Лекция жоспары , лекция тақырыбы: Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі, қамтитын мәслелелері



бет14/25
Дата15.12.2023
өлшемі394,79 Kb.
#139507
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Шағын көлемдi эпикалық жанрлар
Миф (грек. myfhos - баян, аңыз, мысал) – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмiрiнiң сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтiн фантастикалық баян. Бұл адам баласының сонау алғашқы қауымға тән идеологиялық синкретизм тұсында етек алған аңқау әрi аңғырт ұғым нанымдарынан туған эпостың түрi болып табылады. Мифтi халықтың бүкiл қауым боп қанаттандырған қиялынан туған қымбат қазына, жалпы эпос атаулының басы десек те болады. Миф кейiпкерлерi – құдайлар, батырлар, әр алуан сиқырлы кереметтер болып, тартымды, қызық сюжетке құралатын көркемдiк бояуы қанық, идеясы айқын, аса әсерлi шығармалар. “Адам баласының сәбилiгi туралы” (Маркс) шежiре.
Аңыз – негiзiнде шындық жататын, әсiресе қиял аралас фантастикалық хикая, шындыққа жанасымды, көбiне тiптi өмiрде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жататын халықтық шығарма. Аңызға Асан қайғы, Жиренше шешен мен Қарашаш, Жәнiбек хан туралы ел аузындағы әңгiмелер жатады. Бұл – көркем түрi жағынан мифтi еске салатын, көлемi шағын, оқиғасы қызық, адамдары аз, тiлi таза, идеясы айқын эпостың түрi.
Ертегi – адам өмiрiнде не хайуанаттар дүниесiнде болуға лайық, әр алуан қызық, кейде тiптi ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсiре әңгiмелейтiн көркем баян, әсерлi хикая. Оның жалпы танымдық тәрбиелiк мәнi зор өте зор. Ертегi – “Халық жанының айнасы” (Белинский), ”Ең алдымен халықты мiнездейтiн” (Добролюбов) ауыз әдебиетiнiң үлгiсi.
Мысал – айтылатын өнегелi ойды тұспалдап жеткiзетiн, көбiне өлең түрiнде келетiн, сюжеттi, шағын көлемдi көркем шығарма. Оның тақырыбы сан алуан, кейiпкерлерi аң, құс, балық өсiмдiк дүниесi болып келедi. Кейде оқиғаларына адамдар да қатыстырылып отырады. Мазмұны бүкпелi болғанымен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тiлi мiрдiң оғындай өткiр, шымшыма шымыр. Эпостық шығармалардың iшiндегi ең қысқа түрi осы мысал болып табылады.
Новелла (итал. Novella - жаңалық, соны сөз) – жеке адамдар басынан кешкен оқыс, оқшау оқиғалардан туатын, шағын эпикалық түр ретiнде Еуропадағы ояну дәуiрiнде қалыптасқан түр. Новелланың үздiк үлгiлерiн жасағандар: Италияда Боккаччо (“Декамерон”), Ресейде Н.Гоголь мен А.Чехов, Францияда П.Мериме мен Г.Мопассон, Америкада Эдгар По мен О’Генри т.б. Новелланың әңгiмеден айырмасы онда әдеттегiден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалатын, оқиға желiсi қызықты болып, тосын, күтпеген жерден аяқталады.
Әңгiме – оқиғаны баяндап айтуға негiзделетiн, қара сөзбен жазылған шағын бас-аяғы жинақы, тиянақты бiр оқиға айтылатын көркем шығарма. Мұнда алдымен адам, оның өмiрi мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға суреттеледi. Ерекшелiгi: аз сурет арқылы көп жайды аңғарта бiлетiн айрықша көркемдiктi талап етедi. Сондықтан да қаламгерден нағыз шеберлiк мектебiн талап етедi. Жалпы, әңгiме –жауынгер, ұшқыр, өмiр құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткiр, икемдi, сүйкiмдi жанр.
Очерк – суреттелетiн шындық та, қаһармандары да ойдан шығарылмайтын, өмiрде бар, болған ақиқат пен адам туралы шығарма. Оны өткен шақтың көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан туатын өз кезiнiң үнi, жаңаның жаршысы десек те болады. Ол – беллетристиканың да, публицистиканың да сипаттары бар әрi әдеби, әрi газет жанры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет