Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты


Семестрдегі "бос уақытка" алданбау қажет



бет30/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
1. Семестрдегі "бос уақытка" алданбау қажет. Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы күн тәртібінің өзгешелігі, кейбір бірінші курстықтарды теріс бағытқа итермелейтіндіктен, олар "сессиядан сессияға дейін еркін серуендеуге болады",-деп ойлайды. Негізінде, сессия аралығында жүйелі жұмыс істегендер ғана оқуын оңай меңгереді. Сынаққа, емтиханға, ең бастысы - оқу орындарындағы болашақ педагогикалық жұмысқа күнделікті әзірлену қажет. Еңбек сүйгіш студент қана бос уақытын тиімді пайдаланады.
2. Студентке өз ой-әрекетінің ерекшелігін білу. Әрбір студенттің не ілімдік, не көркемдік, не тәжірибелік ойлау қабілеті болады. Оқу барысында өзінде жетіспейтін қабілетті дамытуға күш салу қажет. Сондай-ақ, өзінің есте сақтау ерекшелігін де білген жөн. Естігенді немесе қимыл әрекетті есте сақтау үшін белсенді қозғалыс әрекеті қажет. Көргенді есте сақтау үшін графикаға, суретке, үлгіге көбірек қарау қажет. Ойлау мен есте сақтау бұлшық ет секілді, жаттығу жолымен жетілдіруді қажет етеді.
3. Жұмыс пен демалыс ырғағын сақтау. Бұл білімді меңгерудің және денсаулықты сақтаудың сенімді кепілі. Көптеген студенттер өкінішке орай, біркелкі жұмыс істемеудің салдарынан өз жүйкесін бұзады, ұйқысыздыққа тіпті, жүйке ауруына шалдығады. Әрине, соның әсерінен қалжырап, оқуға зауқы соқпайды. Мұндай жағдай емтихан сессиясы тақалған кездегі "қауырттықта" байқалады. Өкінішке орай, адамға көбінесе басқаша қараймыз. Еңбекті дұрыс ұйымдастырмаудан адамдардың да, қатардан шығып қалуы жиі ұшырасады. Егер, адамдар үнемі уақытыңда тамақ ішпесе, дұрыс демалмаса, ұйқысын қандырмаса, тек күндіз-түні сабылып жұмыс істей берсе, онда мұның өзі бүтінге, ертеңге, бір айға ғана тиімді болуы мүмкін, ал сонан соң, оның нәтижесі 40 жаста жүрек, жүйке ауруларымен аякталады. Бұдан кім ұтады? Ешкімде. Ал, бүкіл қоғам ұтылады.
4. Студентке өзіне "Білсем!" деген мақсат кою. Кейбір студенттер емтиханды тапсырсам деп қана ойлайды, ал мұндай біржақты мақсат қойылғанда емтиханнан кейін олардың зердесі білімнен босап, ақпараттық қоқыстан тазарғандай болады, ал педагогикалық тәжірибе басталғанда ғана ол бәрін ұмытқанын сөзінеді. Сана тиімді жұмыс істеу үшін, ең әуелі болашақ педагогикалық жұмысты естен шығармай, білім мен тәжірибені сол үшін жинактау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет