Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет59/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70
Қан айналу жүйесі. Қан айналу жүйесі ашық типті. Гемолимфа қан тамырларының ішінде қозғалып, кейін арнайы қабырғалармен шектелмеген дене қуысының бөлімдері –синустарға құйылады.

Аса қарапайым формаларында жүрегінің құрлысы метамерлі: ол-әрбір сегментінде жұп остиясы бар бүкіл дененің арқа жағымен ұзына бойы созылатын түтік (кейбір желбезек аяқтыларда). Бірақ Cladocera–да (Phyllopoda отряды) жүректің қанды араластыруға ғана қабілеті бар, бір жұп остиясы бар. Қапшық деңгейіне қысқаруы байқалады. Жоғарғы сатыдағы шаяндарда да ұзын түтікті жүрегі бар формалары болады (Amphipoda және ауызаяқты шаяндар Stomatopoda –отряды). Онаяқтылардың (Decapoda отряды), мысалы өзен шаянының үш жұп остиясы бар қысқа жүрегі болады.

Қан айналу жүйесі тыныс алу мүшелерінің даму деңгейімен белгілі дәрежеде байланыста. Егер, желбезек қызметін кеуде аяқтарының эподиттері атқарса, онда жүрек түгелімен кеудеде жатады, ал тыныс алуға құрсақта орналасады.

Жүректің алдыңғы ал, кейде артқы шетінен де алдыңғы және артқы аорталар деп аталатын ірі қан тамырлары басталады. Қан айналудың тәсілдері алуан түрлі. Солардан өзен шаянының қан айналу жүйесін қарастырайық. Перикардия қуысындағы жүректен бірнеше қан тамырлары тарайды: алдыңғы аорта; антеннальды артериялар; жоғарғы және төменгі құрсақ артериялары; нерв асты артериясы. Осы қан тамырлары тарамдалып, кейін үзіледі де, ішіндегі гемолимфа сұйықтығы миксоцель қуысына құйылып ішкі мүшелерінің арасымен өтіп, оттегін таратады. Дене қуысынан веналық қан (көмірқышқыл газына бай) венозды қан тамырлары арқылы желбезектерге барады, сол жерде гемолимфа оттегіне қанығады да, желбезек қан тамырлары арқылы перикардийге, одан әрі остий арқылы жүрекке құйылады.

Көп жағдайда шаянтәрізділердің гемолимфасы түссіз, бірақ кейбір кезде плазмада ерітілген гемоглобиннің әсерінен қызыл түске боялған. Кейбір онаяқты шаяндардың (крабтардың біразы) гемолимфасы көгілдір немесе ауа тигенде көкке боялады, ол құрамында мыс және оттегінің тасымалдауын реттейтін тыныс пигменті-гемоцианиннің болуына байланысты.

Шаянтәрізділердің нерв жүйесі. Шаянтәрізділер нерв жүйесі көпқылтанды буылтық құрттардікіне ұқсас. Ол жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглиясыннан, жұтқыншық маңындағы сақина – коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Төменгі сатыдағы (желбезекаяқтылар –Branchioppda класс тармағы) түрлерінің құрсағына екі нерв бағанасы болады, олардың ганглиялары бір-бірімен көлденең комиссуармен жалғасқан сатылы нерв тізбегін құрайды, ал жоғарғы сатыдағыларда екі нерв бағаналары, сонымен қатар ганглиялары да бір-бірімен қосылып, құрсақ нерв тізбегіне айналған, тек көрші ганглилердегі (сегменттердің арасындағы) ұзына бойы коннективтердің жұптығы сақталады да, құрсақ нерв тамырының бастапқыда жұп екендігін көрсетеді. Шаянтәрізділердің әрбір тобында дене сегменттерінің бір-бірімен бірігуіне байланысты жүйке ганглияларының бірігуі және ұзынша келген бағаналардың қысқаруы да байқалады. Мысалы, өзен шаянының антеннула мен антеннаға бастама беретін миынан тыс, денесінің 18 сегментінде 12 ғана нерв түйіні бар, ол: құрсақ тізбегіне бастама беретін - жұтқыншақ асты ганглиясы (3 жұп ауыз аяқтары мен 3 жұп жақаяқтарына сәйкес келетін ганглияларының қосылуы); 5 кеуде ганглиялар (саны дәл осындай жүру аяқтарына сәйкес) және 6 құрсақ ганглилері болады. Крабтар да тек 2 нерв түйіні бар - ми мен кеудедегі жалпы түйін қосындысы (құрсақ түйіндерінің қосылуы нәтижесінде пайда болған). Сонымен қатар, нерв ганглияларының түгелімен бір-бірімен қосылуы ескекаяқты шаяндарға (Сорероdа отряды) және бақалшақты шаяндарға (Оstrасоdа класс тармағы) тән, оларда ас қорыту жүйесін тесіп өтетін жинақты ганглиозды массасы бар.

Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе миы үш бөлімнен құралған: алдыңғы - протоцеребрум, ортаңғы -дейтоцеребрум және артқы - тритоцеребрум. Протоцеребрум күрделі (фасеттік) және қарапайым көздерді, дейтоцеребрум антеннулаларды нервтендіреді, ал антенналарға баратын нервтер жұтқыншақ маңы коннективтерінен басталады. Шаяндарда жақсы жетілген симпатикалық жүйесі бар, ол ішектің жұмысын реттейді.

Басқа буынаяқтылардағыдай шаянтәрізділердің нерв жүйесінде нейросекрет - гормондарды бөліп шығаратын нейросекреторлы клеткалар орналасқан. Олар организмнің ішкі ортасына, гемолимфаға арнайы сөлдерді шығарып, жеке мүшелердің зат алмасу, түлеу, тағы басқа процестерді реттеп тұрады. Шаяндардың нейросекреторлы клеткалары протоцеребрум, дейтоцеребрум және құрсақ нерв тізбегінің әр түрлі бөлімдерінде орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет