Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет26/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- бағыттары мен тақырыбы кафедра мамандығына сәйкес келетін, оқытылатын ғылымдардың (пәндердін) тәжірибелік және ілімдік мәселелері одан әрі дамытылуы мүмкін және болашағы бар ғылыми зерттеулер жүргізу;
магистратура, аспирантура, доктарантура негізінде ғылыми-педагогика кадрларын даярлауды жүзеге асыру;
- кафедра мамандығына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын, диссертацияларды талқылау, оларға пікір жазу және сараптау.
Сонымен бірге, студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, аяқталған ғылыми жұмыстарды талқылау, олардың қорытындысын іс жүзінде қолдану.
Тәрбие жұмыстары:
- өздігінен тиісті шешім қабылдап, оны іске асыра алатын мамандардың үлгісін қалыптастыру;
- білім алушыларды салауатты өмір сүруге, кафедраның қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысуға ынталандыру;
- білім алушылардың ой-өрісінің кеңейуіне, таңдаған мамандығына сәйкес тақырыптық іс-шаралар жүргізу.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен колледждерде, лицейлерде білім алушылар және т.б. арасында мамандыққа баулу және тарту жұмыстарын жүргізу.
Кафедра жоғары оқу орны кеңесінің ұсынысы негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен ұйымдастырылады, олардың 40 % ғылыми атақтары мен ғылыми дәрежелері болуы керек.
Жоғары оқу орындарындағы дене мәдениеті мен спортты дамыту, спорттық шеберліктерді жетілдіру, жоғары оқу органдары ішілік іс-шаралар жүргізу, бұқара көпшілік, спорт-сауықтыру жұмыстарын оқу орнының спортклубы жүргізеді. Спортклуб төрағасы және мүшелері қызметті ұйымдастыру ережесіне сәйкес қызмет атқарады.
Кәсіби білім беру бағдарламасы
Мемлекеттік үлгі мамандық бойынша білім беру мазмұнын тағайындай отырып, жоғары оқу орнын бітірушілерге деген талаптар мен білім берудің құрылымын, мамандықтар мен мамандық түрлерін, бағыттарын анықтап ұсынады.
Мемлекеттік үлгі Қазақстан Республикасының жоғары білім беруге арналған Мемлекеттік үлгісінің бір бөлігі. Ол мамандық бойынша негізгі жоғары білімнің мемлекеттік бағытын анықтайтын құжат, оқуға түсушілерге қойылатын жалпы талаптарды, студенттердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлемін, білімдік-кәсіптік бағдарлама мазмұнының міндетгі көлемін, нақты мамандық бойынша негізгі жоғары білім алған адамдарды пайдалану саласын орнықтырады.
Үлгіні жоғары оқу орнының тәжірибесіне енгізу оқу бітірушілердің білім дәрежесін көтеруге негізделген.
Білімдік-кәсіптік бағдарламасымен жоғары оқу орнындағы "Денешынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірушілер төмендегі жалпы талаптарға сай болуы керек:
- дене мәдениетінің әртүрлі салаларында қызмет істеуге мүмкіндік беретін ілімдік білім мен іс жүзінде қолданылатын қабілеті бар (дене тәрбиесі, спорт, реабилитация, рекреация, олардың арасындағы үзіліс) және өзінің білім деңгейін өз бетімен көтеретін, көсіптік қызметтің өзгеру бағытына сай әрекет жасайды;
- ғылымның аралас салаларында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаратылыстану ғылыми саласындағы іргелі ғылымның негіздерін меңгереді;
- ғылымдардың тәсілдерін езінше пайдалануды кәсіптік және әлеуметтік тұрғыдан қолданады;
- адамның-адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық талаптарын біледі, оларды экологиялық және әлеуметтік жобаларды дайындауда ескереді;
- мемлекеттік тіл қазақ тілін және ұлтаралық қатынас тілдерін меңгереді, сауатты және тілге шебер болып, жоғары оқу орындарындағы оқыған шет ел тілін пайдалану арқылы отандық және әлемдік мәдениет,тарих негіздерін біледі;
- бүкіл әлемдік көзқарасқа байланысты, білімді жүйелі түрде меңгереді;
- тірі және өлі табиғат пен қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы түсінігі болумен қатар, кәсіптік қызметтерді орындау кезінде туындайтын қажетті мәселелерді өз дәрежесінде меңгеріп, түсінеді.
Төмендегі кәсіптік дайындыққа ие болады:
- психология-педагогикалық білім негіздерін меңгереді;
- дене мәдениетінің тәсілдерін қазіргі білім сатыларының барлық кезеңдерінде пайдалана біледі;
- денешынықтырушылар мен спортшыларды дайындаудың әртүрлі жүйелерін меңгереді, әлем халықтарының дене мәдениеті тарихының әр дәуірінің тарихын, шетелдік дене сауықтыру жұмысының ұйымдастырудағы озат тәжірибесін, дәрігерлік-биологиялық сабақтардың дене мәдениетінде адам денсаулығын жақсартуға пайдаланудағы орнын білу, спорттық-тәсілдікті игеру дайындығының болуын, дене тәрбиесі мен спорттық жаттығуларды еркін қамтамасыз етуді, денешынықтыру жаттығуларының биомеханикалық талдауы мен метрология әдістерін игереді;
- адам ағзасына және жеке тұлғаның қалыптасуына дене тәрбиесі сабақтарының әсер етуін зерттеуте байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу әдістерін, құралдарын жете біледі;
- дене тәрбиесі және жоғары кәсіптік маман спортшыларды дайындауға байланысты көкейкесті мәселелерді шешу үшін есептеу әдісін және қолдану негіздерін меңгереді;
- дене мәдениеті жұмыстарын ұйымдастыру мен басқарудың бүгінгі әдістерін меңгереді;
- спорт құрылыстарының жобаларын жасаудың, оларды мөлшерлі талапқа сай жабдықтау туралы білім негіздерін меңгереді;
- спорттык-денсаулықты жақсарту және дене мәдениеті жұмыстарының бұқаралық түрлерінде іс жүзіндегі заңдылыққа сүйенеді;
- ақпараттарды жинақтау, сақтау және өңдеу тәсілдерін компьютер арқылы іс жүзінде жүзеге асырады;
- бір немесе бірнеше тәжірибелік мамандыққа ие болумен қатар, кәсіптік қызметін өзгертуге дайын болады.
Жоғары оқу орнын бітірушілерге диплом, куәлік Мемлекеттік емтихан комиссиясының /МЕК/ шешімімен тағайындалады.
Жоғары оқу орны ретінде оқу орны қызметін белгілейтін мемлекеттік құжат оқу жоспары болып табылады. Оқу жоспары Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білімнің жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік үлгісі мен тиитік жоспар негізінде жасалады. Оқу жоспары негізінде жұмыс бағдарламасы жасалады, онда оқу пәндерінің мазмұны мен оқыту қисыны айқындалады. Оқу жоспары әр фақультет, кафедра мамандығына байланысты әр түрлі жасалады. Сондықтан, жоғары оқу орнының әр түрлі фақультетін бітірушілерге белгілі бір мамандықтар беріледі.
Оқу жоспары оқу жылы келемін, оқу жылының құрылымын, әр оқу жылының оқу, апта санын, ілімдік және тәжірибелік пәндердің, педагогикалық және ұйымдаструшылық өндірістік тәжірибелерді, сессия, мемлекеттік емтихандарды және демалыстарды өткізу тәртібін белгілейді.
Жоғары оқу орнындағы мамандық бойынша оқу мерзімін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі белгілейді. Ал 050801 дене шынықтыру және спорт мамандығында студенттер 4 жыл окиды, оның әр жылы екі семестрге бөлінеді, барлығы 8 семестр немесе 200 аптаға дейін.
Әрбір оқу жылында оқу сабақтары, сессия, басқа оқу-тәрбие жұмыстарының түрлері және демалыстар-қыста екі аптадан, жазда екі айдан жоспарланады.
Ғылымның өріс алып дамуына, спорттық жетістіктердің өсуіне және талаптардың жоғарылауына байланысты оқу жоспарлары мен бағдарламары үнемі жетілуде. Соған орай, жоғары оқу орындарында жаңа пәндер, мамандықтар мен фақультеттер пайда болуда. Соңғы жылдары оқытушылардың кәсіби дайындығын жақсарту мақсатында, сол сияқты студенттердің педагогикалық дағдынарын үздіксіз қалыптастыруын қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жоспарлары құрылды. Оған көптеген жаңа пәндер қосылды. Таңдап алған спорт түрлерін оқытудың ілімі мен әдісі пәні барлық курстарда өтеді. Жоғары оқу орынының дене мәдениеті және спорт мамандығы студенттері бұл сабақтарға өздерінің дайындық дәрежесінің деңгейіне қарамай міндетті түрде қатысуы тиіс.
Оқу жоспарында барлық пәндер курс және семестр бойынша белінген. Сонымен бірге, әр пән бойынша лекциялар, зертханалық және прақтикалық сабақтарға, семинар, курстық жұмыстарға және басқа оқу түрлеріне бөлінетін сағаттар саны белгіленген. Жоғары оқу орны оқу жоспарында 60-қа жуық оқу пәндері, сонымен бірге жоғары оқу орнының ерекшеліктеріне байланысты таңдаумен бекітілген пәндер мен курстар оқытылады.
Біздің мамандықтың болашақ мамандарының ілімдік дайындығына көп мән беріледі. Сондықтан, оқу уақытының 60% ілімдік пәндерді оқытуға бөлінеді.
Оқу жоспары болашақ мамандарға 4 жыл бойы дене тәрбиесі бойынша жан-жақты дайындыңты және таңдап алған спорт түріне мамандануға терең білімді беруге лайықтап құрылады.
Болашақ мамандарды дайындауда, тәжірибелі оқытушылар мен жаттықтырушылар жетекшілігімен өткізілетін педагогикалық прақтиканың маңызы өте зор. Жаңа оқу жоспарына сәйкес педагогикалық және жаттықтырушылық прақтика 3-4 курстарда өтеді. Оның 7 аптасы мектепте, 6 аптасы спорт мектептерінде өткізіледі. Бірінші, екінші курстарда 2 аптадан педагогикалық және жаттықтырушылық танысу прақтикалары өтеді.
Бітірушілердін білімін тексерудің негізгі қорытынды түрі Мемлекеттік емтихан болып табылады. Қазақстан Республикасындағы барлық жоғары оқу орындарында меншігіне және ведомоствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық мамандыктарда "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады. Мемлекеттік емтиханға дайындыкты, тиісті жоғары оқу орнының Қазақстан тарихы кафедрасы бекітілген оқу үрдісінің кестесі бойынша оқу бөлімі және деканатпен бірлесе отырып жүргізеді. Сонымен бірге, 080501-мамандығының студенттері "Таңдап алған спорт түрінін ілімі мен әдістемесінің" және "Бұлшық ет физиология" пәнінен Мемлекеттік емтихандар тапсырады.
Ереже бойынша, мемлекеттік емтиханға таңдап алған негізгі спорт түрінен бірінші спорттық дәрежесі бар, қосымша спорт түрлерінен екінші спорттық дәрежесі және екі спорттың түрінен төреші атағы бар студенттер жіберіледі.
Фақультеттердегі әрбір курстың оқу пәндерінің ету тәртібін белгілейтін оқу кестесі жасалады. Осы кестелерге сәйкес әр кафедра оқу курстары мен пәндерге тақырыптық жұмыс жоспарларын жасайды. Сабақ кестесінде әр пәнді топтарда, курстарда оқытудын, сабақты өткізу түрі, орны, уақыты нақты көрсетіледі.
Жоғары оқу орындары бағдарламалық материалдарды оқыту тәртібін өзгертуге, оқу жылы бойынша ынғайлап ауыстыруға, оқу сабағының әр түрлеріне қарай сағат саны мен ара салмағын өзгертуге, арнайы және психологиялық-педагогикалық пәндерден қосымша ақпар беру үшін арнайы курстарды, арнайы семинарларды және факультативтерді пайдалануға, бір мемлекеттік емтиханды дипломдық жұмыспен өзгертуте құқы бар.
Дене мәдениеті және спорт мамандығының оқу жоспарының құрылымында төрт цикл болады. Пәндердің циклі бойынша білімге және білгірлікке қойылатын талаптар.
Философия, мәдениет тану, саясат және құқық саласында:
- ғылыми философия және діни бейнелер туралы қызметі мен өмір сүру мағынасы туралы түсінігі болады:
- әлеуметгік-мәдени даму заңдылықтарын және бүгінгі күнгі қоғамнын даму жолдарын талдап, түсіндіре біледі;
- ұлттық және әлем халықтарының мәдениет дәстүрлерін біледі;
- адамгершіліктің қоғамдық тарихи шарттарын, олардың шығу даму жолдарын және қызметін біледі;
- әсемдікті түсініп, сезіне алады;
- тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық қозғалыстар мен партиялардың әлеуметтік, мәдени және ғылыми-технмкалық дамуын, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын, бұл бағыттағы ішкі-сыртқы саясат қызметінің негізгі бағыттарын біледі;
- дене мәдениеті және спорттын, құқықтық, негіздерін біледі;
Қазақстан тарихы, жалпы тарих, экономика, әлеуметтік кағидалар тұрғысында:
Қазақстан тарихындағы нақтылы себеп-саддардың тарихи оқиғаларға байланысын біледі;
- тарихи процестердің даму заңдылықтарын бұрынғы Кеңес мемлекетінің саяси жүйесінің ыдырауын, КСРО-ның ыдырауының және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуынын нақтылы себептерінің заңдылықтарын игереді;
- саяси құбылыстардың мән-мағанасын түсіну, бағалау, талдау әдістемесін меңгереді;
- экономикалық талдау тәсілдері, экономиканың қоғамдағы орны, базардағы, кәсіпкерліктегі мемлекеттік реттеудің негізі туралы білімдар болады;
- дене мәдениеті және спорттың әлеуметтік дамуының негізгі кезеңдерін біледі;
- шет тілдері ортасында өзінің кәсіптік қызметін және оқуын жалғастыруға икемді болады;
- өз қызметінде кәсіптік тіл байлығын сауатты пайдалану арқылы денешынықтыру мәдениетінде мемлекетгік тілдегі атауларды терең игеріп, оны дамытады;
- бір шет тілін кысқаша игереді;
- арнаулы әдебиетті оқып, аудара біледі.
Анатомия және спорттық морфология, биомеханика, биохимия және адам физиологиясында:
- жынысына, жасына және қозғалыс белсенділігіне байланысты адам ағзасының құрылысы мен көлемі және құрамы туралы білімді меңгереді;
- адам ағзасы дамуының, өсуінің негізгі заңдылықтарын, биологиялық жас мөлшерінің жекелей көрсеткіштерін зертгеп, спорттық бағдарлау мен таңдаудың морфологиялық талаптарын біледі;
- бұлшық ет қызметіне байланысты мүшелер мен жүйелер құрылысының бейімделуі туралы мәліметтерді игереді;
- қозғалыс сапасының энергетикалык, кинегикалык, қозғалысты басқару, спорттық-техникалық шеберліктің сипаттамасымен таныс болады;
- дене тәрбиесі және спорт сабақтарында өмір сүру қабілеті процестерінің химиялық негіздері туралы білімді меңгереді;
- сауықтыру жаттығулары мен спорт сабақтарында биохимиялық бақылаудын негізгі сипаттамаларын біледі;
- дене тәрбиесі және спорт сабақтарында тамақтанудың биохимиялық негіздерімен таныс болады;
- жұйке, бұлшық ет қызметтерінің физиологиялық заңдылықтарын және сезім жүйелерінің, сондай-ақ дене қызметінің жұмысын ескеретін ерекшеліктерін біледі.
Спорттық физиология саласында:
- жүйке, бүлшық ет және сезім жүйелері қызметінің физиологиялық заңдылықтарын, сондай-ақ бұлшық ет қызметін арттыратын жүйелерді оқиды;
- бұлшық ет қызметіне байланысты ағзаның бейімделуінің физиологиялық тетікгерін игеру, қозғалыс дағдыларыньвд және бұлшық ет қызметі сапасының өсу қасиетін, спорттық әрекет кезіндегі ағзаның физиологиялық сипаттамасын біледі;
- спорттық бағдар, таңдау және жасөспірім спортшыларды жаттықтырудың физиологиялық негіздерін окиды;
- сыртқы ортаның ерекше жағдайына байланысты спорттық жұмыс қабілетінің және сауықтыру, дене тәрбиесінің ағзаға тигізетін физиологиялық негіздерін біледі;
- спорт түрлерінің емдік-биологиялық ерекшеліктерін біледі.
Емдік дене мәдениеті мен массаж, валеология және бейімдік дене мәдениеті саласында:
- әртүрлі ауруға ұшырау, спорттық және тұрмыстық жарақаттану кезінде емдік дене мәдениеті мен массаж арқылы емдейді;
- емдік дене мәдениетінің әртүрлі үлгідегі сабақтарының барасында оларды талдау, дәрігерлік-педагогикалық бақылау жүргізу тәсілдерін меңгереді;
- емдік денешынықтыруды пайдаланудың жан-жақты әсерін бағалай біледі;
- спорттық талаптарға байланысты жалпы және жекелей массаж арқылы емдеудін классикалық тәсілдерін пайдаланып, бір дүркін көрнекті сабақ өткізеді;
- емдік-сақтандыру және спорт мекемелерінде емдік дене мәдениеті қызметін ұйымдастырады;
- әртүрлі ауруға ұшырау және жарақаттану кезінде емдік дене мәдениеті мен массаж арқылы емдеуді іс жүзінде асырады;
- дене мәдениетінің сауықтыру ілімі мен әдісінің негізін біледі;
- салауатты өмір салты негіздерін біледі;
- валеологиялық, дәрігерлік-биологиялық негіздерін біледі.
Дене мәдениеті мен спорттағы спорттық медицина және тазалық сақтау саласында:
- дене мәдениеті және спортпен шұғылданушылардың ағзасына тигізетін әсері туралы білімі болады;
- өзінің кәсіптік қызметінде таңдап алған спорт түрлерінде жаттығудың дәрігерлік-биологиялық талаптарын дұрыс пайдаланады;
- дәрігерлік биологиялық ақпарат негізінде оқу-жаттығу процесінде басқарудың тәсілі мен әдісін біледі;
- ауруға ұшыраған және жарақат алған адамдарға дәрігерлік көмек келгенше қажетті көмек көрсету шаралары мен әдістерін біледі;
- дәрігерлік-педагогикалық бақылау жүргізудің әдістерін меңгереді;
- оқушылардың жаттығу жүктемелерінің және таңдап алған спорт түрлерінің мамандық аясындағы оқу-жаттығу сабақтарының дене тазалығы негіздері мен талабын меңгереді;
- мектептер мен мамандандырылған спорттық ғимараттарға қойылатын тазалық сақтау негіздерін біледі.
Педагогика мен психология саласы бойынша:
- педагогика ғылыны дамуының маңызды кезеңдері туралы білімдар болу, ұлы педагогтардың және бүгінгі жаңашыл педагогтардың көзқарастарын, оның ішінде дене мәдениеті саласындағы білімімен өз ой-өрісін байытады;
- оқыту мен тәрбиелеу барысының тиімділігін арттырудын жаңа жолдарын табу мақсатында ғылыми-педагогикалық зерттеулер тәсілдерімен таныс болып оны іс жүзінде қолдана біледі;
- дене мәдениеті және спорт саласында қолданатын дидақтикалық оқыту дәрежелер негіздерін, сондай-ақ оқу жүйесін ұйымдастыру талаптары мен түрлерін, әдістерін терең зерттей біледі;
- дидақтикалық ілімге сүйеніп, нақты оқу жағдайын педагогикалық тұрғыдан талдап, бағалайды және оны шешу жолындағы педагогтік мақсаттар мен шығармашылық мүмкіндіктерін таба біледі;
- дене мәдениеті сабақтарында және жарыс көздерінде, оқу-жаттығу барысында әртүрлі жастағы және спорттық дайындық көрсеткіштері әр алуан топтармен өткізілетін жұмыстың мақсаттары, тәсілдері, талаптары, құралдары, түрлері жөнінде айқын түсінігі болады;
- мінез-құлықтың даму заңдылықтарын оқуға: мінез-құлықтың даму барысы, жағдайы, жеке тұлғаның қасиеті, жеке тұлғалар арасындағы қатынастардың, іс-әрекет пен қатынастардың заңдылықтарын білу, оқытып үйрету және тәрбиелеудін, онтогенездегі жеке тұлғаның дамуы: оқытып үйрету және тәрбиелеудін, онтогенездегі жеке ерекшеліктерін, спорттық іс-әрекеттердің мінез-құлықтық ерекшеліктерін, спорттық жетістіктердің жоғары көрсеткіштеріне жетудің себептерін, мақсаттары мен талаптарын және спортшыларды дайындауды қамтамасыз етудің мән-мазмұнын зерттейді;
- мінез-құлық зерттейтін ілімнің философиялық және гнесологиялық негіздерін, сана мен мінез-құлықтың даму дәуірлерін, маңызды мінез-кұлық туралы ілімдерді игереді;
- жалпы, жас ерекшелік, педагогтік және спорттық мінез-құлықтық сондай-ақ дене мәдениеті мен спортта қолданылатын әсер ету тәсілдерін зерттеу әдістерін меңгеру, тиімді қарым-қатынас жасау жолдарын үйренеді;
- қазақ халқының этнопедагогикасы және этнопсихологиясын біледі.
Дене мәдениеті мен спорттын тарихы және спорт социологиясы саласы бойынша:
- дене мәдениеті мен спорттың қоғамдық мәдениеттің құрамды бөлігі ретіндегі шығу мен даму тарихын біледі, әртүрлі тарихи дәуірлердегі дене мәдениеті мен адамдардың спорттық қызмет әдістері мен түрлеріне ғылыми талдау жасайды;
- қоғамның әлеуметтік өмірінің дербес бөлігі ретіндегі дене мәдениеті мен дене тәрбиесі қызметінің сырын ашып, қоғамның әлеуметтік, саяси, идеологиялық, экономикалық және рухани өмірімен байланысты қоғамдық құбылыс ретіндегі дене мәдениеті мен спорттық құрылысын, мәдениеті мен дамуын біледі;
дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қызметтерінің, спорттық салт пен дәстүрдің кандай ықпалы болғанын біледі;
- дене мәдениеті және спортты оқытып үйретуде әлеуметтік әдістемелік төсілдерді біледі.
Кәсіптік спорт саласында:
- кәсіптік спорттың ілімдік мән-мағынасын біледі;
- кәсіптік спортты дамытудағы жаңашыл ойлар мен мақсаттарды және көкейкесті мәселелерді біледі.
Дене мәдениеті және спорт экономикасы саласында:
- дене мәдениеті және спорт саласындағы экономикалық жағдайы және осы жағдайды реттеудегі әдіс пен қаражат түрін біледі;
- дене мәдениеті және спорт саласындағы экономикалық талдау әдістері мен ұлттық спорт ұйымдарының сыртқы экономикалық байланысын біледі.
Дене мәдениеті мен спорт менеджменті, спорттық ғимараттар саласы бойынша:
-дене мәдениеті мен спорттық қызмегі дене мәдениеті қозғалысының негізгі құрылым бөлімдерінде ұйымдастыруды және басқара білу дағдысын меңгереді;
- дене мәдениетімен- спорттық қозғалысты басқаруда негізгі түсініктерді, сөз ұғымдарын, олардың түсінікті және тиімді ұйымдастырушылық-басшылық әдістері мен құралдарын, оның ішінде ғылыми-әдістемелік тәсілдерін меңгереді;
- қарапайым спорт алаңдарын жасай білуге, жобалы спорттық ғимараттарды пайдалана білуге дағдыланады;
- дене мәдениеті мен оның құрамдас бөлімдерінің қоғамдағы дәлелденген бағалы түсініктерін тұрғындар арасында қалыптастырады.
Дене тәрбиесінін жалпы ілімі мен әдістемелік саласы бойынша:
- дене тәрбиесінің жалпы ілімі мен әдістемесін біледі;
- оқушы жастардың және ересек тұрғындардың дене мәдениеті негіздерін біледі;
- спорттық жаттығудың негізгі ілімі мен әдістемесін біледі;
- балалар және жасөспірімдер спорты ілімі мен әдістемесінің ерекшеліктерін біледі.
Меншіктілігіне және ведомостволық бағыныштылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың кәсіптік прақтикасы - жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады, ол прақтиканы өткізу базарларында - мектептерде өткізіледі.
Кәсіптік прақтика түрлері, мерзімдері және мазмұны мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларымен және жоғары оқу орындарының прақтикаға арнап жасалған бағдарламаларымен анықталады. Мамандыктарға (даярлау бағыттарына) байланысты кәсіптік прақтиканың тиісті түрлері өткізіледі. Білім алушылардың кәсіптік практикасы жоғары оқу орнында оқу барысында алған білімдерін бекітуге, прақтика дағдыларға ие болуға және алдыңғы қатарлы тәжірибені меңгеруге бағытталған. Өндірістік білім алу процесінде білім алушылар кәсіптік және ұйымдастырушылық тәжірибені меңгеруге міндетті.
Әдетте, төменгі курстарда оқу прақтикалық мектептерде ұйымдастырылады. Бірқатар мамандықтар бойынша диплом алдындағы практика ұйымдастырылады, оның мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбымен анықталады. Диплом алдындағы прақтика кезінде, білім алушы мектептің қызметі туралы нақты материалдар жинайды, диплом жұмысын (жобасын) жазғанда соларды пайдаланады. Мамандығы бойынша жұмыс істейтін сырттай білім алушылар қажетті жағдайда кәсіптік прақтиканы жеке жоспарланған тапсырма ретінде өтеді. Мамандықтары бойынша жұмыс істейтін сырттай оқудың ақырғы курстарындағы білім алушылар, қажетті жағдайларда диплом алдындағы прақтикаға белгілеңген тәртіппен тікелей жұмыс орындарына таңдаған мамандығымен танысу үшін және диплом жұмысына (жобасына) тиісті материалдарды дайындау үшін жіберілуі мүмкін.
Білім алушылар жоғары оқу орнында таңдаған мамандығының профиліне байланысты нақтылы мектептің, нақты жағдайларында практика өткенде темендегілермен танысады (үйренеді):
- мектептердін жұмысын, мұғалімдердің озат тәжірибелерін үйренеді;
- еңбекті қорғау мен гигиена, физиология, психология, экология салаларында жүргізілетін зерттеулердің нәтижелерімен танысып, үйренеді;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбектің салауатты жағдайларын жасау және қамтамасыз етуді үйренеді.
Практикада төмендегі бағдарламаларды қамтуы қажет:
- білім алушылардың жеке тапсырмаларын орындау мерзімдері мен мазмұнын;
- саяхаттардын жобаланған мазмұны мен өткізу мерзімдерін;
- білім алушылардың практика туралы есептерін дайындау тәртібі мен қорғау мерзімдерін;
- практикаға қатысушыларға лекциялар оқу және әңгіме өткізу.
Практика бағдарламаларьш, мамандық профилін - практика объектілерінің сипатын ескере отырып кафедралар әзірлейді, оларды проректор бекітеді. Жоғары оқу орындары, білім алушылардың кәсііптік практикасын өткізу базасы болып табылатын мекемелер мен мектептерді келісім негізінде белгілейді, олармен практика өткізудін бағдарламалары және күнтізбелік кестелері туралы келіседі. Келісімдерде жоғары оқу орындарының практика базасы болып табылатын мекпептердің және білім алушылардың міндеттері белгіленеді.
Практиканы еткізу мен ұйымдастыруға, келісім шарттарына сәйкес, жоғары оқу орнының басшылары мен практика базасының басшылары жауап береді. Практикаға оқу-әдістемелік жетекшілік жасауды, жоспарларын, практика бағдарламасын орындау және оны жоғары сапада өткізуді жоғары оқу орнының тиісті кафедралары жүзеге асырады.
Жоғары оқу орындары:
- жыл сайын бірінші желтоқсаннан кешіктірмей, практика базасы болып бекітілген мектептермен аддағы күнтізбелік жылға келісім жасайды және оқу жылы басталғанға дейін практика базасымен білім алушылар практикасын еткізудің бағдарламасы мен күнтізбелік кестесі туралы келіседі;
- практика жетекшісі ретінде мамандық ерекшелігін және практика базасының қызметін жақсы білетін тәжірибелі профессорларды, доценттерді, оқытушыларды тағайындайды;
- білім алушылар практика өтіп жатқан мекемелерді, сондай-ақ практиканттардың өздерін практика бағдарламасымен қамтамасыз етеді;
- білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру мен өткізуге, оның мерзімі мен мазмұнын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
- қажетті жағдайларда практикаға жіберілген білім алушыларды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастырады.
Жоғары оқу орны жағынан тағайындалған практика жетекшісі: практика басталмас бұрын білім алушы-практиканттардың қажетті дайындықтарын ұйымдастырады;
- білім алушылармен оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес кеңес өткізеді;
- білім алушылардын қалыпты еңбек және тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етуіне, оларға еңбекті қорғау мен техника кауіпсіздігі бойынша міндетті нұсқау беруіне, практиканттардың ішкі еңбек ережелерін орындауына бақылауды жүзеге асырады;
- білім алушылардың практика бойынша есептерін қабылдайды, олардың жұмысы туралы пікір береді және білім алушылардың практикалық дайындығын жетілдіруге байланысты ұсыныстар және ескертулермен бірге практиканың өту барысы жайында кафедра меңгерушісіне жазбаша есеп береді;
- практика бойынша сынақ қабылдау комиссиясынын жұмысына және студенттердің практика қорытындысы бойынша ғылыми конференцияларын дайындауға катысады.
Жоғары оқу орындарында білім алушылардын кәсіптік практикасына жетекшілікті, оның барлық кезеңдерінде, жоғары оқу орнының профессорлары мен оқытушылары, мектептердің директорлары, олардың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары және пән оқытушыларымен бірге жүзеге асырады.
Практиканың базалары болып табылатын мекемелер мен мектептер:
- білім алушылардың практикасын екі жақты келісімдер негізінде (жоғары оқу орны-кәсіпорын) ұйымдастырады және өткізеді;
- білім алушыларға бағдарламаға сәйкес практика өткізетін орындар бөледі;
- білім алушылардың мамандығына сәйкес практиканы өту кезеңінде білім, медицина, құқықтану, технология, өндіріс экономикасы және ұйымдастырылуы мен басқарылуы, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу, жобалау-құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру және басқа салалар бойынша білім алуға қажетті жағдайлар жасайды;
- практика өткізудің жоғары оқу орнымен келісілген күнтізбелік кестесін ұстанады;
- білім алушы-практиканттарға қолда бар әдебиеттерді, техникалық және басқа құжаттарды қолдану, сондай-ақ қажетті жағдайда көбейту техникасын қолдану, егер бұл келісімде қарастырылса, мүмкіндігі беріледі;
- курстық және дипломдық жобаларға (жұмыстарға) материалдар іріктеуде көмектеседі;
- еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігіне байланысты міндетті нұсқаулар жүргізеді: кіріспе нұсқау және жұмыс орнында белгіленген құжаттарды толтыру арқылы жүргізілетін нұсқау, қажетті жағдайда білім алушы практиканттармен жұмыстың кауіпсіз әдістеріне байланысты оқу жүргізеді;
- білім алушы практиканттардың осы кәсіпорында, мекемеде, мектепте белгіленген, соның ішінде, жұмыстын басталуы және аяқталуы уақыты қоса белгіленген ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді;
- өндірістік қажеттілікке байланысты неғұрлым дайындығы жақсы білім алушы-практиканттарды мектепке белгіленген қызметке анықталған тариф бойынша ақы төлеп, уақытша жұмысқа алады;
- кәсіптік практиканы етіп жатқан білім алушылар жазымға ұшыраған жағдайда сол үшін толық жауап береді.
Кәсіпорын жағынан тағайындалған практика жетекшісі білім алушылардың мектепте күнделік жүргізуін, білім алушы-практиканттардың есебін дайындауын бақылайды, оларға жеке тапсырмалар мен практика бағдарламасынын орындалуы туралы деректері бар кәсіптік мінездеме береді.
Білім алушылардьщ практика өту кезіндегі міндеттері:
- практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толығымен орындау, тәжірибелік-істін күнделігін жүргізу;
- кәсіпорында, мектепте қалыптасқан ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;
- еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және тазалық ережелерін окып үйрену және қатаң сақтау;
- барлық тапсырмалардың орындалғаны жағдайында кәсіпорны жағынан тағайындалған практика жетекшісіне ұсыну;
Білім алушының:
- практика бағдарламасында қарастырылмағаы жұмыстарға қатыспауға;
- бос орын болған жағдайда мамандық профиліне сай ақы төленетін жұмысқа қабылдануға құқығы бар.
Практика туралы есепте білім алушылардың практика ету кезіндегі орындаған нақты жұмыстары туралы мәліметтер және кәсіпорын мен ұйым туралы, оньщ Қызметі, экономикасы, еңбек қорғау мәселелері туралы қысқаша баяндау, ұсыныстар мен қорытындылар жазылуы керек. Есеп беру үшін білім алушыға практика соңында 2-3 күн беріледі. Практика аяқталған соң білім алушы кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссияға дифференциалды бағалы сынақ тапсырады (есебін қорғайды). Комиссия құрамына практика өткізілетін курсты жүргізетін оқытушы, жоғары оқу орны жағынан, факультеттен (кафедрадан) тағайындалған және мүмкіндігінше, кәсіпорын жағынан тағайындалған практика жетекшілері кіреді.
Кәсіптік практиканың қорытындысы кафедрада талқыланады. Практиканың қорытындысы, мүмкіндігінше практиканың базалары өкілдерінің қатысуымен өткізіліп, жоғары оқу орнының ғылыми және факультет кеңестеріне шақырылады. Практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы жарамсыз пікір немесе есебін қорғағанда қанағаттандырарлықсыз баға алған студент жоғары оқу орнынан шығарылады. Оның белгіленген тәртіппен студенттер қатарына қайта алынуына құқығы сақталады. Кәсіптік практикаға кететін шығындарды жоғары оқу орындары мен практиканың базасы болып табылатын ұйымдар қарастырады. Бұл шығындардың мөлшері жасалған келісімдерде белгіленеді. Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытылатын студенттердің кәсіптік практиканың шығындарын білім беру саласының орталық атқарушы органы және практика базасы болып табылатын ұйымдар бөлген қаржылардан жоғары оқу орны қарастырады, ал ақылы негізде оқитын студенттер үшін оқуына төленген қаржы есебінен қарастырылады.
Педагогикалық практикаға жетекшілік еткен мектеп қызметкерлеріне төленетін ақы кәсіптік және педагогикалық практикаға жоғары оқу орны қаржысының есебінен белгіленеді. Практика кезінде практика өткен орнынан алған жалақысына қарамай, білім алушының жалпы негізде степендия алу құқығы саталады.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі кәсіби білім беру, үздіксіз білім беру жүйесінің жоғарғы дәрежесі болып табылады. Оған жеке тұлғаның кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіруге жағдай жасап ғылыми және ғылыми-педагогикалық бүтіндей жоғары дәрежелі мамандарды даярлау жатады.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі кәсіби білім беру, адамдардың жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі білімін тереңдетуі және кеңейту қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі кәсіби білім беру азаматтарға жоғары ғылыми-педагогикалық білім мен жоғары арнайы білім базасыңда білім, ғылым, педагогикалық мамандық деңгейін кетеруге мүмкіндік береді.
Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарына конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес тегін жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі кәсіби білім алуға кепілдеме береді.
Аспирантура және магистратура меншік нысандарына және ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, ғылыми мамандыққа сәйкес жоғары дәрежелі маман кадрлары мен қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу және материалды-техникалық базасы, лицензиясы бар жоғары оқу орындарында ашылады.
Магистратурада және аспирантурада оқу күндізгі түрінде жүзеге асады, күндізгі және сырттай. Магистратура күндізгі бөлімінде оқу мерзімі екі жыл. Аспирантураның күндізгі бөлімінде оқу жоғары арнайы білімі барларға үш жыл. Магистратурада және аспирантурада оқу мерзімі ғылыми-педагогикалық еңбек стажына қосынады. Аспирантар мен магистранттар кафедра мәжілісінде өздерінің дербес жұмыстарының орындалуы жөнінде есеп беріп тұрады және жыл сайын комиссия арқылы аттестациядан өтеді, комиссия құрамында ғылыми жетекшісі кіреді. Дербес жоспарды белгілеген уақытта орындамағандар, кәсіби этика бұзғандар аспирантурадан, магистратурадан шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет