"Спорттық бапты формасын" қолдана білу; - адам ағзасына дене шынықтыру мен спорттың есерін және тұлғаның қалыптасуын зерттеуге байланысты ғылыми-зертгеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізудің қарапайым әдістерін және инновациялық әдістемелерін білу;
- дене жатгығулары немесе спорт түрлерімен шұғылдану барысында ағза күйіне талдау жасаудың педагогикалық, биомеханикалық, биохимиялық, физиологиялық, психологиялық әдістерін меңгеру;
- кәсіптік қызмет барысында пайдаланатын ақпаратты жинаудың, сақтаудың және өңдеудің компьютерлік әдістерін игеру;
- дене шынықтыру қозғалысын басқарудың қазіргі әдістерін пайдалана білу;
- спорттағы дарынды балаларды дайындау мен іріктеу жұмысын жүргізу.
Әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік рөлдердің, географиялық және әлеуметтік жан-жақтылыктың өзгермелі динамизм мен белгісіздік шарты бойынша ауысуына дайын болуына қойылатын талаптар.
Әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік рөлдердің, географиялық және әлеуметтік жан-жақтылыктың өзгермелі динамизм мен белгісіздік шарты бойынша ауысуына дайын болуына қойылатын талаптар келесі талаптар арқылы қамтамасыз етіледі:
- барлық уақыт пен барша халықтардың дене шынықтыру тарихын, көпшілік-сауықтыру, оқу-әдістемелік, шет елдердегі спорттық жұмыстарды ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін білу;
- шет тілінде білімін жалғастыру мен кәсіптік қызметін жүргізуге қабілетті болу;
- кәсіптік қызметті орындау барысында пайда болатын міндеттерді шешуге арналған қажетті таным әдістерін өз деңгейінде меңгеру;
- педагогикалық шығармашылықтың дамытуға, өзіндік білім алуға қажеттілігін қалыптастыруға бағытталған кәсіптік қызмет әдістемесін меңгеру;
- Отандық білім беру жүйесі мен оқу бағдарламаларының халықаралық білім беру кеңістігі мен үйлесімділігін іске асыру;
- білім берудегі инновациялық көзқарастарды дамыту;
- білім бағдарламалары мен ақпараттық технологияларды жетілдіру;
- оқу барысында косымша мамандықтарды меңгеру;
- өзіндік білім алу дәрежесі мен шығармашылықпен білім меңгеру дәрежесін арттыру.
Оқу пәндерінің негізгі циклдары бойынша білімділікке қойылатын талаптар. Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқу пәндерін негізгі циклдары негізінде білімділікке қойылатын талаптар: Жалпы білім пәндерінщ циклі:
- Қазақстан тарихын, философияны, шет тілін, қазақ (орыс) тілдерін ҚР МЖМБС қарастырылған көлемде информатика мен экологияны білу;
- дене шынықтыру мен спорт бакалаврының кәсіптік қызметі үшін қажетті әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының негізін меңгеру;
- жалпы білім деңгейін жетілдіру, әлем, қоғам дамуы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру;
- ауызша қазақ (орыс), шет тілдерін және экологиялық мәдениетті меңгеру;
- дене шынықтыру және спорт мамандығының ғылыми-практикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін әдістемелік және қолданбалы мәселелерді игеру;
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдану барысында игеруге, оқу және өндірістік қызметті тиімді орындауға мүмкіндік беретін мықты денсаулық және жоғары жұмыс қабілетіне ие болу. Базалық пәндер циклі:
- жаратылыстану, педагогикалық ғылымдар саласында мамандықтың қолданбалы пәндерін тиімді меңгеруге ықпал ететін, жалпы білім деңгейін арттыратын іргелі ілімдік және әдістемелік негіздерді жасауды қамтамасыз ету;
- дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі, педагогика ғылымдары бойынша білімдерді меңгеру;
- дене тәрбиесі мен спорттық жаттығуды әдістемелік тұрғыдан тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін жаратылыстану, медициналық-биологиялық және гигиеналық ерекшеліктерді, әдістер мен тәсілдерді білу.
Кәсіптік пәндер циклі:
- таңдаған мамандығы бойынша ілімдік және әдістемелік негіздерді терең зерттеумен, жетілдірумен айқындалады;
- қозғалу біліктілігі, техника-тәсілдік шеберлігі, кәсіптік құзырлығын қалыптастырумен және қосымша таңдаған спорт түрі бойынша жоғары біліктілігімен байланысты;
- оқу бағдарламаларының тізіміне сай оқу орнының оқытушысына, таңдаған спорт түрі немесе мамандығына сәйкес жаттықтырушыға қажетті спорт түрін, дене тәрбиесін оқытудың әдістемесін меңгеруді қамтамасыз ету қажет.
Жеке пәндер бойынша білімділікке қойылатын талаптар.
- философия, қазақстан тарихы, қазақ (орыс) тілдері, шетел тілі, экология, информатика әлем жаратылысының ғылыми, философиялық және діни негіздерін, мәнін, орны мен адам өмірінің мәні туралы көзқарастарға ие болуы;
- әлеуметтік мәдени дамудың заңдылықтарын талдай біліп, қазіргі өркениеттің жолдарын түсіндіруді білуі;
- ұлттық мәдениет дәстүрлері мен әлем халықтары мәдениетін білу;
- адамгершілік қоғамдық тарихи шарттылығы, оның келіп шығуы, дамуы мен қызметін білуі;
Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде негізгі даму бағыттарын, қоғамдық қозғалыстар мен партияларды, экономика, әлеуметтік даму, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс салаларын, ҚР басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын, аталған салалардағы сыртқы саяси қызметін білу;
Қазақстан тарихындағы окиғаларды, құбылыстардың объективті сабеп-салдар байланыстары туралы білімге ие болу;
- тарихи процестің даму заңдылықтарын, пайда болу шарттарын, бұрынғы кеңестік мемлекеттік саяси жүйедегі қызметін, әлемдік социализм жүйесінің жойылу себептерін, КСРО тарауының объективті себептерін және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуын игеру;
- кәсіптік және ғылыми қатынас саласында мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
- өз қызметінде кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, мемлекеттік тілдегі дене шынықтыру мен спорт бойынша термин сөздерді терең үйрену және дамыту;
- ағылшын тілінде оқуды жалғастыруға және кәсіптік қызмет жүргізуге қабілетгі болу;
- экологияны үйрену негізінде адам мен қоршаған орта арасында дұрыс қатынас құра білу;
- компьютерлік сауаттылықты жетілдіру, дене шынықтыру мен спорт практикасында пайдалана білу;
- ұлттық мәдениет дәстүрлері және әлем халықтарының мәдениетін білу;
- спорттық морфологиямен байланысты адам анатомиясы, ДШжС биохимиясы, адам физиологиясы, жас ерекшеліктер физиологиясы, дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері, ДШжС гигиенасы.
- адам ағзасының құрылымы туралы, жыныс, жас және қозғалыс белсенділігінің тәртібіне байланысты дене өлшемі мен құрамы туралы білімдерге ие болу;
- ағза дамуының өсу заңдылықтарын, биологиялық жастық, топтық және жеке көрсеткіштерін, спорттық бағдар мен іріктеу үшін морфологияяық өлшемдерді білу;
- бұлшық ет қызметінің шартына сай ағзалардың бейімделу-құрылымдық өзгерістері мен жүйесі туралы мәліметтерді меңгеру;
- қозғалыстық сапалар мен қозғалысты басқарудың кинематикасын, динамикасын және энергетикасын, сонымен қатар спорттық шеберліктің биомеханикалық сипаттарын білу;
- дене шынықтыру және спортпен шұғылдану барысында биохимиялық бақылау жасаудың негізгі сипаттарын білу;
- дене шынықтыру және спортпен шұғылдану барысында тамақтанудың биохимиялық негіздерімен танысу;
- жүйке, бұлшық ет және сенсорлық жүйелердің, сонымен атар тыныш күйде және дене белсенділігі жағдайда вегативті қамтамасыз ету жүйесінің физиологиялық заңдылықтарын оқып үйрену;
- шұғылданушылардың ағзасына денені шынықтырудың әсері туралы білімдерге ие болу;
- аурулар мен жарақаттардың алдын алу шаралары және патологиялық жағдайларда дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету әдістемесін білу;
- дәрігерлік-педагогикалық бақылаулар жүргізудің әдістерін білу;
- оқушылар жүктемесіне қойылатын гигиеналық негіздер мен талаптарды және таңдаған мамандығы бойынша оқу-жаттығу талаптарын білу;
- мектепке және арнайы спорггық қондырғыларға қойылатын негізгі гигеналық талаптарды білу;
Педагогика, психология, ДШІжӘ, спорттық жаттығу негіздері, ҒЗЖ әдістемесіне негізделген спорттық метрогия, ДШжС басқарудың негіздері педагогикалық ғылымының даму кезеңдерін, ұлы педагогтармен қазіргі жаңашыл педагогтардың педагогикалық ойларын, соның ішінде дене тәрбиесі туралы ойларды білу;
- оқыту мен тәрбиелеу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеру;
- дене шынықтыру мен спорт саласында қолдақылатын оқу процесін ұйымдастырудың дидактикалық категорияларын, принциптерін әдістері мен түрлерін үйрену;
- дидакстика біліміне сүйене отырып, педагогикалық тұрғыдан, нақты оқу жағдайына талдау жасау, бағалау және оны шешудің педагогикалық тиімді және шығармашылық тұрғыдан мүмкін жолдарын табу;
- дене тәрбиесі мен оқу жаттығу, жарыс процестерінде тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, принциптері, әдіс-тәсілдері және түрлері туралы нақты көзқарасы болуы;
- қазақ және басқа халықтардың этнопедагогикасы мен этнопсихогиясын білу;
- психология пәні туралы, оның философиялық және гносеологиялық тамырлары туралы, психологиялық ғылымдар, психика мен сананың эволюциялық дамуы туралы нақты көзқарасқа ие болу;
- психика, психологиялық процестер, тұлғаның қасиеттері, тұлға аралық қатынастар заңдылықтарын, оқу мен тәрбиенің, қызмет пен қанынастың, тұлғаның онтогенездік дамуы заңдылықтарын, спорттық қызметтің психологиялық ерекшеліктерін, спорттық жоғары нәтижеге жетудің қозғаушы күштерін, мақсатын, міндетін, принциптері мен спортшыларды дайындаудың психологиялық мазмұны мен қамтамасыз ете білуді үйрену;
- жалпы, жас және спорттың психологияның әдістері мен дене тәрбиесі және спортта қолданылып жүрген психологиялық әсер ету әдістерін меңгеру;
- тиімді қатынас тәсілдеріне үйрену;
- дене шынықтыру мен спорттық қоғам мәдениетінің бөлігі ретінде пайда болуы мен дамуы, тарихи кезеңдердегі әдістері мен тәсілдеріне ғылыми талдау жасай білу;
- дене шынықтыру мен дене тәрбиесінің қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзіндік бөлігі ретінде құрылымын, қызметін және дамуын әлеуметтік саяси, идеологиялық және қоғамнын рухани саласы ретінде қызметін аша білу;
- дене шынықтыру мен спорттың қоғамдағы, спорттық дәстүр, салтгар мен рәміздердің, нышандардың әсерінің әлуметтік экономикалық қызметін білу;
- дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-әдістік ерекшеліктерін білу;
- олимпиадалық қозғалыс және онын қазіргі бағьптарының экономика, саясат, идеологиялык, кәсіпқой спорт негіздеріндегі көрінісін білу;
ДШжС саласындағы экономикалық қызметті, осы саланы ынталандырудың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білу;
- дене шынықтыру қозғалысын басқару жүйесінің негізгі ұғымдары мен қызметін білу;
- дене шынықтыру құрылымдық саласында ДШжС қызметін ұйымдастыру және басқару білімдері мен дағдыларын меңгеру;
- ДШжС негізгі ұғымдары мен терминдерін меңгеру, оларды ұйымдастыру-басқару әдіс-тәсілдерін негіздерін меңгеру;
- қарапайым спорт алаңдарын, типтік спорттық қондырғыларды пайдаланудың құрылысы дағдыларын білу;
- дене шынықтыру және оның құрамды бөліктерінің қоғамдағы рөлі, тұрғындар арасында әдістемелік құндылық ұғымдарын қалыптастыру әдістерін меңгеру;
- ДТ ілші мен әдістемесінің жалпы негіздерін, оқушы жастар арасындағы дене тәрбиесінің негіздерін білу;
- спорттық жаттығу мен балалар және жеткіншектер спортының ілімі мен әдістемесінін негіздерін білу;
- дене шынықтыру саласындағы ілімдік және практикалық зерттеу әдістері туралы қазіргі ілімдік көзқарастарға ие болу және меңгеру;
- біліктілік сипатгамасында қарастырылған спорттық дайындыққа ие болу.
Женіл атлетика
- жеңіл атлетика түсінігінің анықтамасынын, жеңіл атлетика жаттығуларының топтамасын, жеңіл атлетика дамуының тарихын, жеңіл атлетика спорттының пайда болуын білу;
- жеңіл атлетикалық жаттығулар техникасының негіздерін, спорттық техника түсінігінің анықтамасын, техниканың маңызын білу;
- жеңіл атлетика түрлерін жаттықтырудың негіздерін, көрсету мен түсіндірудің спорттық нәтижелерді арттыруға арналған оқытудың шімі мен әдістемесін, үйрету мен үйрету әдістерін, жеңіл атлетика сабақтарында пайдаланудың ерекшеліктерін, сапқа тұру командаларын беру, жеңіл атлетика түрлерін дұрыс түсіндіру мен көрсету;
- оқушыларға жағдайға байланысты сабақ түрлері мен жаттығу сабақтарының құрылымын, жеңіл атлетика түрлерінің құрамын үйретуді білу;
- жеңіл атлетика бойынша жоспарлау мен жұмыс есебін жүргізуді ұйымдастыру, женіл атлетикшілердің жалпы және арнайы жаттығуларын, жеңіл атлетика түрлерінің техникасын меңгеруді білу;
- жеңіл атлетикаға арналған спорттық қондырғыларды, құрал-жабдықтарды пайдалануды білу;
- жарыстарды өткізу мен ұйымдастыруды, жеңіл атлетика түрлерінен жарыс ережелерін білу.