Лекция жоспары , лекция тақырыбы: Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі, қамтитын мәслелелері



бет23/25
Дата15.12.2023
өлшемі394,79 Kb.
#139507
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Лекция тақырыбы Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі,-emirsaba.org

Пайдаланылатын әдебиеттер:
  1. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Кітапта: А.Байтұрсынов шығармалары. А.,1989


  2. З.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» А., Мектеп. 1973. -212 б.


  3. Қ,Жұмалиев «Әдебиет теориясы» А., 1969.


  4. З.Қабдолов «Сөз өнері» А., Санат. 2002. -360 б.


  5. Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991. Қосымша


  6. З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995


  7. М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969


  8. М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991


  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. - Алматы, Ана тілі, 1995.


  10. Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алматы, 1964.


  11. Атымов М. Көркем шығарма композициясы туралы. - Алматы, 1969.


  12. Белинский В.Г. Шығармалары. Сын мақалалары. - Алматы, 1987.


  13. Добролюбов Н.А. Әдебиет туралы мақалалары. - Алматы, 1955.


  14. Дәстүр және жаңашылдық. Екі томдық. - Алматы, Ғылым, 1980-1981.


  15. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. — Алматы, 1966.


  16. Горький М. Әдебиет туралы. Алматы, 1954; 1984.


  17. Қабдолов 3. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. - Алматы,1996.




25,26-лекция тақырыбы: Батыс еуропа эстетикасының тарихы (ХҮІІ-ХҮШғғ)
Лекция жоспары:


  1. Классицизм өнері эстетикасы


  2. Классицизм эстетикасының көне грек енері мен қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен байланысы


  3. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты – классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы


Лекция тезисі:
Әдебиеттегі классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге құрылуы шарт). Классицистік әдебиеттегі көркем образдардың дерексіздігі де осыдан туындайды. Олар сананың қатаң есебінен туындап, онда жалпы, әмбебап, «мәңгілік» қасиеттер суреттелді (мизантроп, сараң т.б.). Классицистер өмір құбылыстарының өткінші, кездейсоқ, дара сипатына қарағанда «мәңгілік», әмбебап, абсолютті жақтарын сипаттауға ұмтылды. Классицистер көркем образ дерексіз схема түрінде емес, шынайы тірі жан ретінде көрінуі үшін даралық, кездейсоқтық сипат керек екенін түсіне бермеді. Сонымен классицизм теориясындағы мәнді бір элемент өнердің тәрбиелік мәні туралы ілім.Көркем шығарманы тудыру үстінде классицистер өздеріне қаншалықты дәрежеде жамандықты әшкереледік, жақсылықты қаншалықты паш еттік деп сұрақтар қойып отыратын. Классицизмнің ең мықты шеберлері өнердің үйретушілік, дидактикалық принципін жеткілікті көркем тактпен бере алды, ал дарыны аздаулары жалаң уағызға жүгініп, жауыздар мен батырлардың арасын қақ бөліп суреттеді. Орыс ғалымы Н.А.Жирмунская 1630-1650 жылдардың аралығын драмалық жанрларда классицизмнің принциптерінің әбден орныққан кезі деп көрсетеді. Классицизм теоретиктерінің ойынша сананың қарапайым талаптары сахнадағы оқиғаны жиырма төрт сағат бойына сыйдыруға (уақыт бірлігі), бір орында өтуіне драматургты міндеттейді (орын бірлігі), эстетикалық әсер заңдылықтары драматургтен сюжет сызығының бірлігін талап етеді дейді (әрекет бірлігі). Осыдан келіп орын, уақыт, әрекет – үш бірлік «ережесі» пайда болады.Француз классицистерінің теоретигі Н.Буало болды. Көпшілік оның алдында құрақ ұшып жүгіріп, оның кекесінді бағасынан, әділ сынынан қорқатын. Алайда сыншы шын дарындарды қадірлейтін. Оның өнер теоретигі ретіндегі зор беделі күллі Еуропада ХҮІІ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталып романтизм дәуіріне дейін дүркіреп тұрды. Буало француз классицизмі қалыптасып, өз жемісін беріп жатқан уақытта әдеби сахнаға шықты. Ол негізінен ақындардың тәжірибелерін жалпылап, қорытындысын шығарып берді. Классицизм теориясы, оның жетістіктері мен кемшіліктері Буало атымен тығыз байланысты. Н.Буалоның классицизм теориясы жөнінде жазылған еңбегі «Поэтикалық өнер» деп аталды. Буало авторларға «дарын» дегеннің түсіндірмесінен бастайды да, тым алшаққа кетіп трагедияны «қайғыға толы жүздеген өліктермен» толтыра бермеуге, ештеңеге қажеті жоқ майда-шүйдені суреттей бермеуге, тым асқақтап аспанға көтеріліп кетпеуге, тым төмендеп, былғаныш лайсаңға түсіп кетпеуге» кеңес береді.[3] Яғни жазушыларды салмақтылыққа, ұстамдылыққа, мазмұндылыққа, әр нәрсенің шегін, өлшемін сезіне алуға шақырады. «Ақиқаттан асқан әдемілік жоқ» деген Буало сөздерімен келіспеуге болмайды. Жекелеген ақындарға баға беру үстінде де ол нәзік талғам танытады. Саналылық, ақыл, ой әдеміліктің синонимі ретінде қарастырылады. Ақыры «Сананы сүйіңіз, ол сіздің өлеңіңізде өмір сүріп, оған көрік беріп тұрсын» дейді.Француз классицизмінің бастаушысы Малерб (1555-1628) болды. Малерб мадақ өлеңдер жазатын. Оның өлеңдері салтанатты, қатаң тәртіпке бағынған, біршама суық, сезім шынайылығы жоқ болғанымен, әрқашан мифологиялық атауларға, эпитеттерге бай болатын.Генрих ІҮ Малербті сарай ақыны етіп, камергер атағын береді. Ришелье оны Францияның қазынашысы етіп тағайындайды. Ақындардың ішінен мұндай жоғары ресми қызметке ие болғандары кем де кем. Малерб те өз жолынан жаңылған жоқ. Ол мемлекет саясатын қолдап, оның ішкі тәртібін мадақтап отырды. Малерб Францияда классицизмге жол ашты, алайда классицизмге атақ пен даңқты оның үш алыбы: Корнель, Расин, Мольер әкелді. Корнель мен Расин француз әдебиетінде трагедия жанрының өлмес үлгілерін қалдырса, комедия атасы саналған Мольер бүкіл әлемге классицистік комедияның үлгісін көрсетті.
Қайта Өркендеу Дәуірі, қайта өрлеу дәуірі, Ренессанс – Батыс Еуропа мәдениетінің даму кезеңі (14-16ғғ). Антиктік идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және орта ғасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда кейіннен Еуропаның басқа аймақтарынан таралды.Зайырлы мәденниеттің рөлі артты. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистер деп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндігі мен сыни көзқарасты енгізді. Ренессанс дүниетанымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы — адам, ал Құдай — барлық заттардың бастауы. Қоғам — адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы — өзін таныту, өз күш-қабілетін сезіну ретінде көрініс табады. Сондықтан мұнда «алыптар» аталған ірі тұлғалар: Леонарда да Винчи, Тициан, Петрарка, Сервантес, Пико делла Мирандолла, Бэкон, Кампанелло, Эразм, т.б. өмір сүрді. Тән сұлулығына, адамға деген қызғушылық қайта жаңғырады. Өнерде адам қуанышы мен бақытты талап-тілектері мен құштарлықтары бейнеленеді. Өнерде антиктік адам идеялы, сұлулық пен үйлесімділік. Қазіргі философия ғылымында Эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе мына жәйтпен айқындалады: адамның дүниені эстететикалық тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады: 1) объективті шындықтағы эстетикалық ұғым; 2) субъективті эстететикалық үғым (эстететикалық сана); 3) өнер (субъективті және объективті эстетикалық ұғымдардың бірлігі ретінде). Эстетика дүниені эстететикалық тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін, адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығармылық қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды. Негізгі эстететикалық категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, трагедиялық және комедиялық болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында – өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т.б. жағдайларда дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады.
Ояну дәуірі еуропа мәдениетінің тарихындағы ғылыммен, философиямен және қоғамдық оймен байланысты ең елеулі дәуірі. Мұның басты бағыты – ой еркіндігі мен рацилнализм болды. 17 ғасырда Англияда бастау алған төңкеріс Францияға, Германияға, Ресейге тарайды. Негізі Америка декларациясы мен адам мен азамат құқығын қорғайтын Француз декларациясына негізделген. Осы дәуірде Америка мен Еуропа этикасында өзгеріс болып, құлдықтан арылуға тырысты. Адамдар өз құқығын қорғау үшін әрекет жасады. Мұнымен қатар аристократтық биліктің беделін түсіріп, шіркеудің қоғамға әсерін өзгертті, мәдениет өмір мен адамдардың ой-санасына өзгеріс енгізді. 18 ғасырдың әдебиетін қайта ояну дәуіріне жатқызады. Ояну дәуірі буржуазиялық қоғамға үміт сыйлады. Олар шіркеуге қарсы күрес жүргізіп, барлық адамның заң алдында құқығы бір екендігін айтқысы келді. Осыған сәйкес әдебиеттегі сатира кеңінен дамып, әділетсіздікті әшкерелейтін шығармалар жазыла бастады. Мұнымен қатар театр мен драматургия жанрына ерекше көңіл бөлінді. Өйткені осы екі саланың арқасында көпшілікке бір уақытта үн қатуға болатын еді. Шығармалардың барлығы да реализм бағытында жазылуға тырысты. Буржуазиялық қоғам өз дегеніне жете алмаса да, осы дәуірде тамаша қаламгерлер болды: Вольтер, Дидро, Руссо, Бомарше, Свифт, Дефо, Лессинг, Гольдони. Гете мен Шиллер секілді ағартушылар да болды. Ал Гоцци сынды ержүректер өз туындыларын басшыларға қарсы бағыттады. Ояну дәуірінің эстетикасы Қайта өрлеу дәуірінің дәстүрлерімен тікелей байланысты. Ояну дәуірінің эстетикалық концепциясының лейтмотиві – реализмнің принціптерін қорғау, гуманизімді асқақтату, жеке адамның өнерге деген құлышынысын ардақтау. Ф. Энгельс «Святое семейство» деген кітабында ағылшын-француз материализміне сипаттама беріп, 17-18 ғасырдағы ояну дәуірі идеологиясының философиялық мазмұнын ашып береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет