Жылу өткізгіштік. Ағаш жоғарғы қуысты және талшық құрылымды болуына байланысты төменгі жылу өткізгіштігімен сипатталады. Бірақ ағаш құрылымының анизотропты болуына орай, ағаштың талшық бойымен және көлденеңінен жылу өткізгіштігі шамамен екі есе ерекшеленеді (мысалға, қарағай үшін оның талшығы бойымен 0,35 Вт//мК/, ал талшықтың көлденеңінен 0,17 Вт//мК//.
Ағаштың агрессивті орталық әсеріне жылдамдығы. Қышқыл мен сілтінің ұзақ әсерінен ағаш жайлап қирайды. Қышқыл ортада ағаш рН 12 кезінде қирай бастайды. Төменгі сілтілі ерітінділер ағашты бұза алмайды. Ағаш кәдімгі ішімдік сумен салыстырғанда (өзен, көл), теңіз суларында нашар сақталады. Биологиялық агрессивтігі жоғары суларда ағаштың тұрақтылығы төмен.
Талшықтық құрылымы бар анизотропты материалдар сияқты, ағаш беріктігінің, оның талшығының бойымен және көлденеңінен сынағандағы көрсеткіштерінде үлкен айырмашылық бар. Талшыққа көлденеңінен сынағандағы беріктігімен салыстырғанда, талшық бойымен созылғандағы беріктігі 20-30 есе, ал қысқандағы – 5-10 есе көп. Оның беріктігі қиратқыш күштің ағаш талшықтарына қандай бұрышпен әсер істеуіне, тағы да ағаштың түріне, ағаштың беріктігін жанамалы сипаттайтын көлемдік салмағына байланысты. Ағаш бойындағы ақаудың және 0-30% аралығындағы ылғалдылықтың болуы әсер етеді (ХІІІ.8-сурет). Сондықтан ағаштың механикалық қасиеттерін анықтау кезінде оның ылғалдылығын, түсірілген күштің бағытын және бойында ақауы жоқ «таза» стандартты үлгілерді пайдалануды ескере отырып жүргізген жөн.
Ағаштың механикалық қасиеттерін анықтау өзінің талабына сай келетін ГОСТ-пен шектелген. Талшық бойымен қысу кезіндегі беріктігі, табаны 20х30 мм, бойымен ұзындығы 30 мм тік бұрышты призма түріндегі үлгіде анықталады. Беріктігін мына формула бойынша есептейді:
мұнда: - қиратушы күштің ең үлкен мағынасы, Н/кгс/;
а,в – үлгінің көлденең кесіндісінің өлшемдері, (м/см).
Талшыққа көлденең бағытта қысқандағы беріктігі алдағы көрсетілген өлшемге сай келетін үлгілерде анықтайды. Талшыққа көлденең қысқан кезде ағаш талшығының қабырғалары айқын қирамай (бір буда сабан немесе қамыстың үйпалануы сияқты) көлденең үйпаланып қалатындықтан, ағаштың талшық бойымен көлденең қысқандағы беріктігі деп (ГОСТ 16483.11-72), кернеу мен деформация арасында түзу сызықты байланыс байқалатын ең үлкен кернеуге сай келетін шартты беріктік шегін айтады.
Ағашты талшық бойына көлденең бағытта қысқандағы шартты беріктік шегі, оны талшық бойымен қысқандағы беріктігінің шамамен 0,1-0,3 құрайды.