Лекция жоспары , лекция тақырыбы: Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі, қамтитын мәслелелері



бет16/25
Дата15.12.2023
өлшемі394,79 Kb.
#139507
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Трилогия – мазмұн-мағынасы, сюжетi жағынан бiр-бiрiмен тығыз байланысты негiзгi кейiпкерлерi ортақ келетiн үш шығарма; яғни әр шығармасы бас-аяғы бүтiн, өз алдына дербес туынды болып келетiн өзара жалғасып, тұтасып жататын үш шығарма. Мысалы, Ә.Нұрпейiсов “Қан мен тер”; І.Есенберлин ”Көшпендiлер”, ”Алтын орда”.
Роман-эпопея (дәуiрнама) – “…Бiр роман кемерiнде бiрнеше роман иiндесе сыйысады… Алайда әр кiтаптың өзiндiк логикалық тынысы бар” (Т.Нұртазин); “Эпостың шыңы, оның негiзгi қаһарманы – халық, суреттер шындығы – халық басынан өткен кезеңдi құбылыстар” (З.Қабдолов).
Эссе – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзiнше толғайтын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттiң жанры. Оған батыл болжамдар мен өткiр ұсыныстар, пiкiр жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар тән болып келедi.
Мемуар, естелiк (франц. сөзi – еске алу) – жазушының өзi көрген, бiлген уақиғаларын, әр түрлi адамдардың мiнезiн, iс әрекетiн сол кездегi алған әсерiн сақтай отырып, сондағы көңiл-күй әуенiмен суреттейтiн туындысы. Яғни, автордың өз көзiмен көрген, қатысып араласқан уақиғалар жағдайындағы өмiрбаян, күнделiк, жол жазбалары түрiндегi шығармалар болып табылады.
Памфлет (ағылшын сөзi - парақ) – негiзiнен нақтылы құбылыстың, саяси топтың жетекшiлерiнiң типтiк ерекшелiктерiн дәл тауып әшкерелейтiн қара сөзбен де келетiн, өлең түрiнде де кездесетiн сатиралық шығарма.
Көсемсөз – нақтылы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, философиялық мәселелердi көтерiп, қоғамдық ойға ықпал етудi мақсат ететiн жанр. Әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкестi, өткiр мәселелерiн қозғайтын, өз кезеңiнiң өзекжарды мәселелерiн арқау ететiн Ұрымтал, елгезек, кезеңдiк жанр.


Пайдаланылатын әдебиеттер:
  1. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Кітапта: А.Байтұрсынов шығармалары. А.,1989


  2. З.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» А., Мектеп. 1973. -212 б.


  3. Қ,Жұмалиев «Әдебиет теориясы» А., 1969.


  4. З.Қабдолов «Сөз өнері» А., Санат. 2002. -360 б.


  5. Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991. Қосымша


  6. З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995


  7. М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969


  8. М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991


  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. - Алматы, Ана тілі, 1995.


  10. Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алматы, 1964.


  11. Атымов М. Көркем шығарма композициясы туралы. - Алматы, 1969.


  12. Белинский В.Г. Шығармалары. Сын мақалалары. - Алматы, 1987.


  13. Добролюбов Н.А. Әдебиет туралы мақалалары. - Алматы, 1955.


  14. Дәстүр және жаңашылдық. Екі томдық. - Алматы, Ғылым, 1980-1981.


  15. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. — Алматы, 1966.


  16. Горький М. Әдебиет туралы. Алматы, 1954; 1984.


  17. Қабдолов 3. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. - Алматы,1996.


  18. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Құрастырған З.Ахметов, Т.Шаңбаев. - Алматы, Ана тілі. 1998. -384 б.


  19. Әдебиеттану. Сөз өнерінің сырлары. Мектеп оқушыларына әдебиетті тереңдеп оқытуға арналған көмекші құрал (құраст. Ә.Дайырова, Қ.Бітібаева, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбаева). - Алматы, Мектеп, 2003.


  20. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. А.Білік. 1999. -750 бет.


  21. Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. А. Мектеп. 2009. -560 б.


  22. Ісімақова А. Асыл сөздің теориясы. А. Таңбалы. 2009. -376 б.


  23. Райыс Ғ. Сөз өнері теориясы. А. Таңбалы. 2010. -524 б.


  24. Абрамович Г.Л. Введение в литературоведение. Москва. Просвещение. 1979. 352 б.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет