2. Ағаштың құрамы мен құрылымы. Өсіп тұрған ағаш тамыр жүйелерінен, бағанадан және қабыршық, бұтақтардан тұрады. Бағананың өнеркәсіптік маңызы бар, себебі одан 60-тан 90%-ке дейін ағаш алынады. Ағаштың көзбен немесе дүрбі арқылы көрінетін құрылысынан макрожүйелі, ал микроскоп арқылы көрінетінін – микрожүйесі деп атайды. Кәдімгі жағдайда бағананың үш кесіндісін оқиды: көлденең, радиалды, бағананың осі арқылы өтетін және тангенталды, бағанаға хорда бағытынан кесілген көрінісі (ХІІІ.1,а-сурет).
Ағаштың макроструктурасы. Ағаш бағанасының кесінділерін қарусыз көзбен немесе лупамен қараған уақытта келесі негізгі оның бөлшектерін аңғаруға болады: қабығы, камбийі, ағашты және өзекті (ХІІІ,б-сурет). Өзекше жұқа қабырғалы, бір-бірімен нашар байланысқан клеткалардан тұрады. Өзекше бірінші жылы өсіп келе жатқан ағаш талшықтарымен бірге орталық құбырды құрайды. Ағаш бағанасының бұл бөлігі жеңіл, шірінді және беріктігі аз.
Ағаш қабығы жұқа қабырға мен сыртқы қабаттан, тығын талшықтарынан және лубтан тұрады. Сыртқы қабық пен қабықша ағашты ортаның зиянды әсерінен және механикалық жараланудан сақтайды. Луб деген қабат сыртқы керекті заттарды бағана мен тамырларына өткізеді. Өсіп тұрған ағаштың луб қабықшасының астында жұқа сақина қабатты тірі клеткалы камбии қабықшасы бар. Жыл сайын ағаштың өсіп дамуы кезеңінде, ағаш қабығы жағынан луб клеткаларын, ал бағана ішіне көп мөлшерде ағаш клеткаларын жинайды. Камбиилі қабаттың клеткаларды бөлуі көктемде басталып күзде аяқталады. Сондықтан ағаш бағанасы (лубтан өзекшеге дейінгі бағана бөлігі) көлденең кесіндісінде біраз шоғырланған, жылдық деп аталатын, өзекшенің төңірегіне орналасқан дөңгелек тәріздес сақиналардан тұрады. Әрбір жылдық дөңгелектер екі қабаттан тұрады: ертеңгі (көктемгі) көктемде немесе жаздың басында пайда болған ағаш, сондай-ақ кешкі (жазғы) – жаздың кешкі айларының соңында пайда болған ағаш.
Ертеңгі ағаштар ашық түсті ірі және жұқа қабырғалы клеткалардан тұрады: кешкі ағаштар қара қошқыл түсті, қуыстылығы аз, беріктігі жоғары, себебі олар қалың қабырғалы майда тілімді клеткалардан тұрады. Ағаш өсу процесінде, бағананың ішкі бөлігі ағаш клеткаларының өзекшеге жақындау жатқан қабырғалары, өздерінің құрамдарын өзгертеді, ағаштарды және қылқан жапырақты тектес түрлері шайырмен, ал жапырақ тектес түрлері малмалы заттармен қанығады. Ағаштың осы бөлігінде ылғалдың жылжуы тоқталады да, ол берік, қаттырақ және шіруге аз қабілетті болады.
Өлі клеткалардан тұратын бөрененің осы бөлігін, ағаштың кейбір түрлерінде ядра дейді, ал кейбір түрлерінде жетілген ағаш деп атайды. Керекті заттарды тамырынан ағаштың үстіңгі жағына жеткізуді қамтамасыз ететін, әлі де болса тірі клеткалары бар, қабығына жақын орналасқан бағананың жас ағашын заболонь деп атайды. Ағаштың бұл бөлігінің ылғалдылығы жоғары, жеңіл шіриді, беріктігі аз, шөгінуі көп, ісініп жарылуға бейімді.
Егер ағаш ядросы өзінің заболонынан қара қошқылдау түрінен ерекшеленсе оларды ядролы деп атайды (емен, балқарағай, самырсын, т.б.). Бағананың орталық бөлігі заболоннан тек аз ылғалдылығымен ғана ерекшеленсе, бұл тектес ағаштарды жетілген деп атайды (шырша, май қарағай, самырсын, көк терек, т.б.).
Ағаш бағанасының орталық пен сыртқы бөлшектерінің айырмашылығы жоқ болса, оларды заболонды тектес деп атайды (қайын, үйеңкі, қаңдыағаш, жөке, т.б.). Ағаштардың барлық тектерінде бозғылт сәуле тәріздес, ылғал мен керекті заттар көлденең бағытта жылжитын және осы заттардың қысқы қорын жасайтын орталық бөлігі болады. Қылқан жапырақты тектес ағаштарда олар өте тар жіңішке, тек микроскоппен ғана көруге болады. Ағаштар орталық сәуле тәріздес бөлігі арқылы жеңіл бөлінеді, кепкен кезде осы жер арқылы жарылады.
Қылқан жапырақты тектес ағаштардың біразында, көбінесе кешкі ағаш қабаттарында шайырмен толтырылған клеткааралық кеңістік – шайырлы жолдар орналасқан.
Жапырақты тектес ағаштарда бағана бойымен орналасқан құбыр тәріздес майда және ірі түтікшелер болады. Өсіп тұрған ағашта осы түтікшелер арқылы ағаштың тамырынан бұтақтарына ылғал жылжиды. Аталған түтікшелердің көлденең ағаш кесіндісінде орналасуына қарай, жапырақ тектестер сақина түтікшелі және шашыранды түтікшелі болып бөлінеді (ХІІІ.2-сурет).
Қылқан жапырақты ағаштарда аталған түтікшелер болмайды, олардың қызметін тұйық созылған, трахейдтер деп аталатын клеткалар орындайды (ХІІІ.3-сурет).
Ағаштың микроқұрылымы. Ағаштың құрылысын микроскоппен зерттеу – оқу кезінде, олардың негізгі массасы бағана бойымен созылып жатқан ұршық тәріздес клеткалар құрайтындығына көз жеткізуге болады (ХІІІ.2 және ХІІІ.3-суреттер). Клеткалардың біразы горизонталды бағытта немесе негізгі клеткаларға көлденең бағытта созылып жатады (орталық өзекті клеткаға).
Ағаштың өсуі кезінде түрі мен атқаратын қызметіне қарай клеткалар қор жинайтын, өткізетін, механикалық беріктігі сияқты әртүрлі мақсатқа белгіленген арқаулық топтарға бөлінеді (ХІІІ.1 және ХІІІ.4-суреттер).
Тірі клеткада сырт қабыршық, протоплазма клеткалы шырын, ядро болады. Кесілген ағаштар әлі клеткалардан немесе клетка қабыршықтарынан тұрады.
Клеткалардың сырт қабыршығы микрофибрил деп аталатын, тығыз орналасқан және әрбір қабаттағы ұзындық бой осіне әртүрлі бұрышпен спираль сияқты бағытталған, өте жұқа талшықтардан тұрады. Кейде микрофибрилдер қарсы келген спираль сияқты нысаланған. Микрофибрилдер – целлюлозаның ұзын қат-қабат талшықты молекулаларынан жоғарғы молекулалы табиғи полимердің (С6Н10О5In In=25000-3100) күрделі құрылысты микромолекуласынан тұрады. Целлюлозаның макромолекуласы – майысқақ және жоғарғы созылмалы, көбінше микрофибрилдің арасына орналасқан. Клетканың қабыршығында басқа органикалық заттар – лигнии мен гемицеллюлозадан, тағыда аз мөлшерде органикалық емес сілтілі металдардың тұзы түріндегі заттар да кездеседі.
ХІІІ.1-кесте