Лекция Жиын ұғымы, элементі


,3,4,5,9,25 сандарының бөлінгіштік белгілері



бет14/37
Дата03.11.2023
өлшемі1,35 Mb.
#121530
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
2,3,4,5,9,25 сандарының бөлінгіштік белгілері
Санаудың ондық /немесе басқа позициялық/ жүйесіндегі х санының жазылуы бойынша оны b-ға бөлуді тікелей орындамай-ақ, х саны в-ға бөліне ме, соны білудің ережесін в санына бөлінгіштік белгісі деп атайды.
Бізге х=аn10nn-1 10n-1+...+а1 10+а0 берілсін. Осы түрдегі санның 2,3,4,5,9,25 сандарына бөлінгіштік белгілерін қарастырайық.
1. Егер х санының ондық жазылуы 0,2,4,6,8 цифрларының бірімен аяқталса, сонда және тек сонда ғана х саны 2-ге бөлінеді.
Дәлелдеу. 10:2 болғандықтан, 10:2, Ә, 10n:2, демек, (аn10nn-110n-1n-2 10n-2+...а110:2. Егер а0 де 2-ге бөлінсе, онда қосындының бөлінгіштігі туралы теоремадан х санының да 2-ге бөлінетіндігі келіп шығады. Және керісінше, егерх:2 бөлінсе, онда айырманың бөлінгіштігі туралы теорема бойынша а0 де 2-ге еселік болады.
Бірақта а0:2 сонда және тек сонда ғана, егер а0-дің өзі 0,2,4,6,8 мәндерін қабылдайтын болса.
2. Егер х санының ондық жазылуы 0 немесе 5 цифрымен аяқталса, сонда және тек сонда ғана х саны 5-ке бөлінеді.
Дәлелдеу. /алдыңғы теореманың дәлелдеуіне ұқсас-студенттердің жеке өздігінен орындауына арналған тапсырма/.
3. Егер х санының ондық жазылуындағы соңғы екі цифрдан құралған екі таңбалы сан 4-ке бөлінсе, сонда және тек сонда ғана х саны 4-ке бөлінеді.
4. Егер х санының ондық жазылуы не екі нөлмен, не 25 пен, не 50 мен, не 75 пен аяқталса, сонда және тек сонда ғана х саны 25-ке бөлінеді.
5. Егер х санының ондық жазылуындағы цифрлардың қосындысы 3-ке бөлінсе, х саны 3-ке бөлінеді.
6. Егер х санының ондық жазылуындағы цифрлардың қосындысы 9-ға бөлінсе, сонда және тек сонда ғана х саны 9-ға бөлінеді.


Құрама сандарға бөлінгіштік белгілері
Теорема. Берілген х саны құрама а=bc санына бөлінуі үшін мұндағы ЕОБ(b,c)=1, ол санның b-ға да және с-ға да бөлінуі қажетті және жеткілікті болып табылады.
Дәлелдеу.
а) Шындығында х: b және х:с болғандықтан х саны b және с сандарының ортақ еселігі болып табылады. Бірақта в және с өзара жай сандар, сол себепті ЕКОЕ(b,с)= bс. Сондықтан х саны bс-ға бөлінеді.
ә) Айталық, х:а болсын. Онда х:а және а: b болғандықтан х: b, ал х:а және а:с болғандықтан х:с.
Сонымен біз а санның bс санына бөлінуі үшін оның b-ға да және с-ға бөлінуі қажет екендігін дәлелдедік. (ЕОБ (b,с)=1). Осы жалпы тұжырымнан екі өзара жай сандардың көбейтіндісі болып табылатын сандарға бөлінгіштік белгілері келіп шығады. Мысалы, натурал х саны 21-ге бөлінуі үшін х-тің 3-ке де және 7-ге де бөлінуі қажетті және жеткілікті.
ЕОБ(3,7)=1 және х:3, х:7 болғандықтан бұдан х:21 шығады.
Белгі: х саны 6-ға бөлінуі үшін оның 2-ге және 3-ке бөлінуі қажетті және жеткілікті.
Белгі: х саны 12-ге бөлінуі үшін оның 3-ке және 4-ке бөлінуі қажетті және жеткілікті.
Белгі: х саны 15-ке бөлінуі үшін оның 3-ке және 5-ке бөлінуі қажетті және жеткілікті.
Белгі: х саны 18-ге бөлінуі үшін оның 2-ге және 9-ға бөлінуі қажетті және жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет