Лекция тезисі: Әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер. Әдеби ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы - әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен мектептерге тән ортақ рухани мазмүндағы көркем ұстанымдардың негізгі шарттарынқамтиды. Көбіне аталған терминдер синоним ретінде де қолдануы мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады. Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм постмодернизм. Натурализм, символизм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экспрессионизм, экзистенциализм әдеби ағымдар болып саналады. Аталған бағыттардың ұлттық әдебиеттерде орын алуы мойындалған тұжырым. Әр бағыттың өзіне тән стилі болады. Әр түрлі ұлттық әдебиеттерде Әдеби бағыттардың бірдей алмасуы олардың нақты жүйе ретімен қалыптасқанын дәлелдейді. Әдебиеттің ұлттық арнасы шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. «Бағыт» деген түсінік алғаш рет Белинский, Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әдеби бағытпен қатар әдеби ағым түсінігі синоним ретінде қолданылып келеді. 20 ғасыр басындағы әдебиеттануда стиль ұғымы кең қолданыла басталды, кейінірек «дәуір стилі» деген ұғым орнықты. Кеңес кезіндегі бағыт пен ағым түсініктері қатар қолданылды. Ең кең тараған көзқарас бойынша, бағыт - бір шығармашылық әдіс біріктіріп түрған кең көлемдегі әдеби-шығармашылық құрылым. Модернизм кеңес әдебиеттануында ауызға алынбай келді, тек теріс бағыт ретінде аталды. Әр бағыттың өзіне тән мазмұнды негіздері бар. Сонымен қатар ол бірден үзілмейтін дәстүр. Мысалы, романтизм бірден үзілмей жалғасып жатты. Қазақ жазба әдебиетінде реализм Абайдан бастап қалыптасты. Реалистік бейнелеу тәсілдері жыраулар поэзиясында да орын алғанын ескерсек, қазақ сөз өнерінің о бастан реалистік бағытқа жақын екені белгілі. Жыраулардың толғауларындағы нақтылық пен өмірдің шынайылығын баяндау қазақ әдебиетінің басты көркемдік бағыты болып табылады. Әдеби ағым - әр бағыттың ішінде орын алатын әдеби құбылыс. Басты ерекшеліктері эстетикалық, идеологиялық негіздерде болуы ықтимал.
Мысалы, романтизм революциялық және консервативтік ағым түрлерінде қарастырылып келді. 19 ғасырдағы Ресей әдебиетінде реализмнің психологиялық және социологиялық түрлері шықты.
Соцреализмнің әдеби ізденістерге бейім және таза идеялық бірнеше ағымдары болды. Реализм мен модернизмнің көптеген ағымдары мен мектептері өмірге келді. Модернизм ағымдары: барокко, натурализм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экзистенциализм, футуризм. Батыс әдебиеттануы бағыт пен ағымдардын бар екенін ескермейді. Әдебиет теоретиктері бұл тұсініктердің нақты емес, бір жерден шықпайтынын алға тартады. Бірақ бірдей әдеби бағдарламалардың бар екенін ескере отырып, бұның орнына олар ұлттық әдебиеттердегі кезенді - дәуір тусінігін қолдануды нұсқайды. Абай жыраулардың тарихи шындықты батыл баяндау дәстұрін жазба әдебиетке әкелді. Ж. Аймауытовты өзінө ұстаз санаған Әуезовтің де стильдік дәстүрін дамытқан шәкірттері бар. 20 ғасыр басындағы А.Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Әуезов ұлттық әдебиетте реализм бағытын орнықтырды. С. Сейфуллин, С.Мұқанов, X.Есенжанов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, 3.Шашкиндер т.б. соцреалистік ағымның әдісін өз шығармаларында іске асырды. Ал Әуезов осы екі ағымды ұштастырып, жаңа стиль таба білді. Сөйтіп ол өз туындыларын осы бағытта жазды.
Ал енді әдеби мектептерге тоқтала кететін болсақ, бірнеше ақын жазушылардың 1 әйгілі ақынның айналасына стихия түрінде жиналып, соның стилін үйренушілікті әдеби мектеп дейміз.
1820-30 жылдарында Пушкиннің әдеби мектебі болды. Бұл мектепке декабрис революционер Рылеев пен Пушкин «пленясының» группасындағы бір келкіжас ақындар Делвик, Воземский,Языков, Баратинский, т.б. бірікті. Бұл жазушы-ақындар Пушкиннің тамаша зор талантының, көркем шығарманың күшті әсерінің арқасында келіп, Пушкин төңірегіне жиналды. Бұладың көпшілігі пушкин айналасында біріккенімен, оның реализм методын толық осіре алмады. Языков, Баратинскийлер Пушкин жасаған тамаша лириканың форма жағын қуалып оның дәуірлик идеяын ала алмады.
Қазақ әдебиеті тарихында Абай төңірегіне құралыған әдеби мектеп бар. Абай өзі үлкен реалист ақын бола отырып, өзі тұтас халық ақындарын, өзінен жас ақындарды айналасына жиинап жақсы өлеңдер жазуға, оқып үйренуге, көп білуге шақырып, тәрбиелеп отырған. Абай төңірегінің мектебіндегі ақындар Көкбай, Әріп, Абай балалары: Ақылбай, Мағауия және немере інісі Шәкәрім. Абай мектебінен шыққан бір қатар ақын тарихи теманы жазды, «Ләйлі-Мәжнүнді» аударды. Ақылбай, мағауиялар Батыстағы романтизмнің сарынымен Кавказды, Зұлысты, Африканы, идеальный махаббаты поэма қып жазды.
Абай мектебі деген ұғымды екі мағынада алып қарастыру бар. Бірі - кең мағына, яғни Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы өкілдерінің дені ақынның әдебиеттегі дәстүрін ұстанушылар, демек поэзия жолындағы шәкірттері. Екінші - мектеп ұғымы тар, әрі нақты мағынада. Бұл тұрғыдан келгенде Абаймен күнделікті қарым-қатынаста болған, ақынның алдын көріп, тәрбиесін алған ақын шәкірттерге қатысты айтылады. Жалпы «Абайдың ақындық мектебі» концепциясына қатысты 1950 жылдардағы даудың негізгі себебінде саяси астар жатқанмен, әдеби айтыстың өршіп кетуінің екінші бір себебі «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымға қай тұрғыда келу керектігінің нақты межесі анықталмағандығында да жатыр. Дәлірек айтқанда әлгі кең мағына мен тар мағынада қарастырудың ара жігі сақталмай, араласып кетті. Тағы бір әсер еткен фактор «ақындық мектеп» деген батыс пен орыстың әдебиетіндегі ұғымды Абай мен оның айналасындағы ақын шәкірттерге қатысты қоданудан барып туындағанын да ескерте кету керек.
Кеңес әдебиетінде Горький мектебі бар. 19 ғасырдағы ұлы классиктердін жолын аяқтатқан, пролетариат әдебиеттің атасы, көркем сөздің генийі –Горький совет әдебиетінде өзінің мектебін ашып, жүздеген жас таланттарды тәрбиелеп балапандай өсіре білген.
Осы күнгі ірі кеңес жазушылары, В.Иванов, Федин, т.б. М. Горькийдің қанатының астында өсіп шықты. Сол сияқты кеңес поэзиясында Маяковский мектепбі өрнекті оры ала білген.
Горький мектебі 19 ғ. Пушкин, Абай мектебіндегі тар мағынадағы мектеп емес, бұл бүкіл кеңес әдебиетінде жазушылар, ұлт республикадағы жазушылар – бәрі де Горькийдің шәкірттеріміз деп айта алады. Сондықтан Горький мектебі бірнеше кеңес жазушыларды маңында емес, бүкіл кеңес әдебиетінің ұлы атасы.
Горький кеңес әдебиетін жасап, реалистік романның биік шыңын берсе, Маяковский дәуірге лайық поэзия тудырып, тоникалық өлең жүйесін жасады. Сондықтан бұлар өзінің төңірегінде әдеби мектебін жасай білген.