Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


Тақырыбы: Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі мен ХХ ғ. басы)



бет26/81
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#12222
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Байланысты:
kazedu 201595

Тақырыбы: Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі мен ХХ ғ. басы).


  1. ХІХ ғ. с. өлкедегі әлеуметтік-экономикалық жағдай.

  2. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы.

  3. Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында.

  4. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және 1867-1868 ж.ж. реформалар

XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Кіші Жүз бен Орта Жүз аумағының басым бөлігі Ресей империясының құрамына енді. 1850 жылдары Ресейге Жетісу аумағы қосылды. Осылайша XIX ғасырдың ортасында Ресейдің құрамына енбеген тек Оңтүстік Қазақстанның аумағы, атап айтқанда, Ташкенттен Шуға дейінгі аймақ және Сырдарияның орта ағысынан Ақмешітке дейінгі аймақтар қалды. Себебі, бұл аймақ Қоқан хандығының қол астында еді. 1825 жылы Ұлы Жүзге подполковник В.Шубин басшылық жасаған 120 қазақтан құралған отряд аттанды және көп ұзамай бұл жерде Алатау, Сергиполь, /қамалдары/ бекіністері тұрғызылып, Аягөз және Көкпекті округтері ұйымдастырылды.

Сырдарияда бірінші бекініс салынғаннан кейін, Таушыбек /1851ж./, Ақмешіт

/1853ж./ қорғандарынан қоқандықтарды ығыстыру басталады және Сібір генерал-губернаторы Г.Гасфорттың Сырдария және Сібір әскери тораптарын біріктіру жайлы ұсынысы қабылданады. Осы мақсат үшін Көк су мен Іле өзендерінің арасынан бекініс салу көзделді. 1854 жылы көктемде Ұлы Жүз приставы майор М.Перемышельскийдің басқару мен Верный бекінісі салынды. 1855 жылы бұнда Қапал приставының резиденциясы орналастырылды және Верный Жетісу аймағының орталығына айнала бастады.

1858 жылы Әулиеата ауданыңда қазақтардың қоқандықтарға қарсы ірі көтерілістерінің бірі басталды. Көтеріліс Шымкенттен Пішпекке дейінгі үлкен аумақты қамтыды. Көтерілісшілер Пішпек түбінде қоқандықтарға күшті соққы беріп, Әулиеатаны қоршауға алды, бірақ олар шешуші ұрыста ойдағыдай нәтижеге жете алмай, қоқандықтардың қысымынан Ресей бақылауындағы аудандарға ығысуға мәжбүр болады. 1858 жылы көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорған қамалдарын, Жаңақорған мен Түркістанды қоршауға алады. Қоқан билеушісі Хұдияр хан кейбір қазақ ру басшыларын өзіне қаратып алады да, көтерілісшілердің қарсылығын әлсіретеді. Негізгі көтеріліс орталықтары жаншылғаны мен көтеріліс қоқан билеушілері езгісінің құлауын және Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын тездетті.

Әулиеата, Мерке, Пішпек және Тоқмақтағы қоқан әскерлерінін күшейгенінен қауіптеніп, 1860 ж. полковник Циммерман бастаған орыс әскерлері Қастек бекінісінен шығып, Шу даласы арқылы Әулиеата, Шымкент, Ташкентке аттанады. 26 тамызда Тоқмақты алады, ал 4 қыркүйекте бес күндік қоршаудан кейін қоқаңдықтардың 22 мың адамнан тұратын отряды Верныйға қарай жылжиды. Қазан айында Ұзын ағаш ауданыңда олар Колпаковский бастаған орыс әскерлерімен кездесіп, 19-21 қазан аралығында 3 күнге созылған күрестен кейін қоқандықтар талқандалады. Қазактар қоқандықтарға да, орыстарға да қолдау көрсетіп күреседі.

Ресейдің кезекті шабуылы 1864 жылдың көктеміңде басталды. Полковник Черняев бастаған әскер Верныйдан шығып, 4 маусымда Әулие атаны, полковник Веревкин бастаған әскер Ақмешіттен шығып, 12 маусымда Түркістанды алады. Ал, 22 қыркүйекте Шымкент алынады. 1865 жылы 17 маусымда үш күндік күрестен кейін орыс әскерлері Бұқар эмиратынын аумағына дейін жетеді, ал 1867 жылы оның басым аумағы Түркістан генерал-губернаторлығына қосылады. Осылайша, 1868 жылы бұрын Орта Азия хандықтарының ықпалында болған Қазақстан аумағы Ресей империясының құрамына енеді. Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталады.

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы Ресейдің өзінің ішкі реформаларымен қабаттаса жүрді. Крепостнойлық құқықтардың жойылуы, әкімшілік реформалар, капиталистік қатынастардың дамуы Қазақстанға ықпалын тигізбей қоймады. Отарлау процесін белсенді жүргізу мақсатында патша өкіметі Қазақстанда әкімшілік басқару жүйесін жасауды ұйымдастырады. 1865 жылы реформаларды дайындау үшін арнайы Дала комиссиясы құрылады. Оның құрамына ішкі істер министрлігінің, әскери министрлігінің өкілдері және жергілікті өкілдер кіреді. Комиссияның міндеті реформалардың нұсқасын дайындау еді. 1865-1866 жылдары комиссия қазақ даласын басқарудың жобасын жасайды. Ол екі құжат түрінде пайда болады. 1867 жылы 11 шіддеде II Алексаңцр патша «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ережеге», ал 1868 жылдың 21 қазанында «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережеге» қол қояды.

Ережелерге сәйкес Қазақстан аумағы үш генерал-губернаторлыққа бөлінеді: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір. Барлық әскери және азаматтық басқару генерал-губернатордың қолына шоғырланды, ал Түркістан генерал-губернаторы Қытаймен және Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат алады. Басқару жүйесінің әскери сипаты болды. Генерал-губернаторлықтар облыстардан тұрды. Орынбор генерал-губернаторлығына: Орал және Торғай, Батыс Сібірге: Ақмола және Семей, Түркістан генерал-губернаторлығына: Жетісу мен Сырдария кірді. Бұрынғы Бөкей хандығының аумағы 1872 жылы Астрахан губерниясының, Кавказ әскери округінің қол астында болған Маңғыстау Закаспий облысының құрамына енгізілді.

Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот жүргізуші және тәртіп белгілеуші. Облыс басқармалары әскери губернаторларға бағынды. Басқарма төрағасы вице-губернатор болды. Жетісу және Сырдария шекаралық облыстары шекаралық жұмыстармен айналысты. Олар уездерге бөлінді, олардың саны 34-ке жетті. Уездерді уезд бастықтары басқарды. Оларды генерал-губернатор тағайыңдады. Уезд бастығына полиция, әскери бөлімдер бағыңды. Уездер аумағы жағынан болыстарға, болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Болыс басқарушылары мен ауыл старшиналары жасырын дауыспен, үш жылда бір сайланып отырды.

Сұлтандар өмірінің соңына дейін зейнетақы мен қамтамасыз етіліп, түрлі салықтардан босатылды. Реформа бойынша Қазақстандағы сот құрылысының бірнеше деңгейі болды. Әдет пен шариғат негізіндегі билердің соты сақталды. Уездік әскери соттар жалпы империялық заңдардың негізінде жүзеге асты.

Реформалар негізінде жыл сайын әрбір үйден ақшалай салық алынып отырды, Түркістан генерал-губернаторлығында 2 сом 75 тиын, Орынбор және Батыс Сібір губернаторлықтарында 3 сомға дейін жетті. Егіншілік пен шұғылданатын тұрғындардан өнімнің оннан бір бөлігі ақшалай немесе өнімдей алынып отырды. Үйлердің саны үш жылда бір рет жүргізіліп отырды. Мұсылман дін басыларының құқықтары шектелді, мәселен, молдаларды губернатордың өзі бекітті. Реформаға сәйкес уезд қалаларында мектеп пен медпункт ашу көзделді.

1867-1868 жыддардағы ережелер негізінен уакытша деп есептелген еді. Өйткені, патша өкіметі оны екі жылдың көлемінде жүзеге асырамыз деп ойлады. Бірақ жергілікті тұрғындар Қазақстанды Ресей өз отарына айнал-дырып жатқанын түсініп, қарсылық білдіруінің әсерінен бұл процесс 20 жылға созыдды. Реформалардың ең ауыр нәтижесі Ресейдің Қазақстаңды өзіңдік мемлекеттік иелігіне жатқызуы еді. Қазақтар жаңа тәртіпті қабылдаудан бас тартты.

1886 жылы 2 маусымда, «Түркістанды басқару ережесі», ал 1891 жылдың 25 наурызында «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару ережелері» қабылданады. Қазақстан аумағыңда екі генерал-губернаторлық, біріншісі, Түркістан губернаторлығы, орталығы - Ташкент, оның құрамына Ферғана, Самарқан және Сырдария облыстары кірді. Екіншісі - Дала генерал- губернаторлығы, Орталығы Омбы болды. Оның құрамына Ақмола, Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстары кірді. Облыстарды уездерге бөлу бұрынғы қалпында қалды. Облыс орталықтары болып Верный, Орал, Петропавловск, Семей полиция басқармалары, ал уездік қалалар Ақмола, Көкшетау, Зайсан, Павлодар, Өскемен, Жаркент, Қапал, Қостанай полиция приставтары құрылды. Әр үйден алынатын салық 4 сомға көтерілді, ал жалпы салық жылына 10 сомға дейін жетті. Барлық жер мемлекеттің иелігі деп жарияланды. Сот құрылымы уақытша ережедегідей қала берді. Төменгі сот - халық соты /билер соты/ сақталды. Негізінен соттың және полицияның билігі күшейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет