1. Жалпы мәлімет Ешқандай пайдалы ақбары жоқ және әртүрлі өмір процесстеріне кедергі жасайтын, кездейсоқ себептерден туатын дыбысты шу деп атау қабылданған. Олар адамның нервтік жүйелерін қоздырып шаршатады. Сондықтан шудың адам денсаулығына зиянды әсерін азайту әлеуметтік келелі мәселелердің бірі.
Ауа шуы ауалы ортада пайда болып, осы ортада тарайды. Дыбыс толқындары қалқалы конструкцияларға әсер етіп, оларды шайқалмалы қозғалысқа келтіреді де, сонымен көрші бөлмеге жіберіледі, шағылысады және біразы қалқалы конструкциялармен жұтылады, ал біразы өтіп кетеді. Соққының және басқа да әсерлердің негізінде, қалқалы конструкцияда соққылы шулар пайда болып таралады. Құрылыс ережесі мен нормасы шудың мүмкіндік деңгейін нормалайды. Осындай параметрге дыбыс қысымының деңгейі (L) жатады, яғни дыбыс толқынының ауада таралуынан пайда болған артық қысым деңгейі. Дыбыс қысымы 60, 125, 250, 500, 1000, 2000, 3000, 8000 Гц жиіліктегі децибалмен өлшенеді.
Акустикалық материалдарды тағайындалуына, ішкі жүйе құрылымына және дыбыс жұтатын, дыбыс доғарылайтын қасиеттеріне қарай немесе төселмелі және тербеліс сіңіретін болып бөлінеді.
Акустикалық материалдар ұзақ пайдалану процесінде өздерінің қасиеттерін сақтау керек. Салыстырмалы қысу деформациясы жөнінен олар қатты, қатқыл, жартылай және жұмсақ қаңқалы болып келеді. Жартылай қатқыл және әсіресе жұмсақ қаңқалылар дейтін түрлерінде дыбыс толқындарын жұту күшейеді.
Қатты қаңқалы материалдарға әртүрлі жеңіл бетон, сондай-ақ фибролит жатады. Ағаш талшықты, минерал мақталы, шыны талшықты және ішінде асбесті бар материалдар жартылай қатқыл қаңқалыға жатады. Полиуретанды қуысты пласт, поливинилхлорид және ұялы пластмасының басқада түрлері жұмсақ қаңқалыларға жатады. Акустикалық материалдар жанбайтын немесе қиын жанатын болуы керек. Сондай-ақ биологиялық тұрақты, белгіленген пайдалану уақытында бұзылмай, негізгі қасиеттерін сақтай алу керек. Конструктивті шараларды, ұтымды дыбыс жұтатын және дыбыс доғарылайтын материалдарды пайдаланумен, құрылыс жұмыстарының жоғарғы сапалы орындалуымен тиімді үйлестіре отырып, ғимараттар мен құрылыс конструкцияларының жоғарғы акустикалық қасиеттеріне қол жеткізуге болады.