Әдебиеттер
Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.
Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.
А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.
Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.
3-4 лекция. Дене шынықтыру мен спорт қызметі
1.Дене шынықтыру спорт қызметінің пәндік негізі
2.Дене шынықтыру теориясы пәні, құрылымы, мазмұны мен бағыттары
Спорт - денешынықтыру жаттығуларын қолдануға және оның әлеуметтік мәні бар нәтижесіне (құндылығына) бағытталып негізделген ойындык, жарыстық, тәрбиелік қызмет. Ойын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі, онда жеке бастың тәртібін басқарудын негізі қаланады және жетіледі. Ойындық қызмет - бұл шығармашылық белсенділіктің тосыннан, кенеттен көрініп пайда болу түрі. Спорт - бұл адамның өзгеруін жүзеге асыратын, ерекше сипаттағы және мазмұндағы ойын. Ондағы денешынықтыру жаттығулары адамның өзінің жеке табиғатына (әлеуметтік және биологиялық), ағзаны және тұлғалықты қалыптастыруға бағытталған. Ойындардың тәрбиелік мәні, адамдардың қоғамдағы барлық еңбек қызметіне дайындығының, мәдени-тарихи мұрагерлерді меңгерудің қозғаушы күштері болып табылатындығында. Спорттағы негізгі дәрежелерге мына төмендегілер жатады:
Спорттық қызмет - адамның белсенді қызметінің жан-жақты процесі ретіндегі, қозғалыс қызметін дамытудың ең жоғарғы түрі, ол қоғамның мақсаты мен қажеттілігіне сәйкес адамның дене және психологиялық құрылысын дамытады және жетілдіреді. Спорттық қызметтің жекелей жағдайы спорттық қызмет болып табылады. Спорттық қызмет құрылымдық қатынаста өз қалауындағы спорттық қызмет (адамның спорттық жаттыағулар мен жарыстарға белсене қатысуы) және ұйымдастырылған педагогикалық қызмет (жетекшілердің, ұйымдастырушылардың, жаттықтырушылардың, ғылыми-қызметкерлердің, төрешілердің, хабарландырушылардың, баспасөз, теледидар, радио, кино өкілдерінің жұмысы).
Достарыңызбен бөлісу: |