Лекция жоспары , лекция тақырыбы: Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі, қамтитын мәслелелері



бет15/25
Дата15.12.2023
өлшемі394,79 Kb.
#139507
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Лекция тақырыбы Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі,-emirsaba.org

Фельетон (франц. Feuilleton - парақ) – француздың парақ деген ұғымды бiлдiретiн сөзiнен шыққан әрi әдеби, әрi газет жанры. Ол әдеби қасиетi мол жақсы үлгiлерiнде кәдiмгiдей көркем бейнелер, қызық мiнездер, сатиралық типтер жасалуымен ерекшеленедi.
Орта және кең көлемдi эпикалық жанрлар
Повесть (хикая) – оқиғаны баяндап айтуға негiзделетiн, қара сөзбен жазылған көлемдi шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрi; композициялық құрылысының жинақылығымен, оқиға желiсiнiң бiркелкi өрiстеп, байсалды баяндалуымен ерекшеленетiн жанр. Мұнда қат-қабат шиеленiскен оқиғалар тiзбегi кездесе қоймайды. Сондықтан кейiпкерлерi аса көп болмайды және сюжеттiк желiсi бiр арнада өрiстейдi.
Поэма (грек. Poiema - туынды) – оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр-толғау түрiнде келетiн көлемдi шығарма. Оның алғашқы нұсқалары – ауыз әдебиетiндегi уақиғалы жырлар болып табылады. Қазақ әдебиетiнде XIX ғасырдың аяғында кең тараған, көбiне шығыстық сюжеттерге негiзделген дастандардың бiр түрi болып келетiн жанр.
Тарихи жыр – белгiлi бiр тарихи оқиғаларға байланысты туған эпикалық жыр. Мысалы, алтын орда, ноғайлы дәуiрiндегi “Едiге”, ”Орақ-Мамай”, ”Мұсахан” т.б.; жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтардағы Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнiбек т.б. батырлар туралы; ұлт-азаттық, бостандық жолындағы бұқаралық күрес сипатталатын “Исатай-Махамбет”, ”Хан Кене”, ”Жанқожа батыр”, ”Бекет батыр” т.б.; сондай-ақ 1916 жылғы патша өкiметiне қарсы халық көтерiлiсi туралы ”Аманкелдi батыр”, ”Бекболат” секiлдi т.б. дастандар.
Дастан (парсы сөзi – тарихи әңгiме, ертегi, батырлар жыры) – Шығыс әдебиетi мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түрiндегi уақиғалы шығарма. Көбiнесе бұрыннан белгiлi ертегi сюжеттерiнiң, аңыз, хикаялардың әдеби өңделген, кейде өлең мен қарасөз араласып келе беретiн түрi ретiнде кездеседi. Мысалы, қазақ ақындарының шығыстық сюжеттер негiзiнде жазған “Рүстем–Дастан”, ”Ләйлi–Мәжнүн”, ”Сейфiлмәлiк–Бәдiғұл–Жамал”, ”Жүсiп–Зылиха”, ”Бозжiгiт”, ”Атымтай Жомарт” т.б. шығармалары.
Қисса – қазақ әдебиетiнде кiтаби ақындардың Шығыс әдебиетiнiң сюжетiне шығарған дастандары, өлеңмен жазылған ертегi-хикая; ертерек кездегi ұзағырақ өлеңмен жазылған әңгiмелердiң атауы. ”Қыз-Жiбек”, ”Қобыланды”, ”Алпамыс”, ”Ер Тарғын” секiлдi эпикалық жырлардың ертеректе Қазан, Петербург, Ташкент қалаларында басылып шыққан үлгiлерiн де қисса деп атаған.
Лиро-эпос жанры – бiр жағынан, лирикалық, сыршылдық сарыны бар, екiншi жағынан оқиғалы болып, эпосқа тән сипатқа да ие болатын шығарма түрi. Көбiнесе лирикалық дастан, лирикалық поэма (С.Сейфуллин ”Аққудың айрылуы”, М.Жұмабаев ”Батыр Баян”) түрiнде кездеседi. Мысалы, қазақ ауыз әдебиетiндегi ”Қыз Жiбек”, ”Қозы Көрпеш – Баян сұлу” атты ғашықтық жырлар. Мұнда сюжетке енетiн образдан басқа лирикалық геройдың образы да айқын көрiнедi.
Эпостық жыр – оқиғаны, жайт-жағдайды баяндап айтуға негiзделетiн көлемдi поэзиялық туынды. Мысалы, ”Қобыланды”, ”Алпамыс батыр”, ”Ер Тарғын” атты т.б. батырлық жырлар. Мұны жаугершiлiк соғыс жайын баян ететiн, батырлар дәрiптелетiн ұзақ поэзиялық шығарма десек те болады.
Роман – сюжеттiк құрылымы күрделi, көп желiлi, кең тынысты, кейiпкер бейнесiн ұзақ байтақ кеңiстiк ауқымында көрсететiн көлемдi эпикалық шығарма. Яғни кейiпкер бейнесi ол өмiр сүрген уақыт, орта, байтақ кеңiстiк ауқымында жан-жақты мүсiнделедi. Оның классикалық үлгiлерiн Стендаль, Бальзак, Диккенс, Тургенев, Толстой, Достоевский, Мопассан жасап, әлемдiк аренаға көтерген. Қазақ әдебиетiндегi жарқын үлгiлерi – Ж.Аймауытовтың. “Қартқожа”, ”Ақбiлек”; М.Әуезовтiң ”Өскен өркен”; Ш.Айтматов ”Боранды бекет”, “Жан пида” атты шығармалары.
Дилогия (грек. Di - екi, logos - сөз, әңгiме баян) – бiр-бiрiмен жалғастырылып, бiр идеялық ой-тұжырымдар негiзiнде жазылған басты кейiпкерлерi ортақ екi шығармамен тұтасып келетiн кесек көркем туынды. Мұнда әр шығарма баяндалатын оқиғасы жағынан тиянақты болып, көбiне негiзгi кейiпкердiң өмiрiндегi белгiлi бiр кезеңдi қамтиды. Сондықтан әрқайсысы жеке кiтап болуға лайық шығармалар болып табылады. Мысалы, И.Ильф пен Е.Петров “Он екi орындық”, ”Алтын бұзау”; Ғ.Мүсiрепов “Оянған өлке”, ”Жат қолында”; М.Мағауин “Аласапыран” т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет