Білуі қажет: - ақпаратты компьютерлік әдіспен жинау, сақтау және өңдей отырып, бұл біліктіліктерді өзінің кәсіби қызметінде пайдалану;
- шет тілдердің бірінен лексикалық миниумді меңгере отырып, диалог әңгімені жалпы және кәсіптік сипатта жүргізу, дене шынықтыру мен спорт саласындағы әдебиеттерді аудара алуды;
- дене шынықтырудың жалпы және ерекшелік қызметтерін, дене шынықтырудың қоғамдағы әртүрлілігі мен құрылымын, дене тәрбиесі негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуын;
- дене шынықтырудың бала тәрбиесі жүйесіндегі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, жастар, орта және егде жастағы адамдарды тәрбиелеудегі рөлін;
- спорттың мәні, оның қызметі, түрлері, қоғамдағы қызмет ету жағдайлары, даму бағыттары, спорттық дайындық және жарыстар жүйесінің негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдерін;
- дене шынықтыру мен спорт туралы теориялық зерттеулерді қорытындылау қисының ғылыми-зерттеулерге деген жалпы ғылыми және интеграциялық көзқарасын;
- дене шынықтыру сабақтарының медициналық-биологиялық және психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді, мектептердегі көпшілік және базалық спорт түрлерін жетілдіру;
- дене шынықтыру мен спортты басқарудың жүйелері, қызметтерді, ілімдік, экономикалык, құқықтық және ұйымдастыру негіздері, дене шынықтыру мен спортгы ғылыми тұрғыда басқару мектептері және оның қазіргі үлгілерін білу;
- спорт түрлеріне арналған кешендер мен дене шынықтыру қондырғыларын құру және ілімдік негіздерін, жоспарлауды есептеу және орналастыруды білу;
- қазіргі кәсіби спорттық құқықтық негіздері мен даму ерекшеліктері;
- қазақ халқы мен басқа халықтардың этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын білу;
Істей алуы керек: - әр түрлі жастағы және жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, жоспарлау, бақылау және дене тәрбиесі процесін, спорттық дайындық деңгейін (дене әдіс, тәсілдік, психологиялық және қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық біліктіліктерін байқау;
- жоғары спорттық нәтижелерді, дененің жоғары жұмыс қабілеті мен денсаулыққа зиянсыз және спортшылар ағзасын үйрету тетіктерін бұзбай, ағзаның қор мүмкіндіктерін жетілдіруге қол жеткізу;
- дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында ұйымдастыру көшлілік жұмыстарын іске асыру;
- дене шынықтыру мен спорт бойынша ғылыми және бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етудің дамуына басшылық жасау;
- салауатты өмір салты мен дене шынықтыру және спортпен шұтылдануды насихаттау;
- дене шынықтыру мен спортты басқарудың түрлі деңгейіне менеджмент пен маркетинті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру;
- педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізу, кешендік бақылау көрсеткіштерін бағалау, математикалық-статистикалық, педагогикалық-психологиялық және медицналық-биологиялық зерттеу әдістері арқылы өлшем нәтижелеріне талдау жасау;