Лекция. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы


Жарықталынудың бірінші заңы



бет30/31
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120175
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Жарықталынудың бірінші заңы. Жарық ағынына перпендикуляр ауданның жарықталынуы нүктелік жарық көзінің күшіне тура пропорционал және ауданнан жарық көзіне дейінгі ара қашщтықтық квадратына кері пропорционал болады:

мұндағы Е— жарықталыну, І - жарық күші, r - ауданнан жарық көзіне дейінгі арақашықтық.
Жарықталынудың екінші заңы. Егер жарық ағыны ауданға бұрыш жасай түсіп тұрса, онда ол ауданның жарықталынуы Е = Ео cos a болады.
Осы екі заңды біріктірсек, жарықталынудың біріккен заңы шығады:



1.Оптика жайлы табиғат құбылыстары, аспан әлеміне қатысты
процестер, кездейсоқ кездесетін керемет оқиғалар, таң қаларлық
құпия көріністер, техникалық, мәдени-тұрмыстық мәселелер көптеп
кездеседі. Олардың бәрімен оқушыларды сабақта таныстырудың
мүмкіндігі де бола бермейтіндігі түсінікті. Сондықтан, ондай
қызықты материалдарды оқушылардың өздерінің өз бетінше оқып
игерулері өте пайдалы болады. Оқушылардың ондай қарекетін
ұйымдастыру - мұғалімнің парызы.
Оқушыларды өздігінен кітап оқуға қызықтыру үшін мұғалім әр түрлі тәсілдерді пайдаланып отыруы тиіс: сабақ үстінде кітаптан қызықты үзінді оқу; кітаптан таң қаларлық сурет-схемаларды көрсету; қосымша әдебиеттерден алынған керемет оқиғалар жайлы сабақ үстінде әңгімелеу, үйірме жұмыстарында және физикалық кештерде оқушылардың өздеріне қосымша әдебиеттерден үзінділер оқыттыру; әр тарау не тақырыптар бойынша оқушылардың әздерінің өз бетінше оқуына арналған қосымша әдебиеттердің тізімін физика кабинетіне іліп, оған назар аударту; сабаққа қызықты әдебиеттерді әкеп көрсету, оның кейбір жерлерін үйде окып келуге тапсырма беру, т.б.
Осындай оймен, үлгі ретінде, жарық құбылыстары жайлы қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттердің тізімін (40 жылға жуық. уақыт аралығында шығарылған) арнайы беріп, олармен жұмыс істеудің кейбір жолдарын көрсетуді мақсат еттік.
2. Жарықтың шағылу және сыну заңдарына қатысты
кемпірқосақ, сағым, полюстік шұғыла, Ай мен Күннің құлақтануы,
шілдеде асфальт жол үстінен "су көлшіктерін" көру, айдаладан
"көлдің керінуі" т.с.с. таң қаларлық құбылыстардың құпия
сырларын осы кітап соңында келтірілген Х.Әбішевтің,
А.Қалығұловтың, Т.Омаровтың, Б.Билимовичтің И.Артамоновтың,
Г.Слюсаревтің, М.Минниарттың кітаптарынан оқып алуды
ұйымдастыруға болады.
Жарықтың табиғаты жайлы дәлелді әрі қызықты материалдар СИ.Вавиловтың, С.Суворовтың, У.Брэггтің, Л.Резниковтың т.т, кітаптарынан табылады.
3. Жарық құбылыстары жайлы неше түрлі қызықты оқиғаларды М.Блудовтық Я.Перельманның, С.Вавиловтың, М.Құдайкүловтың, И.Артамоновтың, И.Лингарттың, Б.Билимовичтің т.т. кітаптарынан және "Энциклопедия чудес", "Ол кім, бұл не?", "Энциклопедический словарь юного физика" сөздіктерінен тауып алуға болады.
4. Жарықтың түрлері мен түстері туралы таң қаларлық құбылыстар А.Қалығұловтың, Ә.Қайдаровтың, У.Брэггтін, И.Лангарттың, М.Миннарттың, Г.Слюсаревтің, Л.Резниковтың, Т.Гнединаның, т.т. кітаптарында байыпты баяндалғанын мұғалімнің білгені жөн.
5. Жарық құбылыстарының заңдылықтарына негізделіп фото-кино-телевизия-электроника техкикасы дамып келетіндігі белгілі. Бұл жайында О.Сәрсенбаев пен К.Айдаров, С.Мұхтаров пен А.Садықов, М.Қүдайқұлов, Л. Кравченко, Ю.Отрищенков, Н.Петрович, т.т. өз кітаптарында қызықты етіп жазған. Мұны пайдалана білу - физика сабақтарын тартымды етіп өткізудің кепілі деп мұғалімнің түсінгені абзал.
6. Жарық құбылыстарына қатысты қызметтің ерекшеліктері мен мамандықтардың қыр-сыры жайлы пайдалы мәліметтерді тізімдегі әдебиеттерден тауып, сабақтарда және кластан тыс жұмыстарда пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет