Лекция ХІХ ғасырдың І жартысындағЫ Қазақ Әдеби тілінің структуралық ҚҰрылымы қарастырылатын мәселелер: ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы


-лекция ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ



бет2/4
Дата15.06.2023
өлшемі23,72 Kb.
#101619
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ І ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ СТРУКТУРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

7-лекция
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
Қарастырылатын мәселелер:
1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ қоғамы және әдеби тілдің қызметі.
2. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы.
3. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылысы(оқулық, 73-85 б.).
4. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілінің стильдік ерекшелігі.


1.ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ қоғамы және әдеби тілдің қызметі

ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірінде болған тарихи фактілердің, түбегейлі өзгерістердің, шиеленісе түскен идеологиялық тартыстардың заманы болды.


Аталған кезеңде қазақ елі Россия империясының қол астына кіріп болды. Патриалхалды-феодалдық кезең жойылып, жаңа әлеуметтік-экономикалық тіршіліктің іргетасы қалана бастады. Қала орнады, сауда жанданды, отырықшылық басталды, егіншілікпен айналысу орын ала бастады. Мәдени рухани өмірлерінде жаңалық болып, оқу-білім орындары пайда бола бастады. Орынбор, Торғай, Омск, Перовск қалаларында мектептер ашылды.
Азаматтық оқумен қатар мұсылманша діни оқу да осы кезеңде жанданды. Бұқара халықтың білімге, ғылымға деген санасы оянып, сауаттылыққа талпынды. Баспасөз орындары пайда болып, қазақ тілінде кітап бастыру ісі қолға алынды. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Қазанда 400 астам кітап бастырылып, тең жартысы жарияланыпты. Орыс ғалымдары қазақ тілін зерттей бастады. Ауыз әдебиеті мұралары жинақталып, баспа бетін көрді. Қазақтың жаңа жазба әдебиеті пайда болды.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында, қоғамтанушылардың пайымдауынша, қазақ қоғамының рухани дүниесінде бір-біріне қарама-қайшы екі ағым болды, бірі – кертартпа-феодалдық идеологияны жақтаушылар, екіншісі – прогрессивтік-демократиялық идеологияны ұстанушылар. Біз білеміз, бұл көзқараста сол кездегі саясаттың ықпалы. Себебі феодалдық қоғам қазақ үшін ең қажетті қоғам болды.
Аталған екі тенденцияның қазақтың әдеби тіліне де тікелей әсері болды. Тілді пайдалануда да демократизация сипаты болды, мәселен, жазба тіл үстем тап өкілдері мен ислам дінін ұстанушыларға ғана қызмет етпей, оған қалың бұқара мүддесін өтеу талабы қойыла бастады.
Әрі осылардың бәрі сөз етіп отырған дәуірде жазба тілдің екі типінің қатар өмір сүруіне әкеп тіреді. Бірі – «кітаби тіл», екіншісі – қазақтың бұрыннан келе жатқан төл әдеби тіліне негізделген жазба тілі. Мұны қазақ филологиясында жаңа жазба әдеби тіл немесе ұлттық жазба әдеби тіл дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет