Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет34/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Мамандыққа к лекция

Әдебиеттер

  1. Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.

  2. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.

  3. А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.

  4. Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.

  5. С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.

  6. Подзорова Т.С. Научная организация педагогического труда студентов. -М., 1975.

  7. Тер-Ованесян А.А., Тер-Ованесян И.А. -Педагогика спорта. Киев, 1982.



29-30лекция. Студент еңбегінің гигиенасы.



  1. Студент еңбегінің гигиенасы

  2. Өзін-өзі тәрбиелеу

  3. Педагогикалық кәсіптің пайда болу тарихы

Өзін-өзі тәрбиелеудің дербес мақсатының да маңызы бар. Өйткені дененің саулығы, ақылды, сөзім мен ерікті жетілдіру, ақырында, педагогикалық мамандық қызметіндегі жетістік көп жағдайда адамның өзіне байланысты, кебінесе оның өз қолында. Адам өзімен жұмыс істеу нәтижесінде өзін дүниеге сеніммен қарауға, өз қызметіндегі практикалық жетістікке талпынуға бейімдейді, өзінің ақыл-ойы мен енегелік қабілетін, жан-жақты дамытады және соның нәтижесінде өмірден, адамдардың тамаша туындыларынан, өнерден, әдебиеттен, кескіндеме мен музыкадан барынша ләззат алады, әлемнің қызықты құбылыстарына терең бойлайды.
Адам өзінің қоғам алдыңдағы зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеу рөлі арта түседі. Өйткені өзін-өзі тәрбиелеу - осы заманғы қоғамды құрушы адамдарды жан-жақты қалыптастыру жағдайы. Өзін-өзі тәрбиелеу жолымен әр адам үздік жетістікке жетпегенімен адамның мүмкіндік күшінің зор екендігі соншалық, ол өз мүмкіндігін аша білген жағдайда елеулі өзгеріс жасай алады. Өкінішке орай, көп нәрсе адамның өзіне байланысты екендігін бәріміз бірдей аңғара қоймаймыз. Адамды өне бойы тиімді мақсатқа жетелеуді жеңілдету және оны жүзеге асыруда оның қалыптасқан әдеті ықпал етеді, өйткені әдет мінез құлық тірегі, яғни қаңқасы. Бұл - белгілі бір күн тәртібіне, белгілі бір тұрмыс қалпына, ең бастысы - адам қажет ететін белгілі бір сөзім күйіне дағдылану. Сондықтан әдет - екінші болмыс, - деп бекер айтылмаған. Адам төселген, үйреншікті өмір жолымен жүргендей болады. Қалыптасқан әдетті тастау өте қиынға түседі. Мәселен, адам жаңаша өмір сүріп, бұрынғы көне қарым-қатынастарын үзгісі келеді делік, алайда оны жүзеге асыруды көз алдыңа елестетсе болғаны өзінің өте жайсыздығын сезеді.
Мінез - құлықтағы ерекше маңызды қасиетті - алға қойған мақсатты орындауға деген талпынушылықты сана сезім бақылауында ұстау қажет. Негізінде мінез-құлықтағы жалпы жұртшылық ұнатқан мақсаткерлік құндылық, өмірде едәуір және көрнекті жетістікке жетсем деген жігері, батылдық, табанды мінез-құтық болып табылады. Алайда, ұсақ-түйек іске құныға әуестенген адамдар, әдетте, үлкен іске келгенде қабілетсіз болып шығады. Адамның өмірдегі ұсақ түйек істен арылып, өз назарын ең басты негізгі мәселеге аударғаны ерекше маңызды да, зиянды әдеттің жетегінде кетпес үшін өз мінезінің жақсы-жаман жақтарын терең білуге тырысуы, өзі туралы ойлануы, өзіндегі өресіз пандық пиғылдан арылуы қажет. Өзіңді сырттай бақылаған, ез мінезінді басқалармен салыстырған өте пайдалы. Өзіннің күнделікті қылығын, міндеттемені орындауын, өз ісінді өз мақсатынмен салыстыру, өзіңді біреумен қатар қою арқылы мінезінді тануға болады. Адам мінезі ісімен ғана көрініп қоймайды, ісімен де тәрбиеленеді, шынығады. Әрине адам қиыншылықты әрқашан жеңе бермеуі, түпкі мақсатқа жетпеуі мүмкін, алайда күрестің өзі мінезді шынықтырып, пайдалы әдетті қалыптастыруға, оны табанды етуге ықпал етеді.
Қойылған міндетке жетуге деген тұрақты ұмтылыс тайсалмайтын, табанды мінезге тәрбиелейді. Мұның өзі адам қылығына белгілі бір тұрақтылық беретін өзек іспеттес. Алайда бұл өзектің қалай бағыт алатыны, мінездің адамдардың қарым-қатынасына қалай әсер ететіні, көбінесе оның ақылына байланысты. Мысалы, мінездегі табандылық секілді бағалы қасиет, ақылсыз адамдарды қыңырлыққа бағыттайды. Сонымен табанды, ұстамды мінез, жетілген ақыл-ой мен үйлесіп отыруы тиіс. Мінез үнемі сананың бақылауында болуы тиіс, тек сонда ғана ол адамзат бақыты үшін қызмет етеді. Адамгершілік мейірбандық, басқалар үшін қуана да, ренжи де білу адам бақытының негізін құрайды, өз өміріне деген қуанышты, қанағат сезімін тудырады. Адам өзін бақытты етуі, басқаларға істеген жақсылығына байланысты. Әрбір адам мейірбандық, адамгершілік қылық көрсете отырып, өзінің өнегелілік қарым-қатынас әлемін тани бермеуі мүмкін. Өнегелілік мәдениеті, оның негізін құрайтын адамгершілік, оның борышы, ар-ұят намыс адамға не бере алады? Ең алдымен, биологиялық қажеттілікпен тұйықталуды емес, адам өмірін сәулелендіретін мейірбанды өнегелілік пен қайырымдылық сезімін, нағыз адамгершілікпен өмір сүре білу қабілетін береді. Адамның ойы мен сөзім әлемі түйіскен жерде, оның ішкі дүниесінің нағыз қазынасы басталады.
Өнегелілік мәдениеті адамға ой мен сезімнің бай рухани әлеміне енуіне мүмкіндік берумен қоса, адамгершілігі төмен, ой өрісінің аясы тар, ұсақ, мүдделі пиғылдағы адамдарда кездесетін дүниеқоңыздық, іштарлык, атаққұмарлық секілділерден аулақ болуға, әрі оған тәуелді болмауға жәрдемдеседі. Адамның жеке басының өзі өнегеліліктен, адамгершілік сезім мен қуаныш-реніштен тұратын өте құнды рухани дүниесі болғанымен, ол мұны шындығына келгенде елеп, ескере бермейді.
Өресі кен адамдардың өзінде де әралуан кемшіліктер болуы мүмкін. Шындығында, әрбір адам өзінің өнегелі дүниесін жақсартып, жетілдіре алады, өнегелі қарым-қатынас жүйесіне қосыла алады. Ол үшін, өнегелілік тебіреніс тілі мен өнегелі ойды меңгеріп, бірінші кезекте адамгершілік мейірбандық сезім аясын кеңейту қажет. Өнегелілік сезім тілін меңгеру негізіне тек өз табысы мен жетістіктеріне місе тұтып қана қоймай, басқа адамдардың да; туыстарының, жақындарының, жолдастарыныи, шәкірттерінің жақсы істеріне де қуанышты, мейірбандық сөзімде болуы жатады. Өзін-өзі өнегелілікке тәрбиелеудің мұндай психологиялық негізіне біреудің реніш-қайғысына ортақтаса білу, соған іштей жаны ашу жатады.
Сонымен, басқа адамдарға біздің тәрбиеленушілерімізге көрсетілген мейірбандық ісіміз, оларды қуанышқа, шаттыққа, бақытты өмірге қалыптастыруымыз көп жағдайда жақсылыққа-жақсылық болып оралады. Өзін-өзі өнегелілікке тәрбиелеуде ақыл-ой жұмысы мен өмірдің өнегелілік мәнін ұғынудың ерекше маңызы бар. Ақыл-ойдың аса маңызды қасиеттерінің бірі -өзіне сын көзбен қараушылық, өзінің қабілеті мен білімінің шамасын түсінушілік, өзінің ақыл-ойы қызметінің кемшіліктерін ойлауға талпынушылық. Өз ақыл-ойына сын көзбен қарайтыңдар, әдетте, басқа адамдардың да ақыл-ой жетістіктерін көре біледі, солардан пайдалысын үйренуге талпынады. Бір қызығы адам неғұрлым ақылды болған сайын, ол басқа адамдардан өзіндік үлгі аларлық нәрселерді солғұрлым көбірек байқайды. Ақылы шамалы, өресі тар адамдар, басқа жандардың көленке жақтарын көруге әуес. Адам да күн секілді: ол ақылды болған сайын жарығы да молайып, сәулесін күшейте түседі де, маңайындағы адамдардың өзіндік ерекшілігін көбірек білетін болады. Әсіресе өз шәкірттерінің жетістіктерін кере білудің маңызы зор - бұл оның рухани өсуінің қажетті жағдайы. Тағы бір ескеретін жайт, өз санасына қарама-қарсы сын көзбен қарайтыңдар - өз ісіне масаттанып, ақылын толықтыруға талпынбайтыңдар - жалқаулар мен жігерсіздер болып саналады.
Ақыл-ойды тәрбиелеудің екі өрісін қарастырдық: өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып басқалардың ақыл-ой қызметіне ықылас аудару, екіншіден -масаттанушылық пен үстірт қарау.
Бірінші өріс дербес іргетасқа - ақыл-ой тереңдігіне тіреледі. Құбылысты жан-жақты қарастыра білу, асығыс пікірге, сынаржақтыққа, шектен шығушылыққа, субъективизмге бармау - ақыл-ойдың ен құнды сапасы. Ақыл-ойы терең адам алған білімінің шама-шарқын түсінеді, ғылыми құбылыстарды терең ұғынуға айналадағы материалдық әлемді үйренуге тырысады. Ақыл-ойдың маңызды қасиеті - оның тереңдігі, яғни құбылыс мәнін аша білу, жалғанды қабылдамау жана, соңғы жаңалықтарды таба білу қабілеті. Мұның өзі кәдімгі айтып жүргеніміздей ақыл-ойдыи шығармашылық сипаты. Адам ғылында ғана жетістікке жетіп, жаңалық ашуы міндетті емес. Мәселен, студент өзіне қажетті тың және бағалы дербес қорытынды жасай алуы мүмкін, ол туралы еш жерден оқымаса да, жалпы ғылымда белгілі екені ақиқат. Адамның белгілі шектен шығуына не жәрдемдеседі, ейткені ол бұған дейін өзіне таныс даңғыл жолмен жүріп келді ғой? Адам белгілі бір білім мен қөзқарасқа дағдыланады, ол нақты алдағы адам болмысы мен бұрын ғылымда қалыптасқан ұғымды ойлайды, бағалайды және салыстырады. Жеткен шектен және қалыптасқан білім шеңберінен шығуына қиял көмектеседі. Адам қиялы жарық сәулесі секілді айналадағы қараңғылыққа жарық беріп, тың білімге бастайды, әлемнің жаңа құпияларын ашуға жәрдемдеседі.
Оқытушылық қызметінде шығармашылық қиял өте маңызды екендігі түсінікті. Бұл ең алдымен оқу орны өміріндегі әр алуан проблемалық жағдайларды шығармашылық қиялдау арқылы болжау, сезіну және тиімді шешу, әрбір оқушының өсіп-жетілуін жобалау, оның психикасындағы шамалы болса да қолайлы өркендерді көре білу және оны одан әрі қалыптастыру қабілеттілігі. Адамның ақыл-ойын дамытуға бола ма? Егер мұның өзі табиғи физиологиялық ауытқуға, белгілі бір сырқатқа байланысты болмаса, онда әбден мүмкін. Егер адамға өмір сүрген ортасының, күшті ақыл-ойдың, ұжым тарапынан болған дұрыс сынның ықпалынан, оның бойындағы масаттанушылықты, қиқарлықты жеңуге мүмкіндік туса және ол өзіне сый көзімен қарайтын болса, онда ақыл-ой әрекетіндегі қалыптасқан дағдығы, талдау механизміндегі материалды дәлелдеудегі нақты кемшіліктерін түзету онша қиынға соқпайды. Оның үстіне логика (қисын) жайлы оқулық та бар ғой. Әрине адам ана тілінде сөйлеуді үйренетіні секілді, қарапайым ойлау әдістерін де оқулықсыз-ак меңгере алады. Алайда, ойлаудың, талдау, сараптау және дәлелдеу секілді біршама қарапайым операцияларында олқылықтар мен кемшіліктер байқалса, онда адамның өз ынтасының және ақылды ұстаздың жәрдемімен адамның ақыл-ойын оп-оңай түзетуге болады. Сонда, кез-келген адам өзін дұрыс жолға сала алады.
Адамның жоғарыда бағалы аталған қасиеттеріне - ғылыми немесе тәжірибелік өмірлік көкейкесті мәселелерді тиімді шеше білуіне, құбылыстың немесе істің мәніне көңіл аударуына, олардың себептерін анықтауына және нақты, дәлелді қорытыңды жасауына бағыт берудің айрықша маңызы бар. Көпшілік мақұлдаған тұжырым бойынша, адамның ілімдік көкейкесті мәселелерді тиімді шешу қабілеті - бұл ғылымдағы ойлық көрініс, ал тәжірибелік мәселелерді шешу қабілеті - әдеттегі ақыл-ой деп аталады. Қабілеттіліктегі мұндай қарама-қайшылықтың болатын себебі, ғалым ғылыми құбылыстың мәнін терең аша тұрса да, күнделікті тұрмыстық, практикалық мәселелерде, адамдармен қарым-қатынас жасауда дәрменсіз, анкау, күлкілі, тіпті бір қарағанда мүлде олак болып көрінуі мүмкін. Тәжірибелік ақыл-ойы күшті адамдар, өз кезегінде, ғылыми мәселелерді шеше алмауы жиі байқалады. Адамның акыл-ойы көрінуі үшін, белгілі бір іс-әрекетте тәжірибесі және оған деген қызығушылығы, тиісінше білімі, ынтасы болуы тиіс. Тәжірибеде, күнделікті тұрмыста, сондай-ак біріңғай ғылыми жұмыста ақыл-ойдың себеп - салдар байланыстары мен тәуелділігін анықтау, талданатын құбылыс пен оқиғаның мәніне үңілу, оның себептерін, терең мінез-құлқына, шыдамдылығының көп немесе аздығына, жеке мүддесіне және сезімталдығына, сондай-ақ белгілі бір өндірістік, ілімдік қызметке қатысуына байланысты ақын-ой жақсы, әрі тиімді дамуы немесе бірыңғай ғылыми немесе практикалық жағынан жетілуі мүмкін.
Оқытушы педагогикалық қызметін ойдағыдай орындау үшін ақыл-ойдың ілімдік және тәжірибелік жақтарын үйлестіре білуінің айрықша маңызы бар. Әрине, ақыл-ойы дамыған адамның арманы - өз ақыл-ойын тәрбиелеуді жетілдірудің қуатты тұтқасы. Адам арманы нақты бір кісінің тартымды сөзімдік бейнесі, сондай-ақ бірнеше кісінің жинақталған ақыл-ой сапасы болуы мүмкін. Өмірді бақылау, көрнекті ойшылдардың, ғалымдардың, саяси қайраткерлердің, жазушылардың, педагогтардың өмірбаянымен танысу - осындай арманның қалыптасуына ықпал етеді.
Ақыл-ойды тәрбиелеу жолдарының бірі - ойлау әрекетінің бірқатар жиынтық амалдарын (талдау, саралау, салыстыру, дәлелдеу т.б.) былайша айтқанда, белгілі бір кезекпен атқарылатын жұмыс жүйелерін қарастыру. Оймен сөздің айқындығы әдетте қатар кездеседі, сондықтан әуелі сөйлейтін сөзіңді айтпас бұрын ойды қорытып, нақты сөздеріңді жұтпауын қажет. Ол үшін адам өз зейінің аудара білуі, өзін тыңдай білуі, түзету енгізу және сонымен қоса, әрі қарай не айту қажеттілігін, өз айтқанын қорғауды т.б. ойластыруы қажет. Мұндайда ең бастысы ақыл-ойды ез бетінше жетілдіру дерексіз оқшауланған процесс еместігін ескеру қажет. Ол студенттің оқуында, қоғамға пайдалы қызметінде серік болады. Педаготтың мамандықта ақыл-ойға ынта қою, жағдайды талдау, тиімді жолды іздестіру, болжам ұстау, оны дәлелдеу немесе анықтығын бекерге шығару, ойдың жүйелілігін, тереңдігін және ауқымдылығын анықтау үшін қолайлы мүмкіндік туады. Адам ойының бар ынта - ықыласымен жұмыс істеуінің, кәсіптік қызметінің процесін тиімді ұйымдастыруының өзі-өз ақыл-ойын тәрбиелеудің маңызды жолы. Адам өзінің шығармашылық мүмкіндігі мен танымдық мүддесін ұлғайтудың екінші жолы - өз білімін көтеру.
Өз бетімен білім аяу, әрине, алдына қойған міндетіне, жоспарына және ақыл-ойының дамуына қарай түрліше болуы мүмкін. Бір адамдар барлығын да көбірек білгісі келеді. Олар барлық білім, енер саласын құныға оқиды. Ал, кейбіреулер білімнің жеке бір саласына айрықша ден қойып, сол салада ғана білімін толықтырады да, басқасына көңіл бөлмейді. Өз бетімен білім алудың мәнін дұрыс түсінуде, білімді жетілдіру жұмыстарының жүйелі жолдарына арналған бағдарлама белгілеу көп жәрдемдеседі. Мұндай бағдарламанын дұрыстығы, нақтылығы өз бетімен істелетін жұмыстың реттілігіне, ұтымдылығына байланысты.
Ерекше атап өтетін жайт, өз бетінше білім алудағы көптеген мәселелердің ішінде педагогикалык. білім алудың, педагогикалық ғылымнын даму барысын мұқият қадағалап отырудың, оның соңғы жетістіктерін үнемі зер салудың айрықша маңызы бар. Өзінің психологиялық-педагогикалық біліміндегі олқылықты дер кезінде байқап отырудың зор маңызы бар. Ол үшін педагогикалық әдебиеттерді өз бетінше бағдарлап отыруды, қажетті әдебиет түпнұсқаларының библиографиясын іздестіруді, оқылатын тақырыптың ғылыми деректерін талдауды және қорытуды, педагогикалық жұмыстарда кездесетін жетекші қағидалар мен айғақтарды мақсатты түрде бөлуді, жүйелеуді және сын тұрғысынан ойластыруды үйрену қажет. Сонымен, жекелеген ойлау жұмыстарын жетілдіре отырып, тұтастай алғавда біз өзіміздің ойлау қызметіміздің мәдениетін көтереміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет