Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет55/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Моллюскалар типі – Mullusca

 

Бүйіржүйкелілер тип тармағы Бақалшақтылар тип тармағы



(Ampyineura) (Conchifera)        
Моллюскалар (латынша mollus – жұмсақ, былқылдақ) немесе жұмсақ денелілер, олигомерлы көпқылтанды буылтық құрттардан (Polychaeta) тараған, өз алдына жеке оқшауланған тип. 130 000-нан аса түрі бар. Мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында және құрлықта тіршілік етеді.

Моллюскалар мынандай белгілерімен ерекшеленеді: денесі сегменттерге бөлінбеген, тек кейбір төменгі сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгілері байқалады; целом қуысы личинка сатысында жақсы дамып ересек түрлерінде ол жүрек айналасындағы қапшық (перикардия), гонада қуысы  және саңылаулар немесе синус, лакуналар түрінде қалған; ішкі мүшелерінің арасындағы бос қуыстар дәнекер тканімен  толған; екі жақты симметриялы жануарлар, бірқ бауыраяқты маллюскалар (Gastropoda) өкілдерінің бақлшағы оралуына, соған сәйкес дене мүшелерінің де оралуына байланысты, олардың денесі асимметриялы болып қалыптасқан.

Моллюскалардың денесі бас, тұлға, аяқ немесе тек тұлға және аяқ (қосжақтаулылар класы) бөлімдерінен тұрады. Көбінесе тұлға бөлімі қапшық тәрізді болып, арқасынан қарай өседі, оның ішкі немесе висцеральды қапшық деп те атайды. Аяқ-бұлшықетті, бауыр жағына қарай жалпиып орналасқан, тұлға бөлімінің өсіндісі. Бұлшықеттерінің жиырылып созылып тұруы салдарынан моллюскалар субстрат бойымен баяу жылжиды.

Моллюскалардың денесі кутикула қабатымен қапталған, ал оның сыртын тек моллюскаларға тән, бір қабатты эпителиден құралған, мантия (византиялық тілде mantion – жабын, шапанша) деп аталатын үлкен тері қатпаршағы жауып тұрады. Мантия мен дененің аралығында мантия қуысы пайда болып, онда желбезектері, кейбір сезім мүшелері (осфрадиялар) және бүйрек пен жыныс бездерінің, артқы ішектің тесіктері ашылады. Осы құрылымдар, (жүрек пен бүйректерді қоса) мантия жинағы немесе комплексі деп аталады.

Моллюскалардың тағы бір ерекшклігі – бақалшақтың болуы. Ол мантия жабынында орналасқан көптеген түрлі бездердің шығарған секреттерінен түзіледі дененің сыртқы жағында орналасып қорғаныш қызметін атқарады. Бақалшақ үш қабаттан құралады: органикалық заттан тұратын сыртқы қабат немесе кохионил қабаты;  ізбесті – ортаңғы қалың қабат және жұқа, жылтыр түсті – ішкі інжу немесе перламутр қабаты. Мантия жабыны бақалшақты астарлап жатады.

Басқа омыртқазыздан ерекшеліктері – ас қорыту жүйесіндегі, жұтқыншақ бөлімінде, қоректі ұстайтын ерекше аппарат-радула деп аталатын үккіштің болуы тән.

Қан айналу жүйесі жүрекшелер мен қарыншадан тұратын жүрегінің болуымен ерекшеленеді,  қан айналу жүйесі ашық, яғни қан өз жолында лакуна мен синус түтіктерінің жүйесінен өтеді. Тыныс алу – жүесі әдетте алғашқы желбезектер – ктенидиялар түрінде болады олар жойылып, тыныс алу қызметін мантиянын жұқа қабаты - өкпе атқарады. Зәр шығару жүйесінін қызметін жүрек маңы қапшығымен (перикардиямен) байланысқан түрі өзгерген целомодукталар немесе бүйректер атқарады.

Нерв жүйесі шашыранды – түйінді. Төменгі сатыдағы моллюскалардың нерв жүйесі жүтқыншақ маңындағы сақина – коннективадан және төрт ұзына бойлық бағаналардан тұрады, сатыдағы моллюскалардың нерв клеткалары шоғырланып дененін әрбір бөлімінде жұп жүйке түйіндерін (ганглияларды) құрайды, олар: жұп бас ганглиясы – церебральді, аяқ – педальді, тұлға – висцеральді, өкпе – плевральді, аралық – париетальді.

Ганглиялардың өзара жалғасуынан жүйке бағаналары түзіледі де бүкіл мүшелерге тарамдалады. Бағаналардың атауы түйіндердің (ганглиялардың) жалғасуын байланысты, Мысалы, плевро-висцеральді бағана, церебропедальді т.б.

Моллюскалардың көпшілігі дара жыныстылар, гермофрадиттер де кездеседі. Жыныс деморфизмі байқалмайды. Дамуы көпқылтанды буылтық құрттарға (Polychaeta) ұқсас, яғни жұмыртқаның бөлшектенуі спиральді, детерминативті жолымен жүреді.

Төменгі сатыдағы өкілдерінің жұмыртқасынан трохофора личинкасы, ал көпшілігінде түрі өзгерген трохофоралық личинка велигер (латынша velum – желкен) шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет