Лекция. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы



бет29/31
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120175
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Фотометриялық шамалар

Жарық толқындары энергия тасымалдайды. Жарық толқындары тасымалдайтын энергияны өлшейтін және оның адам көзіне тигізетін әсерін зерттейтін оптиканың бөлімін фотометрия деп атайды. Жарық толқындары тасымалдайтын энергияны екі тұрғыдан бағалауға болады: 1) уақыт бірлігі ішінде берілген ауданнан өтетін энергия мелшері (ваттпен өлшенген энергетикалық қуат) бойынша, 2) керу түйсігі бойынша. Осы жарық энергиясының көзге әсер етіп, көру түйсігін туғызатын бөлігі жарық ағыны деп аталады. Басқаша айтқанда, уақыт бірлігі ішінде S аудан арқылы ағып өтетін жарық энергиясының мөлшерін жарық ағыны деп атайды.





мұндағы Ф — жарық ағыны, W жарық знергиясының мөлшері, t — уақыт.


Егер барлық жакқа бірдей жарық шығарып тұрған дененің өлшемдері әсері байқалатын ара қашықтықпен салыстырғанда әлдеқайда кіші болса, ондай жарық көзін нүктелік жарық көзі деп атайды.
Нүктелік жарық көзінен шыккан көрінетін жарық барлық жаққа бірдей таралып, толық денелік бұрышты қамтитын барлық жарық ағыны Ф болса, онда осы жарық ағынының денелік бұрышқа қатынасын жарық күші деп атайды: I = , мүндағы — денелік (кеңістіктік) бұрыш. Бұл бұрыш стерадиан мен (ср) өлшенеді. Толык денелік бұрышта 4 стерадиан болады, олай болса,




Жарық күші канделамен (кд) өлшенеді.


1 кандела (кд) деп температурасы платинаның 101 325 Па қысымдагы қату температурасына тең жарық шығарғыштың ауданы 1/600 000 м2 беттен шығаратын жарық күшін айтамыз.
Жарық ағынының бірлігі ретінде люмен (лм) алынады. Бір люмен дегеніміз жарық күші 1 кд болатын нүктелік жарық көзінің 1 ср денелік бұрыш ішінде шығаратык жарық ағыны: 1 лм = 1 кд • 1 ср.
Жарықталыну және оның заңдары
Көп денелер жарық шығармайды. Осындай денелерге жарық түсірсе, онда сол түскен жарықты дене жан-жаққа шашыратады да, оның өзі жарық көзі тәрізді болып көрінеді. Жарық денеге неғүрлым күштірек түсірілсе, ол денеден көбірек жарық шашырайды. Осындай денелердің жарық-болу дәрежесін сипаттау үшін жарықталыну деген шама енгізіледі. Жарықталыну мына формуламен анықталады:



мүндағы Е — жарықталыну, S — жарық түскен аудан, Ф — жарық ағыны. Жарықталыну бірлігіне люкс (лк) алынады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет