Әдебиеттер
Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.
Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.
А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.
Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.
С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.
Подзорова Т.С. Научная организация педагогического труда студентов. -М., 1975.
21-22 лекция. Оқу жұмысы
Оқу жұмысының сипаттамасы. Негізгі түрлері
Дәріс сабағы - ЖОО-дағы оқудың негізгі әдісі мен түрі
Семинар сабақтарының атқаратын қызметі
4. Іс-тәжірибелік және зертханалық жұмыстар
5. Курстық және дипломдық жұмыстардың орындалуы
Жоғары оқу орындарында студенттердің басты міндеті мен мақсаты - ол-оқу, білім алу, ойлауды дамыту, әртүрлі жағдайға, оқиғаға, іске, болмысқа талдау жасауды үйрену және тұжырымды қорытынды айту, жасау, орындай алу қабілеттерін қалыптастыру. Сондықтан, студент жоғары оқу орнында оқыған көзінде негізінде ақпараттарды жинаумен және саралаумен, оны қайта өңдеумен, танымдық материалдың көп мөлшерін есте сақтаумен айналысады. Студенттің оқу қызметінің негізгі түрлеріне кітаппен және лекциялар жинағымен өз бетінше жұмыс істеу, лекцияларды тыңдау мен жазу, семинарлық топтық, зертханалық сабақтарға дайындалу, әдебиеттерді іздеу, кітапханада қаталогтармен жұмыс істеу және т.б. жатады.
Жоғары оқу орнында оқу жұмысының міндетті түрлеріне лекциялар, семинарлар, зертханалық-тәжірибелік, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, кеңестер, блоктар, бақылаулар, сынақтар, емтихандар жатады. Болашақ мамандардың кәсіптік-педагогикалық даярлығы үшін олардың пайдалылығын қарастырайық.
Жоғары оқу орнында сабақ берудің ерекше әдістерінің бірі лекция болып табылады. Ол студенттердің үнемі өзіне көңіл аударып отыруын талап етеді. Оқулық кітаптары лекцияны еш уақытта ауыстыра алмайды, сондай-ақ лекция оқулық материалдарын қайталамайды. Оқулықта, оқу бағдарламасының жалпы тұрақталған, ірі күрделі материалдары мазмұндалады, ал сол уақытта лекцияда, іс жүзінде болатын, тікелей іске асырылатын, осы заманғы білім хабарланады. Лекция - бұл оқулыктың мазмұнын сипаттау, суреттеу емес, бұл студент білуге тиіс материалға, білімге жол бастаушы. Сондықтан, студенттердін ақыл-ойына, жүрегіне және ерік-жігеріне ықпал етуі жағынан жоғары оқу орындарында лекция бірінші орын алады. Ол, арнайы құрылған сол аудитория үшін ғылым мен ғылыми-педагогикалық ойлау үлгісінің жүйесін байланыстырады. Лекция мазмұны - сол тақырып бойынша студенттер білуге тиісті мұқият іріктелген квинтэссенция (бір нәрсенін нағыз мазмұны). Лекция - бұл тек ақпарат қана емес, оқытушы мен студенттер қарым-қатынасы мен бірлескен қызметінің әрекеті. Сондықтан да, жоғары оқу орнында лекцияны оқу жұмысының ешқандай түрімен алмастыруға болмайды.
Бірінші және екінші студенттері үшін лекция білімнің негізгі қайнар көзіне бет бұруда шешуші рөл атқарады, өйткені ол студентті ғылымға өндіреді, білімнің жүйесіне үйретеді, жоғары оқу орнының оқулықтары мен оқу құралдарына бейімделуге мүмкіндік береді. Жоғары курстарда лекцияның қызметі материалды өз бетінше оқып білуге бағытталады.
Лекцияда кейде тұрақталғаннан басқа студенттердің белсенділігін арттыратын, оны ойлануға мәжбүр ететін, әртүрлі ғылыми сұрақтарға қатысын белгілейтін мәселелер, қарама-қайшылық көзқарастар баяндалады. Әрбір студент лекция көзінде жазбаша түрде немесе лекция біткеннен кейін ауызша сұрақ қоюға құқығы бар. Сабақ тақырыбына байланысты берілген қандай сұрақты болса да, лектор барлық уақытта құрметпен және байсалдылықпен қабылдайды, ейгкені лекцияда қойылған сұрақтың өзі, студенттердің өзінше ойлау қабілетін және оқу процесіне белсенді, шығармашылық түрде қатысуын куәландырады. Лекция студенттердің танымдық ынтасын дамытуға мүмкіндік тұғызады. Дүниеге көзқарасты және сенімді қалыптастырады. Ол, сол немесе басқа пәндермен жұмыс істеу әдістерін жетілдіруге көмек береді, көптеген арнайы оқулықтар арасынан ең бастысын, негізгісін таңдап алуға үйренуге мүмкіндік туғызады.
Дайындығы жоқ, немесе ынтасыз және тәртіпсіз студентке барлық лекциялар бір сарынды, қызықсыз, мазмұны бірдей, жалықтыратындай болып көрінеді. Әрине лекция дегеніміз - байсалды да, пайымды еңбек. Оның қызығы, кейбір лекторлардың өзінің сөзіне қосуға тырысатын қызық оқиғалар мен әзіл әңгімелерде емес. Лекция, өзіне ойланымпаз, мазмұн мен дәлелді айқын, нақты жоспармен айға алатын, ойы бірегей, ғылымды, жаңалықты кең ауқымда және терең талдап, қорыта алатын өзіндік ыңғайы бар студенттерді тартады. Егер, студент берілген пәнді оқып білуге байланысты байсалдылықпенен саналы түрде лекцияны дұрыс тыңдауға көңілін аударса, онда оқу пәніне деген кешегі салқын, құрғақ көзқарастар өзгеріп қызығушылық пайда бола бастайды да қызығусыз жалықтыратын ғылым саласы, кенеттен келешекте ашылатын жолдарға тартады. Тәжірибе көрсеткендей, жоғары оқу орнындағы лекцияларға, өзі белсенділік танытып еңбектенетін, оқуға қызығушылықпен және саналы түрде қатысатын студенттердің ғана шамасы жетеді.
Лекцияны оқу және тыңдау - лектор үшін де, студент үшін де күрделі, әрі ауыр жұмыс. Лектор шындығында үш жақты қызмет етеді: лекцияны шығарушы, оны қоюшы және ең соңында орындаушы. А.П.Чеховтың тұжырымдауынша, лектор бір мезетте ғалым, педагог және шешен ретінде көрінеді.
Лекция студентке де оңай емес. Ол арнайы амалдардың тұтас жүйесін пайдалана отырып белсенді түрде, әрі қарқынды жұмыс істеуі тиіс. К.Д.Ушинский: қиялдау әркашанда оңай, әрі жағымды, ал ойлау қиын, - деп жазды. Студент лектор ойын калт жібермей қадағалайды, негізгілерін саралап, принципті кағидаларын өз ақыл қоймасында - жадыңда сақтауға тырысады. Сонымен қоса, ол неғұрлым толық түсінікті, әрі анық етіп жазуға үлгеруі тиіс.
Лекция оқу барысында оқытушы қыруар жүйке және ақыл-ой, күш жігерін жұмсайды, алайда ол студентке қарағанда едәуір қолайлы жағдайда болады, өйткені ол, өзінің күні бұрын әзірленген лекциясын бірыңғай баяндайтындықтан, оқытушы уақыты субъективті түрде тез өтеді. Ал, студент болса 80 минут бойы қозғалмай отырып ақпаратты қабылдауы, талдауы және көкейіне тоқуы тиіс. Лекцияны тыңдау және түсіну көзінде кейде бірқатар себептерден қиынға соғады:
1. Ақыл-ой әрекетінің өте тездігі. Біз сөйлегенге қарағанда төрт есе тез ойлаймыз. Сондықтан да, біреу сөз айтқан кезде, лекцияны тыңдайтын адам көңілін басқа жаққа аударуға уақыты толық жетеді.
2. Зейіннің талғампаздығы. Бала жастан айтқанның бәрін емес, ен қызықтысын ғана тыңдау әдеті студент кезде де сақталады.
3. Басқаның ойын жақтырмаушылық. Бізге басқа біреудің айтқанын қалт жібермей тыңдаудан гөрі, өз ойынмен болған әлдеқайда жеңіл.
4. Біреудің сөзін кақпайлауға әуестік. Біреу сөз айтқанда дереу қарсылық етуге әрекеттенеміз. Ондайда тындаудан каласың.
Осындай қиыншылықтардың әсерінен адамдарда лекторға зейін қоймайтын жаман әдет қалыптасады. Бұл - лекторға сыртқы келбетіне, сөзіне және қимыл әрекетіне ерекше зейін қоятын көмшілігі; сөйлеушіге қарамай тындау әдеті; болмашы нәрсеге алаңдаушылық (аяғымен тарсылдату, жетелу және т.б.). Лекцияда жаңа, қызғылықты ешнәрсе жоқ деген асығыс қорытынды; сөйлеушіні тыңдаудан алдын ала бас тарту; зейін коя тыңдағансып, басқа нәрсені ойлау т.б.
Лекция әдетте студенттер легінде оқылады. Пән бойынша ескерту жасауға кеткен әр минуттың өзі жүздеген минутты жоғалтуға әкеп соғады. Сондықтан, әрбір студент лекция сабағын жауапкершілікпен және адалдықпен тыңдауы, лектор еңбегін құрметтеуі тиіс. Лекцияға дайындалғанда өткен лекция жинағын оқып шығу, тиісті тарауды оқу құралынан қарау, негізгі ұғымдарды қайталау қажет. Лекцияны міндетті түрде мазмұнды, қысқаша жазу қажет. Кім жазып отырса, екі рет оқып шыққаны - деп тегін айтылмаған. Лекцияны қысқаша жазудың ең қолайлы түрі - лекция мазмұнын өз сөзінмен ықшамдап жазып, қажетті тұсына белгі қою.
Лекцияны жазу әдісі - аса дербес іс, бірақ оның қысқаша мазмұнын жазудың кейбір, ең жиі қолданылатын және орынды тәсілдері бар.
1. Лекцияның қысқа мәтінің (тезис) жазу түрі. Бұл тәсілде, студент лекциядағы негізгілерді, дәлелдеуді, мысалдарды, жазбай, тек жағдайдың қысқа желісін сөз қалдырмай жазады. Лекцияның қысқаша мазмұнын тәсілді пайдаланып жазуда нақтылаулар болмайды, тек ең негізгілері, нақты қисындылығы мен толықтыруды болады.
2. Материалдың негізгі жағдайы мен қысқаша суреттемесін, фактілерін, мысалдарын, дәлелдеулерін, уақытын, атын және т.б. қысқаша жазу түрі. Мұндай лекцияның қысқаша мазмұнында белгілі бір шамада негізгі жағдайы мен егжей-тегжейі көрсетіледі.
3. Лекцияны жазудың ең күрделі түріне жағдайдың негізгі қысқа желісін және оған келтірілген сипаттамаларды жазып алу, сонымен бірге лекция мазмұнын тыңдау және түсіну барысында пайда болған өзінің ойын, берген бағасын, жалпы қорытындысы мен сұрақтарды жазу жатады. Бұл тәсіл өте тиімді, ол тек жалпы білім дайындығы деңгейі едәуір жоғары ықыласы зор, шығып сөз сөйлеуді, тыңдауда тәжірибесі бар, ойлауға қабілетті студенттерге оңай.
Дайындығы нашар студенттер лекция көзіндегі үлгергеннің барлығын жазуға тырысады. Мұндай лекцияның қысқаша мазмұнында ақпардың мазмұнының сапасы төмен болады, бірақ ол лекцияда жазбай, ештеңе ойламай отырғаннан тәуір. Лекцияны жазуға психологиясы дайын студент оның мазмұнын тез түсінуге көңілін аударады және өзінің де, жолдастарының да көңілін оқу процесінен басқаға аудармауға тырысады. Лекция жазатын студенттердің еңбек ету қабілеті, оқу күнінде ұзақ сақталады дегенді куәландыратын мәліметтер бар.
Оқулықтардың тапшы көзінде, лекцияның қысқаша мазмұны студенттердің емтихан, сынаққа, блокка дайындалуда бірден бір сүйенер құралы болып табылады. Лекциянын қысқаша мазмұнын жазу процесі тез өтеді, сондықтан көптеген студенттердің оны әдемі етіп жазуға және дұрыс толтыруға мүмкіндігі болмайды. Бірақ, оны әдемі етіп қайта көшіріп жазудың қажеті жоқ, тек оның үлгермеген жерін және жаңа материалдармен толықтыру керек, ал ол үшін дәптердің бір бетін қалдырып отыру ұсынылады. Лекцияның қысқаша мазмұнын жазу дағдыларын үйрену мен жетілдіру процесінде дербес жүйе шығарып алу және тиімді етіп қысқаша жазуды, белгілерді қоюды үйрену керек.
Лекцияның бірнеше түрі бар. Негізгі түрі - оқу бағдарламалық лекция, оның барысында оқу бағдарламасына сәйкес курс жүйесі баяндалады. Сондай-ақ, бағыт-бағдар сілтейтін және шолу лекциялары болады. Олар, көбінесе сырттан оқитын студенттерге оқылады. Жоғары оқу орындарында ғылымның белгілі бір тараулары мен мәселелерін тереңірек қамтуға арналған арнайы курстар оқылады. Арнайы курстар әдетте, өзінің ғылыми жұмысында едәуір нәтижеге қол жеткізген оқытушылар оқиды.
Жоғары мектепте оқытудың ерекше әдістерінің біріне семинарлық, топтық және зертханалық сабақтар жатады. Семинар сабақтарының оқу пәндерін тереңдетіп оқытуға маңызы өте зор. Ереже бойынша, семинар сабақтары берілген оқу пәніндегі маңызы бар негізгі тақырыптарға өтеді.
Семинарлар лекциялар секілді, сабақтың ілімдік түріне жатады. Студенттер семинар сабақтарында лекциялардан және өзінің дербес жұмысы арқылы білімін тереңдетіп, нығайтады, өз сенімін тексереді және айқындайды, атауларды меңгереді, сол арқылы еркін оқуға үйренеді, өз көзқарасын қорғайды.
Семинар сабақтары барысында шығып сөйлегенде және оған дайындалғанда студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдыларына және аудитория алдыңда сөйлеуге, бір уақытта бірнеше оқулықтармен жұмыс істеуге, олардың мазмұнын талдауға және қорыту қабілетіне тәрбиеленеді. Студенттердің бұл сапаларын дамытуы келешектегі тәжірибелік қызметте маңызы зор.
Жоғары оқу орнының мақсаты студенттерге мүмкіндігінше белгілі бір ғылым саласында нақты білім берумен шектелмейді сонымен бірге, олардың өзінше шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Семинар сабақтарына дайындалу басқа оқу түрлерімен тығыз байланыста болады. Ол үшін, студент семинар тақырыбы бойынша лекцияны тыңдайды, семинар сабағының жоспарымен танысады және әдебиеттерді таңдайды, ұсынылған әдебиеттерді оқиды және қысқаша мазмұнын жазады, шығып сөйлеу үшін баяндама, жоспар мәтінің құрастырады, семинар сабағының оту барысында белсенділік танытады. Оқытушылар ережеге сәйкес, лекциялар сабагында семинар тақырыбы бойынша және семинар сабақтарына енгізілген сұрақтарға толық мағлұматтар бермейді.
Кейбір студенттер, семинар сабақтарына 1-2 күн бұрын дайындала бастайды, ал дайындық үшін бір немесе екі апта беріледі. Бұл студенттердің көптеген оқу пәндеріне дайындалуға кері әсерін тигізетін, дұрыс емес, әрі зиян тәжірибесі. Студенттерге жоғары оқу орны ұсынған талаптарын уақытыпда тиісті деңгейде орындау үшін, өз жұмысын және ез уақытын бір апта бұрын жоспарлауды үйренудің маңызы зор.
Тәжірибе көрсеткендей, семинар сабақтарына дайындалу көзінде белсенді студенттер ондағы тақырыптарда көрсетілген әдебиеттерге қанағаттанбайды, жоспар бойынша қойылған сұрақтарды терең және жан-жақты оқып білу үшін қосымша мағлұматтарды пайдаланады. Олар оны жинау үшін, кеңес алуға семинар сабағын жүргізетін оқытушыға жолығады. Оқытушыдан кеңес алудан бұрын барлық негізгі әдебиеттермен танысып алған жөн. Студенттер жұмысының келесі кезеңі барлық ұсынылған әдебиеттерді оқу және қысқаша мазмұнын жазу болып табылады. Студент, әдебиеттерді оқыған кезде берілген сұрақты дұрыс әрі терең түсіну үшін, барлық маңызы бар ақпараттарды теріп алып қысқаша мазмұнын жазуы керек.
Шығып сөйлеудің жоспарын немесе қысқа желісін құруда студенттің баяндама жасауына 1-ден 30 минутқа дейін уақыт берілетінің естен шығармауы керек. Сондықтан, шығып баяндама жасау үшін ақпараттарды таңдап алуда салмақтылықпен, ықыласпен қарауы, оның құндылығын, жариялылығын және қажеттілігін назарға алу керек. Студенттің семинар сабақтарындағы әрбір шығып сөйлеген сөзі - бұл лекцияда алған және өздігінен әдебиеттен оқып білген білімін қалай меңгергені, оның қалай немен жұмыс істегені жайлы өзінше бір есеп сияқты. Сондықтан, семинар сабақтарында шығып сөйлеуге дайындалу көзінде материалдың мазмұнын емес, сонымен бірге айтып беру түрімен әдеби жинақтылықты да терең ойлауы қажет.
Студент шығын сөйлеп болғаннан кейін, оқытушы мен топтағы жолдастырының өзінің баяндамасына тікелей байланысты сұрақтарына жауап беруге дайын болуы тиіс.
Егер, аудиторияның жақсы дайындығы болса және көңіл аударып, жақсы тыңдаса онда қызықты дұрыс және пайдалы сұрақтар қойылады. Ал, сұрактардың көп қойылуы, топтың белсенділігін көрсетеді. Семинар сабақтарындағы белсенді қызмет, жолдастарының сын - ескертпелерін дұрыс қабылдауды, тақырыпта еркін бағыт-бағдар алуды, өз ойын тез және анық тұжырымдал айтуды және дәлелдеп айтуды үйретеді, мәселелерді шешуде ұжымдық шығармашылықты дамытуға мүмкіндік туғызады. Баяндамашы сұрақтарға жауап берген соң, студенттер баяндама тақырыбына толықтырулар жасау үшін шығып сөйлейді. Мұның барлығы да семинар сабағы тақырыбының қаншалықты терең меңгерілгенін көрсетеді.
Семинар сабағы барысында оқытушы қорытыңды жасайды, шығып сөйлеушілердін баяндамасын талдайды, оларға бағыт-бағдар береді. Бағаны негізінде шығып сөйлеушінің баяндама жоспарына, оның мазмұнына, баяндап беру түрлеріне береді.
Тәжірибеде, семинарды өткізудің бірнеше түрлері қалыптасқан:
1) сұрақ-жауап семинары;
2) студенттерге күні бұрын берілген жоспар бойынша жан-жақты әңгіме өткізу;
3) студенттердің ауызша баяндамалары, соңынан оны талқылау;
4) жазбаша рефераттарды талқылау;
5) ілімдік конференция;
6) семинар пікірталас;
7) түпнұсқаға түсінік бере отырып оқу және т.б. ең көп тараған түрі студенттің ауызша баяндамаларын тыңдау және талқылау. Студенттер хабарламаның сұрақтарын немесе тақырыптарына күні бұрын алып, сол бойынша түпнұсқамен даярланады да, қорытындығы өз бетінше түйіндейді. Студент сөйлеген кезде топ оны мұқият тыңдауы, содан кейін барып оған сұрақ беруі, сөйлеген сөзін толықтыруы және айқындауы, сөйлеушінің мағыналық қисындық немесе сөйлеу кемшіліктерін сыпайы түрде көрсетуі тиіс, бұл болашақ оқытушыға өте қажетті.
Семинар сабақтарынын нәтижелі болуының басқа бір маңызды шарты-сенімділік жағдайы, мұндайда студент қателесемін деп қорықпай, талас ойларды айтады. Соңғы жылдары, оқытушылар студенттердің дербес ойлауын дамытатын жаттығуларды жиі қолданып жүр. Ол үшін студенттерге өмірге қажетті міндеттерді ұсынады, ал олар мұны терең талдап, шешу жолдарын ұсынуы тиіс.
Студенттерге ғылыми пікірталастың негізгі мына тәртіптерін білген және сақтаған жөн:
1. Болмашы нәрсеге ерегіскенше, нақты іске талас.
2. Адамды емес, ойды сана.
3. Өзің пікірталасқан адамның көзқарасын құрметте.
4. Өз көзқарасынды дәлелдемес (баяндамастан) бұрын мүмкіндігінше жауап қайтаратын көзқарасынды дәл белгіле.
5. Кіммен пікір таластырсаң, оған үстемдік етуші болма.
6. Өзіңнің білімін мен шешендігінді көрсеткеннен гері, шындықты анықтауға тырыс.
Өз кемшілігін мен кінәнды мойындай біл, жеңілген жағдайда әділ сөзге тоқта.
Жоғары оқу орындарында, негізінен алғанда, жоғары курстарда арнайы семинарлар өткізіледі. Бұл семинарлардың жоғарғы түрі, онда студенттер рефераттар мен баяндамаларды орындау барысында қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оқытушының қорытынды сөзімен семинар аяқталады.
Сонымен, семинар сабақтарына дайындалу байсалды, салмақты, әрі терең ойлы еңбекті талап етеді. Бұл еңбектің мазмұндылығы жай оқып білуден анағұрлым жоғары. Семинар сабақтарына дайындалуда және оған белсенді түрде қатысуда студенттер өзінше жұмыс істеу тәжірибесін жинақтайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің қарапайым дағдыларын меңгереді, сөйлеу мәдениетін дамытады.
Аудиториялық сабақтың едәуір бөлігін зертханалық-тәжірибелік жұмыстар алады. Тапсырманы дербес орындау дәрежесіне қарай оларды репродуктивті (бұрын орындалған тапсырманы еске түсіру) және шығармашылық түріндегі (білім мен іскерлікті жаңартуды, қайта жинақтауды қажет ету) деп екіге бөлуге болады.
Зертханалық-тәжірибедік сабақтар ойлау қабілетін дамытады, ілімді тәжірибемен, оқу жұмысын ғылыммен жақындатады, білімді нығайтуға ықпал етеді. Ол ойдағыдай орындалады, егер:
1. Студент жұмыстың мақсаты мен міндетін түсінсе;
2. Оған алдың-ала әзірленсе (қажетті әдебиеттерді оқыса, тиісті өлшеулерді орындаса, айғақтарды жинастырса және т.б.);
3. Жұмысты орындау барысын жоспарласа және өзін-өзі бақылау сәтін белгілесе.
Жұмысты аяқтағаннан кейін нәтижесінің дұрыстығын тексерсе және жұмыстың бастапқы көзіне ойша қайта оралып, оны қалайда тиімді істеуге болатынын ойластырса. Студент зертханалық жұмыстарды өткізу мерзімімен, зертханалық сабаққа қатысу жағдайымен, есеп беру түрімен, қауіпсіздік техникасының ережелерімен күні бұрын танысуы тиіс. Зертханада жабдықтармен және материалдармен мұқият жұмыс істеуі керек. Зертханалық-тәжірибелік сабақтар қара бастың қамы емес, кәсіптік-педагогикалық білім алу құралы. Демек, тапсырманы орындау барысында студенттің ой-санасында: "Мен мұны қалай түсінем?", "Нені міндетті түрде есте сақтау қажет?" - деген секілді болашақ қамы болуы тиіс.
Студенттер оқу барысында қиналса кеңес алуға мүмкіндігі бар. Бұл көмек берудің басты түрі. Оның өзі түрі жағынан топтық және жекелей, мазмұны жағынан-таныстыру, тақырыптық және емтихан алдындағы кеңес алу болып бөлінеді. Кейде кеңес әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Деканат әдетте кеңестерді оқу семестріне жоспарлайды. Оның мазмұны жайлы оқушы да, студент те білуі тиіс, мұның өзі оған жақсы әзірленуге мүмкіндік береді. Алайда, студенттердің оқытушылармен кездесуі жоспардан тыс та болуы мүмкін. Кеңестің басты мақсаты - оқу-тану, бірақ ол бақылау қызметін де атқарады. Кеңестерде студенттер қажетті ғылыми-оқулықтарға, әдебиеттерге, дербес жұмыс істеу әдістеріне, рефератқа, баяндамаға, жазбаша немесе мерзімдік жұмыстарға қойылатын талаптар, яғни студенттерге қиыншылық келтіретін барлық мәселелер туралы мәлімет алады. Бірінші курстықтар үшін кеңестер алудың ерекше маңызы бар.
Оқу жоспарында студенттердің психология, педагогика, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша курстық және дипломдық жұмыстар орындауы кезделеді. Бұл оқу-зерттеу жұмыстарының күрделі түрі. Курстық жұмыстар студенттердің білімін тереңдетумен қоса, ғылыми-зерттеу қабілетін де дамытады.
Курстық жұмыстарды атқарудың тәжірибеде тексерілген мынандай кезеңдері бар:
1. Тақырып таңдау. Әдетте курстық және дипломдық жұмыстың тақырыптары кафедрада жасалып, студенттерге хабарланады. Әрбір студент көз келген тақырыпты немесе өзі ұсынған тақырыпты таңдай алады, соңғы жағдайда тақырып кафедрада бекітілуі тиіс. Таңдалған тақырып мамандық проблемаларымен және ғылыми-техникалық алға ілгерілеуді жеделдетумен тығыз байланысты болғаны жөн.
2. Тақырыптың мәнін түсіну. Студент ұсынылған әдебиеттер тізімін қарайды, оған өзі іздеп тапкан әдебиеттерді қосады, орталық баспадан шыққан журналдардағы қажетті мақалаларды оқиды.
3. Жұмыс жоспарын жасау. Студент қызметі, сұрақтарды және олардың жұмыстармен қамтылуын айқындайды.
4. Студент ілімдік және тәжірибелік-эксперименттік зерттеулерді талдау негізінде қорытындысы мен ұсынысын анықтайды.
Курстық және дипломдық жұмыстардың шартты құрылымы мынандай:
Кіріспе. Тақырып мәнін дәлелдейді, әдебиеттерге қысқаша шолу жасайды, өз болжамын келтіреді.
Бірінші тарау. Ілімдік жұмыстар мен тәжірибесіндегі мәселелер жайы талданады.
Екінші тарау. Өз байқауларын, алған дәлелді айғақтарын, тәжірибе деректерін талдайды.
Қорытыңды. Жалпы қорытындығы және тәжірибелік ұсыныстарды жинақтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Курстық жұмыстың көлемі - 20-25 бет, дипломдық жұмыс - 50-60 бет. Оның бірінші (титул) бетінде жоғары оқу орны, кафедрасы, орындаушының аты-жөні, жетекшілік жасайтын оқытушы-профессорлардың ғылыми атағы, жұмыстың орындалған жылы көрсетіледі. Жұмыс үлгісі кафедраларда әрдайым болады.
Курстық жұмыс кафедра комиссиясында, ал дипломдық жұмыс мемлекеттік емтихан алдында қорғалады.
Студенттердің ойдағыдай оқуының негізі - дербес жұмыс. Студент жоғары оқу орнында оқыған алғашқы күннен бастап біреудің ақыл-кеңесіне арқа сүйеу психологиясынан арылып, оқу жұмысын белсенді түрде дербес атқарута тырысуы қажет. Білімнің ең құндысы - өз еңбегімен меңгере білуінде. Бірінші курс студенттері өздерінің аудиториядан тыс жұмыстарын ұйымдастырғанда қысқаша мазмұндамасы үшін әдебиеттер таңдауда, түпнұсқамен жұмыс істеу тәсілдерінде, ал ең бастысы - уақытын тиімді пайдалануда біршама қиыншылықтарға кездесетін сәттері байқалады. Бұған мынандай кеңестер беруге болады.
Студенттердің дербес жұмыс істеуіне кеп уақыт бөлінеді. Өзінің дербес жұмысына кететін уақытын есептеп, ал егер оған уақыт жетпейтін болса, онда студенттер тобында оның себептерін талқылау қажет. Аудиториядан тыс жұмысқа неліктен уақыт жетпейтінің тәлімгермен ақылдасын, ең бастысы жұмыс тәсілдерін тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлген жөн.
Студенттерді алдын-ала аттестациялауды (көбіне зертханалық және практикалық жұмыстарының нәтижесі бойынша) сынақ деп атайды. Ол емтихан алдыңдағы әзірлік іспеттес. Сынақтар мен емтихандар - студенттердің оқу процесінде жинақтаған ақпаратты керісінше алу құралы, мұның өзі оқытушының оқытып үйрету сапасын, ал студентке мамандығын қаншалықты меңгергендігін білу үшін қажетті.
Емтихандағы ең бастысы - білімді тереңдету және жүйелеу. Сонымен қоса, емтихан - студенттердің білімін, іскерлігі мен дағдысын, сондай-ақ олардын жалпы өрісін тексеру. Емтихан билеті, тест жүйесі (ЭВМ) бойынша да, емтихан алушынын ауызша сұрағы бойынша да, емтихан түрінде қолданылып жүрген оқу бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Оқытушының емтихан тапсырған студенттің сынақ кітапшасына емтихан бағасын қоюына құқығы бар. Мұндайда студенттердің лекция сабақтарына, семинарлық және практикалық зертханалық-тәжірибелік сабақтарға қатысуы, сондай-ақ күнделікті өткізілген кеңес нәтижесі ескеріледі.
Емтихан қорытындысы бойынша мынадай баға қойылады: "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанғысыз". Студентке "өте жақсы" деген баға бағдарламалық материалды терең, әрі толық меңгергені, берген жауабының сауатты, дәлелді және ойлау қисындылығы үшін, әдебиеттерді оқып, білетіндігі үшін қойылады.
Студенттердің күш-қуатын тиімді пайдалануына және оқуын жеңіл, әрі ойдағыдай меңгеруіне жәрдемдесетін қарапайым қағидалар бар. Соның бастылары мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |