алиттің құрамы таблицада келтірілген формулаға қарағанда анағұрлым күрделі, бірақ жеңілдету үшін алит пен үшкальцийлі силикат арасындағы бұл айырмашылық бұл кітапта ескерілмейді.
Кестеде көрсетілген материалдар портландцементті клинкерде осы маңызды болып табылады. Олардың сандық мөлшері цементтің қасиетіне елеулі түрде әсер етеді. Алайда, клинкерді құрамында бұдан басқа аздаған көлемдегі алюминаттар мен кальций алюмофериттері, соның ішінде болады. Клинкерде кристалдың фазасымен қатар кристалданбаған шыны түріндегі (1-3%) аморфты заттар да болады.
Клинкерде шағын мөлшерде (5%-тен аспайды) магнии тотығы да болады. Бұл қажетсіз, бірақ қашанда құтылуға болмайтын қоспа, өйткені шикізаттық
қоспа жасау кезінде қолданылатын әк шөгіндісінің құрамында
кальций карбонатымен бірге аз мелшерде көмірқышқылды магнии де болады. Бұған дейін айтылғандай клинкерде еркін кальций тотығы болмауы
тиіс, бірақ кейде ол кездесіп қалады, бұл клинкердің толық күйдірілмегенін көрсетеді.
Клинкерде сондай-ақ, сілті тотығымен және түзілген біраз құрамалар (1-2%-ке дейін) да болуы мүмкін. Бұл тотықтар клинкерге шикізаттық материалдар мен қатты отын күлінен өтеді.