Лекция жоспары , лекция тақырыбы: Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі, қамтитын мәслелелері


, 14 - лекция тақырыбы: Жанр – тарихи категория



бет13/25
Дата15.12.2023
өлшемі394,79 Kb.
#139507
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
13, 14 - лекция тақырыбы: Жанр – тарихи категория.
Лекция жоспары:


  1. Эпикалық, лирикалық, драмалық жанрлардың өзіндік ерекшеліктері.


  2. Шағын көлемдi эпикалық жанрлар


  3. Орта және кең көлемдi эпикалық жанрлар


Лекция тезисі:
1) Әдебиеттiң тектерi – эпос, лирика, драма; 2) Әдеби шығарманың түрлерi: әңгiме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б … Әдебиеттiң тегi – жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр” (З.Қабдолов).
“Тәжiрибеде әдебиеттiң эпос, лирика, драма сияқты тектерiн жанр деп қате қолданушылық кездеседi. Дұрысында жанр әдебиеттiң тегi емес, тегiнен тарайын iшкi тармақтар” (“Жанр сипаты” атты ұжымдық монография).
“Жанр дегенiмiз – тек пен түрдiң т.б. түрлi көркемдiк компоненттердiң бiр-бiрiне кiрiгiп, түрлiше құрамда қолданылу барысында пайда болған әдеби шығарманың тарихи қалыптасқан түрi” (Д.Ысқақұлы).
Эпос (грекше epos - баян, әңгiмелеу, тарихтап айту) – оқиғаны баяндап жеткiзуге негiзделетiн, кейiпкерлерiнiң iс-әрекетiн, күй-жағдайын, мiнез-қасиеттерiн, өзара қарым-қатынастарын молынан көрсететiн әдебиеттiң тегi. Ол өмiр шындығын мейлiнше мол қамтып, кең суреттейдi, адам мiнезiн мүмкiндiгiнше терең ашып жан-жақты танытатын iргелi, күрделi әдебиеттiң байырғы, негiзгi тектерiнiң бiрi болып саналады. Оның туу, қалыптасу тарихы тым әрiге адам санасының алғаш ояну дәуiрлерiне тамыр тартып жатыр.
Лирика (гр. Lyra – ежелгi гректер үнiне қосылып, ән салған музыка аспабы) – бас қаһарманы ақынның өзi, ақын көкiрегiндегi сезiм-оқырман сезiмi, ақын көңiлiндегi сыр оқырман сыры болып табылатын әдебиеттiң тегi. Мұнда ақынның бiр сәтте жалт еткен нұрлы ойы, сол бойда жарқ етiп тұтас көрiнген iшкi сырлы дүниесi берiледi. Бұл –шындықты адамның iшкi көңiл-күйiне бөлеп, ойы мен сезiмiне астастыра суреттейтiн терең психологиялық шығармалардың түрi.
Драма (грекше drama - қимыл, әрекет) – эпос пен лириканың қосындысынан туған “үшiншi түрi, өз алдына бөлек” аралық әлем - “поэзияның жоғарғы тегi өнердiң биiк өрi” (Белинский) “Әдебиеттiң ең қиын түрi” (Горький); шындықты айрықша тәсiлдермен синтез қалпына келтiрiп, шиелiнiскен тартыстар үстiнде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзi мен iсi арқылы көрерменнiң көз алдында қолма-қол көрсететiн күрделi жанр; кейiпкерлерiнiң диалогы мен монологына және қимыл-әрекетiне негiзделетiн шым-шытырық шиеле-нiскен күрделi тартысқа құрылатын әдебиеттiң тегi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет