Электрлік шамаларды өлшеу әдістері1. Токты өлшеу
Электр тогын өлшейтін құралдары амперметрлер деп аталады.
Электр өлшегіш құралдары электр тогы жэәне кернеуін өлшеуге қолдланылады. Мұндай жағдайларда, электр тізбектеріне жалғау тәсілдері мен өлшенетін тізбектің кедергісіне сәйкес олардың айырмашылығы болады.
Амперметр тізбектегі токты өлшеуі үшін оның бойынан өлшенетін ток тікелей өтуі керектігіне байланысты, тізбекке тізбектей жалғанады.
Сол себепті, амперметрде кернеу түсуі сезілмеуі үшін, кедергісі өте аз болуы тиіс.
Тұрақты ток тізбегіндегі шамаларды өлшеу үшін, көп жағдайда магнитоэлектрлік өлшеу құралдары пайдаланылады, ал ток жиілігі 50Гц шамасындағы электр тогы үшін электромагниттік жүйедегі амперметрлер колданылады.
Амперметрлерді өлшенетін электр тізбектеріне тікелей жалғау көптеген жағдайларда мүмкін бола бермейді, өйткені өлшенетін ток шамасы кейбір жағдайларда, құралдардың қозғалатын бөлігіне қажетті ток шамасынан артық болады. Сондықтан тұрақты ток шамасын өлшегенде амперметрлерге параллель шунттар жалғанады, бұл өлшенетін токтың бңр парасын шунттар арқылы өткізуге мүмкіндік тудырады (сурет 3.7)
Сурет Амперметрді тұрмыстық жағдайда жалғау схемасы
Кирхгофтың бірінші заңы бойынша, шунт жағдайында амперметр өлшейтін ток шамасы:
Iмах= IАН + I ш
Мұндағы I max - тізбектегі токтың максимал шамасы;
IAH - шунтсыз жағдайдағы амперметрдің номинал тогының мәні;
IШ - шунт арқылы өтетін ток шамасы.
Егер амперметрдің шкаласын шунтты есепке ала отырып градирлейтін болсақ, онда өлшенетін I ток шамасы құралдың тікелей көсетуі бойынша алынады.
Айнымалы токторды өлшеу барысында шунттар пайдаланылмайды. Өйткені, ток шунт және амперметрлерге бөлінгенде олардың тек актив кедергілерінен басқа, ток жиілігіне байланысты орын алатын реактивті кедергілері пайда болады. Сол себепті, амперметрлердің айнымалы ток тізбектеріндегі өлшеу шегін арттыру мақсатында, ток өлшегіш трансформаторлар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |