Лекция жоспары , лекция тақырыбы: Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі, қамтитын мәслелелері


, 4 - лекция тақырыбы: Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері



бет3/25
Дата15.12.2023
өлшемі394,79 Kb.
#139507
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
3, 4 - лекция тақырыбы: Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері
Лекция жоспары:


  1. Өнердің бір түрі ретіндегі сөз өнерінің өзіндік ерекшеліктері.


  2. Сөз өнерінің образдылық-суреттілік табиғаты, мұның әдебиеттің басты ерекшелігі


  3. Көркем бейне және оның жасалу жолдары


Лекция тезисі:
Баяғы Аристотель заманынан күні бүгінге дейін адамнан және оның өмірінен тыс ешқандай сөз өнерінің де, өнер туындысының да болмайтыны дәлелденуде, бұл-дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Өйткені, өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, мұраты, құштарлығы; өнер туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз мүмкіндігінше өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен маңызын суреттейді. Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымының ең басты және негізгі мәселесі – образ және образдылық.Әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты-ойдан шығару.Ойдан шығару-образға апаратын жол; суреткердің өмірде көрген білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару арқылы жазушы болашақ көркем бейненің эстизін алдымен өзі ойша жасап, көз алдына ойша елестетеді. Суреткердің (көз алдына) өз ойында нақты түрде мүсінделмеген, көз алдына затты түрде елес бермеген бейне оның шығармасында тірі қаһарманға айналуы мүмкін емес. Көркем таланттың айрықша құпиясы мен күйі суреткердің өз жасамақ болған көркем бейненің кескін-кейпін түр-тұлғасын өзінше көре білу қабілетіне осыған орай қиял құпиясына ойдан шығара білу күшіне байланысты. Сонымен творчестволық фантазия яғни ойдан шығару шығармада суреттелр шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес сол шындықты сұрыптау саралау тәсілі: шындыққа суарылған адам тұлғасын әрі жинақтау әрі даралау тәсілі образға апарар жол осылай басталады.Образдың қазақшасы-көркем бейне ең қарапайым мағынасында образ – суреттеу сөз. Образ, көркем образ - шындықты танып білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез-келген құбылысты (көбінесе әдеби қаҺарман) образ деп айтады. Мысалы, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы халық образы, Абай образы өнер мен халықтың немесе өнер мен сынның арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Ол тек шындыққа бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды, жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп-төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты кез-келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу (мысалы, «Күлімсіреп аспан тұр». Абай.). Кез-келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі. Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсырын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама-мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образдар Дон Кихот, Гамлет, Фауст, қазақ әдебиетіндегі Шығайбай, Қарабай, Судырахмет т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық образға автологиялық, литалогиялық түрлерге жіктеледі. (автолог-сөздің тура мағынасындағы қолданылуы, мысалы:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім т.б.)
Тарихи даму барысында көркем образдылық ұғымы оның компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, ертедегі Шығыста тұспалдау, астарлау жиі қолданылса, антикалық әдебиетте – классикалық, Қайта өрлеу дәуірінде - борокко (итальян тілінде әшекейлі, астарлы деген мағына), Жаңа европалық әдебиетте - романтикалық, реалистік образдар қалыптасты. Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге: эстетикалық, лирикалық, драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық т.б. болып бөлінеді. Образ әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория.
«Образ» - деген сөз әдебиетте негізінде екі түрлі қолданылады. Бірінші көркем сөз мағынасында, екінші - адам образы - тип мағынасында. Образдың қазақшасы - көркем бейне. Көркем бейне, әдеби қаҺарман, шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы осылардың бәрі - бір-ақ ұғым - образ. Бейнелеу – образдылық болса, бейне - образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада өмір шындығын жинақтау, адам мінезін даралаудың бәрі - образ. Ал «образ -эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі әсем сурет» (Л.И.Тимофеев. Основы теории литературы. М., Прос. 1971.) Образ жасау тек таланттыға ғана тән қасиет. Ал, «талантты жазушының әр образы - тип» дейді Белинский.
Жазушының өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ жайлардан аулақ биік талғамы арқылы жинақтау және даралау әрекетінен әдеби бейне туады. Әдеби бейненің өмірдегі модельдерін өзгерте, құбылта, құлпырта келгенде суреткердің шығармасындағы әр кейіпкердің болмыс бітімінде бір адамның емес, бір алуан адамның сыр-сипаты жатады. Сонда бұл белгі бір әлеуметтік ортадағы бір топ адамның өкілі ретінде танылады.
Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек және күрделі процесс. Нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип - әрі әбден жинақталған, сондықтан өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалқы тұлға. Демек типтің түрі мен мазмұнында «жалпы»мен «жалқының» бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделілігі де осында.
М.Әуезовтің «Абай жолында» ондаған, жүздеген кейіпкер бар: көбі - тип. Мысалы, Құнанбай бейнесі. Ол аса күрделі бейне: әбден дараланған бүкіл ішкі-тысқы бітімі ешкімге ұқсамайды. Мінезі де, ақыл парасаты да ерекше, іс-әрекеті де бірегей, бөлек. Бұл ретте Құнанбай – жалқы тұлға. Сонымен қатар, ол әбден жинақталған, бір Құнанбайды сол дәуірде өмір кешкен күллі Құнанбайлардың бәріне ортақ мінез, бітім, әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай жалпы тұлға, бүтін бір әлеуметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің жиынтығы. С.Мұқановтың «Ботагөзіндегі» Амантай мен Асқар, Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлкесіндегі» Игілік пен Жұман, Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейінгісіндегі» Аман, Шәкен, Х.Есенжановтың «Ақ жайығындағы» Хакім мен Құныскерей т.б. Осылардың әрқайсысы әрі бір адам, әрі бірнеше адамның жиынтығы. Осы жерде Алексей Толстойдың «суреткер жекелеген Иван мен Сидорды ғана ұғып қоймай, миллиондаған Ивандар мен Сидорлардан солардың бәріне ортақ бір кісі - тип туғызу қажет» дегенін есте шығармау керек.
Типтік образ жасаудың осы шарттарының бәрі, түптеп келгенде, көркем әдебиетте ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшеліктерінен құралады да, тип болады. Итбай мен Игілік, Амантай мен Дәркембай солай жасалғандай. Дәл осындай адамдар ақиқат өмірдің өзінде дәл осынау сом тұлға, мықты мінез қалпында болды деп ұғу қажет. Әрине осыларға ұқсайтын Итбайлар мен Игіліктер, Амантайлар мен Дәркембайлар болды. Бірақ олардың бәрі мыналардан әлде қайда шағын, қораш, ұсақ, күйкі болатын. Ал әдебиеттегі үлкен Итбай - өмірдегі ұсақ Итбайларды, Игілік - игіліктерді, Амантай - амантайларды, Дәркембай - дәркембайларды түгел қамтып, тұтастыра көрсететін биік шоқы іспетті. Типтендіру бір адам арқылы өмірдегі мың адамды бірақ қамтып көрсетеді. Адам бар жерде мінез бар, ал өнердегі алуан түрлі мінездің әдебиетте жинақталған бір тұтас типі бар. Мысалы, қатал болса – Құнанбай, сараң болса Қарабай, аңқау болса - Мырқымбай, жалқау болса - Судырахмет дейміз. Өмір мен өнердің бұлайша астасуы, өнердің өмірге айналуы – ұлы құбылыс.
Адам образы қандай топтың өкілі етіліп көрсетілсе сол өз ортасындағы мінез–құлықтардың жиынтығы болады. Образды қай мағынасында алсақ та, өмір шындығын көзге елестету, жинақы, жанды, тұжырымды түрде суреттеу арқылы жазушылар өз пікірін ұсынады. Сондықтын да В.Г.Белинский: «Ақын образбен ойлайды, ол шындықты дәлелдемейді, көзге елестетеді»,-дейді.
Адам образды жасау үшін жазушы не өткен өмірді, не өз кезіндегі бір адамды негізге алады да, соны басқалардан жекелеп, ерекше көзге түсерлік етіп суреттейді. Ол үшін ең алдымен керекті жайт - жеке адамға тән мінез. Әдеби мінез (литературный характер) жайшылықтағы мінезден анағұрлым терең, кең.
Көркем әдебиеттегі жеке адамға тән мінез: адамның мінез-құлқын, наным-сенімін, ой-пікірін, өмірге көзқарасын, психологиясын, күйініш-сүйінішін, тіпті сөздік қорын, оны қолданудағы ерекшеліктеріне дейін қамтиды. Осылардың бәрі бір адамның бойына сиярлық сипат етіп шебер суреттеудің негізінде сол адамның бейнесі, образы, айнаға түскен сәуледей, көз алдымызда тұрады. Осыны образ, не адам образы дейміз.
Жазушылар жеке адамға тән мінездерді жасағанда адамның өмір жолдарын, іс-әрекетін баяндайды, сол арқылы оның мінезінің қалай қалыптасқанын елестетеді.
Ұлы жазушы Әуезов Абайдың әр алуан мінез-құлықтарын сипаттай отырып, оның мінездерінің ішінен адамгершілік, жаңашылдық, демократтық, мейірбандық ойшылдықтар да оған тән негізгі мінез, сипаттар деп бірінші орынға қояды.
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандылығы сияқты, оның түрлері де әр алуан. Әдебиет мұғалімдері образдың екі-ақ түрін атап, түсіндіріп келеді. Олар - жағымды және жағымсыз образ. Әрине, бұл түрлердің белгіленуінде де логика бар: суреткердің әр образды жасау ыңғайына қарай, әр образдың мінез-құлқына, кескін-кейпіне, іс-әрекетіне қарап, оны не ұнатамыз, не ұнатпаймыз. Мысалы, Амантайды, Ботагөзді, Асқарды ұнатсақ, Итбайды, Мадиярды, Кулаковты ұнатпаймыз. Осыдан келіп - жағымды, жағымсыз деп екіге бөлеміз. Мектеп оқушыларының ұғымына оңайырақ болу үшін әлі де болса жағымды, жағымсыз деген анықтағыш сөздер қолданылып келеді. Алайда бұл секілді жадағай, жайдақ ұғыммен місе тұтуға болмайды. Бұл жөніндегі академик З.Қабдолов пікірі төмендегідей: «алдымен, осынау жағымды, жағымсыз деген ұғымның өзі ерсі. Образ дегенді біз тірі адам деп ұғар болсақ, ойлап қараңыз, өмірдегі адам атаулының бәрін жағымды, жағымсыз дегендей ап-анық екі топқа, дәлірек айтқанда екі сортқа бөлуге бола ма? Осының өзі тіпті мүмкін бе? Ылғи ғана жағымды немесе ылғи ғана жағымсыз мінез құлықтан құралған адамдық бітім не болмыс бола ма? Жоқ бұл қиын: әлдебір дайындау мекемесінің елден жиған тері-терсегін сортқа бөлгені тәрізді өмірдегі тірі адамдардың жағымдысын бір бөлек, жағымсызын бір бөлек іріктеп, сорттап шығу мүмкін емес. Өнерде де солай. Айталық, Құнанбай. Адамға тән жақсылы-жаманды не қасиет болса, соның бәрін бір өзіне жинап алған осынау күрделі, кесек тұлғаны тек жағымсыз образ деуге бола ма? Жоқ болмайды. Олай болса, әдебиеттегі адам образын да әлгідей топтау - тым шартты нәрсе»,- дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет