ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер, әдебиет жайлы толғамдары
Ағартушылық реализмнің дамуы
Ағартушылық эстетикасының классицизмнің қайшылықты жақтарын сынауы, қоғамда өнер, білім, ғылымның кеңінен насихатталуы
Лекция тезисі: Ағартушылық – қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында Вольтер, Руссо, Монтескье, Гёрдер, Лессинг, Шиллер, Гёте, Десницкий, Козельский т.б. болды. Олар өз уағыздарын қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластик ой ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырда әлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды.
XVIII ғасырдағы Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б. жаңа леп, соны бағытгар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін ездерін Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, Англия сияқты өркениетті елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды.
Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789-1793 жылдары ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Дегенмен Францияда да ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен бастап, ашық революциялық қимылдарға дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Егер ағартушылардың аға буынының өкілдері – Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиялық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазия- ландыру идеясын ұсынса, феодалдық құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері – Д. Дидро, К. Гельвеций, П. Гольбах басқа пікірде болған болатын. Олар помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды.
Ағартушылық дәуірі Еуропаның мәдени дамуына үлкен ықпалын тигізді. Ағартушылық идеялары шенеуніктер мен буржуазияның санасында және ойында, әрекетінде берік сақталып қалды. Ағартушылық идеялары Батыс Еуропаның университеттерінің өміріндегі белсенділіктің артуына, неміс мәдениетінің жоғары өрлеуіне ықпалын тигізді.
XVIII ғасырдағы Еуропалық мәдениет — XVII ғасырдағы мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет. XVII ғасыр рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғасыр Ағартушылық ғасырына айналды. Бұл дәуірдің ұлы ағартушы — гуманистері: Вольтер мен Руссо (Франция), Гёте мен Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев (Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протестанизм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-соңды болып көрмеген қызығушылықтың пайда болуы және т.б. – осылардың бәрі де жаңа ғасырға тән белгілер еді. XVIII ғасыр құдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті.
XVIII ғасырдағы Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б. жаңа леп, соны бағытгар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін өздерін Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, Англия сияқты өркениетгі елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды. Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789-1793 жылдары ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Құрама Штаттары да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды.
Франциядағы саяси революция, АҚШ-тағы тәуелсіздік жолындағы күрес және Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі Реформация кезеңінен басталып, ұзаққа созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысын шығарды. Ол қорытынды – қоғамның жаңа түрі - «өнеркәсіп өркениетінің» қалыптасуы болды. Бұл кезеңде феодалдық қоғам мен шаруашылықтың натуралдық жүйесі ғана емес, сол қоғамға лайықталып қалыптасқан қоғамдық сана да күйзеліске ұшырады. Моральдық кризис қоғамдағы білімді адамдарды да қамтыды. Қоғамда өз орнын таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына, халықтың қайыршылығы мен құқықсыздығына, қала люпендерінің азғындауына қарсы тұрар күш – мәдениет болды. Ол қоғамда жасампаздық пен шығармашылық рөл атқарды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік өзгерістерге тікелей байланысты болды. Өндіріс саласында, қоғамның базистік құрылымында мануфактурадан күрделі технологияға көшу, шикізаттың жаңа түрлері мен энергия көздерін игеру және т.б. шаралар жүзеге асырылды. Ғылым саласында, бұрын механика-математика сияқты ғылым салалары үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физика, география, биология және т.б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар саласында, әсіресе философия ерекше белсенділік танытты. Философтар қоғамдық өмірге сын көзбен қарап, терең философиялық пайымдаулар жасады. Олардың сынының негізгі объектісі – қоғамдық (мемлекеттік) құрылыс және сол құрылыстың идеологиясы – дін болды. Әлеуметтік қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде шиеленісіп, таптық қайшылықтар асқынған Францияда дінді (католиктік) сынау радикалдық, атеистік тұрғыдан жүргізілді. Гольбахтың пікірінше, дін – барып тұрған өтірік пен сандырақ, сондықтан дінді жоймайынша феодалдардың деспотизмінен құтылып, зорлық-зомбылықты жою мүмкін емес. Ағылшын философы Юм мен неміс философы Канттың көзқарастары мұндай рационализмнен алшақ болғандығына қарамастан, олар да феодалдық идеологияны қатал сынға алды. Олар қоғамдық мораль мен адам тұлғасы діннен тәуелсіз болу керек деп жариялады.
Революция отаны Францияда да Ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен (XVIII ғасырдың бірінші жартысы) бастап, ашық революциялық қимылдарға (XVIII ғасырдың 60- 80 жылдарында) дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Еғер ағартушылардың аға буынының өкілдері – Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиялық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазия- ландыру идеясын ұсынса, феодалдық құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері – Д.Дидро (1713-1784). К. Гельвеций (1715-1771), П. Гольбах (1723-1789) басқаша көңіл-күйде болды. Олар помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды.
XVIII ғасырдың ортасына қарай Еуропаның ірі мемлекеттерінде король өкіметі феодалдық үстемдікке қарсы күресте «үшінші сословиены» өзінің одақтасы деп санамады, ал оның есесіне король өкіметі шіркеумен және дворяндармен ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, оларды осы бір тарихи кезеңде өзіне одақтас етті. Ескі қоғамның барлық саяси күштері бұрынғы алауыздықтарын уақытша болса да ұмытып, халық толқуларына күресте бірігіп күш көрсетті. Өз халқына қарсы бітіспес соғыс жариялаған абсолютті режимнің тағылық әрекеттері мәдениет саласына да ойысты. Қоғамға жат пиғылда жазылды деп танылған еңбектер отқа жағылды, ал ол еңбектердің авторлары түрмеге қамалды. Бірақ еркіндік пен бостандық рухына қарсы небір сұрқия шаралар қолданылса да, ол өз шарасынан төгіліп жатты. Өйткені, заманның рухы, оның тынысы мәдениет пен өнердің барлық салаларында да кеңінен көрініс тапты. Бах, Гете, Моцарт, Свифт және т.б. дарын иелері сол бір қилы заманда туындаған творчестволық шабыт иелері болды. Олар өз замандастарымен де, болашақ ұрпақтың өкілдерімен де «Мәңгілік өнер» тілімен тілдесті, олардың шығармаларының халық жүрегінен терең орын тапқаны соншалық, бұл ұлы туындыларды өнердегі қалыптасқан «стильдер» қатарына жатқызуға болмайтын сияқты.