Лекция жоспары , лекция тақырыбы: Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі, қамтитын мәслелелері



бет19/25
Дата15.12.2023
өлшемі394,79 Kb.
#139507
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
Лекция тақырыбы Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі,-emirsaba.org

Пайдаланылатын әдебиеттер:
  1. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Кітапта: А.Байтұрсынов шығармалары. А.,1989


  2. З.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» А., Мектеп. 1973. -212 б.


  3. Қ,Жұмалиев «Әдебиет теориясы» А., 1969.


  4. З.Қабдолов «Сөз өнері» А., Санат. 2002. -360 б.


  5. Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991. Қосымша


  6. З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995


  7. М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969


  8. М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991


  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. - Алматы, Ана тілі, 1995.


  10. Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алматы, 1964.


  11. Атымов М. Көркем шығарма композициясы туралы. - Алматы, 1969.


10. Белинский В.Г. Шығармалары. Сын мақалалары. - Алматы, 1987.


11. Добролюбов Н.А. Әдебиет туралы мақалалары. - Алматы, 1955.
12. Дәстүр және жаңашылдық. Екі томдық. - Алматы, Ғылым, 1980-1981.

19, 20 - лекция тақырыбы: Сюжеттік элементтер.
Лекция жоспары:


  1. Сюжетке арқау болған оқиғалардың даму кезеңдері


  2. Композицияның сюжетген тыс элементтері


  3. Композиция мен сюжетгің бірлігі мен айырмашылығы


Лекция тезисі:
Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.
Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ
қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.
Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.
Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.
Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.
Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.
Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.
Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.
Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.
Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен
жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.
Композицияның көркемдік қуатылығы--әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені қай (кезде) айту, әртүрлі жағдай, уақиғаның, іс-әрекеттің қайсысын кейінірек баяндау-бұлардың да мәні үлкен. Айталық, басты кейіпкер шығарманың өн бойында үлкен жігерлілік, алғырлық танытып келіп, ал енді ең соңында өмірден торығып, түңілгендей болса, бұдан туатын әсер бір түрлі де, егер осындай торығу, өзін әлісз сезіну шығарманың орта тұсында болып, кейіпкер қайта сергіп, серпіліп, өзінің ширақ, күрескер қалпына келген болса, шығарманың соңында ол осындай күйде болса, мұның оқырманға әсері мүлде басқаша болатыны түсінікті.
Әдеби шығармадағы жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Солардың іінде екі нәрсені салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиі кездеседі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа бандаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі.
Сюжеттен тыс элементтер. Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес, сюжеттен тыс нәрселер де кіреді. Солардың бірі пролог (грек сөзі-алғы сөз)-көркем шығармаға кіріспенің бір түрі. Мұнда кейде негзгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалады, кейде бас кейіпкердің өткен өмірінен бірер көрініс беріледі, кейде автордың көңіліндегі аздаған сыр айтылады. Мысалы: «Шұғаның белгісіндегі» І тарау, бір жағынан прологтың да қызметін атқарып тұр. Екі салт атты бірі-автор да, екінші-әңгімеші Қасымжан. Жол үстінде бірін-бірі ел, жер жайын әңгімелеп келе жатады да, енбі бірде Қасыжанның: «Сол сүрлеумен барып, Шұғаның белгісінен қара жолды қиып аламыз»-деген сөзі автор елең ете қалады.
  • «Шұғаның белгісі» дегеніңіз не нәрсе, тау ма?-дедім.


  • Жоқ, әншейін бір обашық,-деді. Кейін қалып бара жатқан соң, тағы бірр тебініп қатарласып:


  • Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз-ау,-деді.


  • Мен қайдан білейін, бұл жаққа бірінші келуім,-дедім.


  • Білмессіз…сіздер жассыздар ғой,-деді. Маған қрағанда өзі едәуір көпті көрген үлкен адам болып көтеріліп қойды.


  • Сіз білмейтін шығарсыз, жассыз ғой, уақытысында Нұғаның әңгімесін бұл өлкенің баласына шейін біліп болып еді…Өйб шіркін, өзі де Шұға десе Шұға еді-ау!-деді.


Жолдасымның бұл сөзінен мен де Шұғаға ынтықтым. Анығын сұрап білгім келді.


  • Шұғаның әңгімесін айтсаңыз қайтеді, жол қысқарсын,-дедім.


  • Айтайын,-деді


Қара керді тағы тебініп тағы тебініп қатарласты. Жалпылдатып жайылып келе жатқан етегін жинай тақырымына асып, ерніндегі насыбайын ьстап, бір-екі түкірініп алып, ыңғайланып:


- Бұл қызық әңгіме, тыңдаңыз,-деді.
Пролог, біріншіден, шығармаға әншейін кіріспе ғана емес, шығармадағы көркем шындықты қабылдауға дайындық, оқырманды соған үйіре тартып, баурап алатын суреткерлік тамаша тәсіл; екіншіден, шебер жасалған пролог сюжеттен тыс тұрғанмен, композицияға орнымен орайласатын, жіксіз жымдасатын беташар екенін аңғарамыз.
Пролог әр тұста әр сипатта болған. Мысл, Көне грек трагедияларында көрермен көңілін сахнаға аудару үшін арнау, жарлау түрінде қолданған. Бұл тәсіл қазіргі пьесаларда бастаушы, диктор, ақын сөзімен беріледі.
Пролог секілді сюжеттен тыс элементтердің бірі-эпилог (грекше-соңғы сөз)-көркем шығарманы қорытудың бір түрі: тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін тұрып, басты қаһармандардың одан арғ хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де, сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете түседі.
Бұған да мысалды «Шұғаның белгісінен» келтірелік:
«Шұғаның өлген орнын көру Әбдрахманға мақсұт болды. Жұрттың «өлді» дегеніне нанбаған секілді. Бәріміз келдік.
Есімбектің үйі қым-қуыт екен. Келе жатқан көп адамды көрген соң, келіндері далаға шықты. Көздері қып-қызыл!..Зәйкүл ымдап шақырады. Қалтасынан алып бір қағаз ұсынды. Хат екенін білдім. Жүрегім елжіреп, жылап жібердім. Әбдірахман да сезіп тұр екен, оңашарақ шығып оқыдық. Әбдрахманның көз жасы сорғалап хатқа тамумен болды. Сондағы Шұғаның өлерде жазған хаты:…Хаты деген артық жазған ғашық жардың,
Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармен
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың!…»

Сюжет пен тартыс


Сюжет (француз сөзі-зат)-көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі жолы. Көркем шығарманың мазмұнындағы түрліше мінездер мен типтендірудің өзара қарым-қатынасынан туған шындық, оқиғалар тізбегі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі-сыртқы әрекеті ретінде, қозғалыс, ждаму үстінде көрінеді. Сондықтан болса керек, «сюжет дегеніміз,-дейді Горький,-жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы» Сюжет өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі-өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс-әр түрлі адамдардың іс-әрекетіндегі немесе ой-сана, көзқарасындағы қарама-қайшылық. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен абысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы тартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімері, сөздері арқылы олардың характері ашылып, айқындала түседі. Көркем шығармадағы қақтығыстар, жеке суреттеулер арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін оқиға тізбегі бара-бара логикалық тиянақтылық тауып, негізгі шиеленіс-тартыстың түйіндері әбден шешіліп, бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы толық ашылуы аса қажет.


Қалай десек те сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасында тығыз байланы, сабақтастық бар. Өткені, оқиға дегеніміз-адамның басынан кешетін жағдайы, немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал адам мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны дау тудырмаса керек.
Сюжет-бірнеше адамдардың қарым-қатынасындағы белгілі бір кезең, әлеуметтік тартыстың бір көрінісі, сюжеттің аяқталуы-баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, өз шешімін табуы. Жазушы бір не бірнеше оқиғаны суреттеу арқылы кейіпкердің характерін, мінез-бітімін айқын айтып көрсетуі ықтимал. Мәселе кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеу арқылы мінез-сипатын нанымды түрде көрсетуде. Неғұрлым кейіпкерлердің характерлері, бейне-тұлғасы дараланып, әсерлі көрінсе, соғұрлым шығарманың сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі.
Бір-бірімен қарым-қатынасындағы адамдар өзекті оқиғалар арнасында, тұтасқан түрлі қимыл-әрекет үстінде, шиеленіскен шытырман күрес, қақтығыс, қарама-қарсылық ішінде қалыптасады. Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар желі тартып жату себебі де соған байланысты.
Тартыс (латын сөзі-қақтығыс, айқас)-өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамғатән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың нер туындысындағы жинақталуы, суреттеледі. Өнердегі өмірлік тартыс-көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, өнер туындысына тіршілік беріп тұрғн жұлын. Олай болса, әдеби шығармадағы табиғи тартыс-оның сюжет мен композициясын өрбітер өзгеше құрал, қозғаушы күші. Өнер туындысын өмірлік тартысқа құру деген сөз-шығарма сюжетін шиыршық атқан шымырлыққа, коомпозициясын ширақ та шынайы сұлулыққа жеткізу. Әдеби шығарманың оқырманды баурап әкетер тартымдылығы да осында жатады. Сюжеттің, оған өзек болған өмірлік тартыстың әрбір иінінде, бұрылысында оқырманға керегі-дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел (мотивировка): образ үшін психологиялық дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел. Ол жоқ жерде образ да жасанды, оқиға да жалған.
Сюжеттің жаны мен жүрегі тартыс. Ал тартыстан сюжет құрап, қалыптастыратын-композиция.
Тартыс-(латынша-қақтығыс)-көркем шығармадағы сюжет желісінде арқау болатын,айрықша шиеленіскен түрде көрініс беретін қақтығыс, қайшылық, күрес. Конфликт драмалық шығармаларда ширақ, шиеленіскен түрде кездеседі. Ондағы характер*кейіпкер мінезі-қайшылығы мол әрекеттер арқылы ашылып отырады. Горький: «Егер характерлер мықты болса, олардың қақтығыспауы мүмкін емес»,-деген. Көркем шығарма қаһармандарының арасындағы қайшылық, тарты олардың қарым-қатынасынан, іс-әрекеттерінен, әр қилы көзқарастарынан да көрінеді. Әсіресе, драмалқ жанрда мұның екі түрі де анық байқалады. Сахнадағы кейіпкерлердің іс-әрекет тартысы болуымен бірге, іштей өзіндік психологиялық тартыстар да орын алмақ. Эпикалық прозадағы тартыс көбінесе қиншылығы мол оқиғалардың шиеленісі.
М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясындағы негізгі қайшылық, шығармаға арқау болған күрес-артыс туралы айта келіп: «Үлкен қоғамдық шындықты ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығы күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болады»,-дейді. Міне, осыдан байқағанымыздай, адам, мен адам тартысы ғана емес, өтіп бара жатқан дәуір мен жаңа заман арасындаңы қарама-қайшылық та үлкен шығармалардың арқауына айналмақ. Өміре ескі мен жаңаның, жақсылық пен жамандықтың күресі бітпек емес. Әр түрлі қайшылық, қарама-қарсылық қақтығытар өмірде үнемі туып отырады.
Бүкіл дүниежүзілік әдебиеттер тарихына қарап отырсақ, ең таңдаулы шығармалардың бәрі әрқашан терең тартысқа құрылған. Келелі, қиын дәуірлік шындықтың сан иірім сыры тек қана тартыс арқылы ашылады. Қай дәуірде болсын заман болмысы дегенді жай ғана емес, күрелі әрі кесек адам бітіміне жинақтап көрсетеді.
М.Әуезовтің сөзімен айтқанда:
«Абай кезіндегі қазақ даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинадым. Ал оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар.
Сондықтан ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты-ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тисболдым. Демек, Құнанбай образы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс халқының мәдениеті арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні-ескіні көрсету нәтижесінде туды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет