Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты


В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны



бет21/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
Мамандыққа к лекция

5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны
5В010800-"Дене шынықтыру және спорт" мамандығының бакалаврларына арналған білім беру бағдарламасы 4 жылдық оқу кезеңінде іске асырылады, өз құрамына 40-тан кем емес оқу пәндерін енгізеді.
Білім бағдарламалары жалпы білім және кәсіптік болып салаларға бөлінеді, оның әрқайсысы циклдерге бірігеді:
- Жалпы білім пәндері циклі (ЖБП);
- Базалық пәндер циклі (БП);
- Кәсіптік пәндер циклі (КП).
Оқу жұмысының басқа түрлері (практика, әскери дайындык). Әр цикл міндетті бөлік және таңдаулы бөліктен тұрады.
Жалпы білім бағдарламасының мазмұны жалпы білім пәндерінің (ЖБП) жиынтығы арқылы анықталып, білім бағдарламасының жалпы көлемінің 25 %, немесе 30-32 кредит немесе 13 кредитін, яғни 540-595 сағатын құрайды.
ЖБП циклдерінік ішінде Міндетті бөлікті: Қазақстан тарихы, философия, қазақ (орыс) тілдері, шет тілі, информатика, экология құрайды.
ЖБП цикдерінің ішінде таңдаулы бөлікті: әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, экономика негіздері, құқық негіздері, психология, өмір қауіпсіздігінің негіздері пәндері құрайды. Осы пәндерді бір пәннің көлемінде оқыту бағдарламасына біріктірудің мүмкіндігі бар.
БП цикліндегі пәндер көлемі жалпы білім бағдарламасының 50% немесе 60-64 кредитгі, яғни 2700-2880 сағатты құрайды, оның 50-70% міндетті бөлікке, 30-50% таңдаулы бөлікке беріледі.
КП цикліндегі пәнде көлемі жалпы білім бағдарламасының 25% немесе 30-32 кредитті, яғни 1350-1440 сағатты құрайды, оның 40-60% міндетті және таңдауды бөлікке беріледі.
Дене шынықтыру мамандығының білім бағдарламасын ескерсек, аудиториялық-практикалық сабақтардың үлес салмағы студент құзыретін қалыптастыру (базалық спорт түрлерінің техникасы мен тактикасы қозғалу біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру) циклдерінен тұратындықтан, БП және КП циклдеріндегі міндетті пәндердің үлес салмағы білім бағдарламасының жалпы көлеміндегі 70% міндетті бөлікті құрайды.
БП және КП циклдері бойынша пәндер тізімінің міндетті бөлігін типтік оқу жоспары анықтайды, ал пәндер тізімінің таңдаулы бөлігін жоғары оқу орны өз бетінше анықтайды.
Бакалавриаттық төменгі сатысы екі жылда іске асырылады, 68 кредитті құрайды. Төменгі сатысын тиімді аяқтаған студент аралық аттестацияны сәтті аяқтаған соң жоғары сатыға ауыстырылады. Егер ол белгіленген өту балына (GPA) мемлекеттік аралық аттестация қорытындысы бойынша ие бола алмаған жағдайда ассоцациялық бакалавр дәрежесі және соған сәйкес сертификат беріледі.
Бакалавриаттың оқу бағдарламасының аяқталуының міндетті шарты студенттің теориялық оқуға 128 кредиттен төмен емес деңгейде, оның 70-78 кредиті міндетті білім бөлігіне және 50-58 кредиті таңдаулы бөлігінен тұрады. Соның ішінде 6-8 кредит міндетті түрде ағылшын тілін үйренуге беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет