Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет67/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Жыныс жүйесi. Насекомдар дара жыныстылар және жыныс диморфизмi айқын байқалады. Мысалы, аталықтары аналықтарына қарағанда едәуiр ұсақ, түсi ерекше (көбiнесе көбелектерде) аталықтарының денесiнде мүйiз тәрiздi өсiнділерi (бұғы қоңызы – Lucanus cervus, мүйiзтұмсық қоңызы – Oryctes nasicornis), мұртшалары жақсы дамыған (зауза қоңыздар - Melolontha, ұзынмұрттылар- Сеrambycidae, жiбек көбелектер - Bombycidae). Аталықтарының қанаттары жақсы жетiлген, аналықтары қанатсыз немесе қанаттары нашар дамыған (қысқы мұр көбелегi — Оperophthera brumata, кокцидтерде — Соссidае, щитовкаларда — Diaspididae, желпуiшқанаттылар отрядының өкiлдерiнде — Strepsiptera).

Аналық пен аталық жыныс жүйесiнiң құрылысы ұқсас. Аналық жыныс жүйесi екi аналық безiнен, екi аналық жолынан, қынаптан, тұқым-қабылдағыш қапшығынан және қосалқы бездерінен тұрады.




Сурет 4. Насекомдардың жыныс жүйесiнің құрылысы: А — аналық жыныс жүйесi; Б—аталық жыныс жүйесi; 1-жұмыртқа безi, 2- жұмыртқа түтiкшесi, 3- жұмыртқа жолы, 4-тұқым қабылдағыш, 5- қосалқы без ,6- аталық без, 7- аталық тұқым жолы, 8- тұқым шығарғыш өзек


Аналық безi бiрнеше түтiкшелерге немесе овариолаларға бөлiнген, олардың саны 1—4, одан да көп (мысалы, термиттерде 2400 жұп).

Әрбiр овариола бiрнеше камераларға бөлiнген, олардың тұйық бiткен ұшындағы камерасы — гермарий, қалғандары — вителлярий деп аталады. Гермарияда жұмыртқа клеткалары түзiлiп дамиды. Содан кейiн жұмыртқалар келесi, қабырғалары фолликулярлы эпителимен астарланған вителлярия камераларына өтiп, сондағы қоректiк клеткалар есебiнен пiсiп жетiледi де, фолликулярлы эпителиден бөлiнген заттардан қабыршақпен қапталады. Бұл жұмыртқа қабыршағы хорион деп аталады.

Жұмыртқаның пiсiп жетiлуiне және өсуiне қарай вителлярия камералары да жұмырқа шығарғышқа қарай бiрте-бiрте кеңейедi.

Пiсiп жетiлген және қабыршакпен қапталған жұмыртқалар аналық безінен аналық жолына жылжиды да, одан қынап арқылы сыртқа шығарылады. Тұқымқабылдағыш қапшығының және қосалқы бездерiнiң түтiкшелерi қынапқа ашылады. Тұқым - қабылдағыш қапшыққа сперматозоидтар жиналып сонда бiрнеше жыл сақталады. Мысалы, бал араның аналығы өмiрiнде бiр рет аталығымен шағылысып, оның сперматозоидтарын тұқымқабылдағыш қапшығьшда 5 жыл бойы сақтайды. Кейбiр насекомдарда бұлшықетті шағылыс қалтасы дамыған, осыған түскен сперматозоидтар кейiн тұқымқабылдағыш қапшыққа өтедi.

Жұмыртқа клеткалары қынап жолында ұрықтанады. Аналықтардың қосалқы бездерiнен бөлiнiп шыққан секретi жұмырқаларын субстратқа жабыстыру үшiн, жұмыртқа пiлләсiн және күбiрше жасауына жұмсалады. Мысалы, шегiртке аналығының қосалқы жыныс безiнен шыққан секреті топырақпен араласып қатып қалады да жұмыртқаларға қоймақалта жасалынады. Шегiрткелердiң, шекшектердiң, кейбiр жарғаққананаттылардың аналық тесiгiнiң айналасында жұмыртқа салғыш деп аталатын өсiндiлерi дамыған, солар арқылы жұмыртқаларын қатты субстратқа салады.

Аталық жыныс жүйесi екi аталық безiнен, екi аталық (тұқым шығарғыш) жолынан, тұқымшашқыш түтiкшеден, шағылыс мүшесiнен және қосалқы бездерiнен тұрады. Аталық бездерi диск тәрiздi, сопақ, шоқтанған бөлшектерi болады, қабырғалары фолликулярлы эпителимен астарланған. Бездiң тұйық бiткен ұшында сперматозоидтар түзілiп дамиды. Пiсiп жетiлген сперматозоидтар аталық безiнен аталық жолына және тұқымшашқыш түтiкшесiне өтiп, одан шағылыс мүшесi арқылы сыртқа шығарылады.

Аталық шағылыс мүшесi эдеагус, кейде пенис деп те аталады. Қосалқы бездерiнiң түтiкшелерi тұқымшашқышқа ашылады, олардан бөлiнiп шыққан секреттен сперматозоидтарды жинайтын сперматофоралар түзiлiп аналық тесiгiне жабыстырылады. Сперматозоидтар сперматофоралардан шығып, қынапқа өтiп, жұмыртқа клеткаларды ұрықтандырады. Сперматофоралардың түзiлүi шағылыс мүшесi жоқ насекомдарда байқалады (тiкқанаттыларда, дәуiттерде, кейбiр қоңыздарда).

8 Лекция. Хордалылыр типі (Chordata). Бассүйексіздер (Acrania) және Қабықтылар (Tunicata) типтармақтары

Қабықтылар Tunicata – хордалы жануарлардан ертеде бөлініп шыққан қарапайым құрылысты топ. Дене формасы қап немесе бөшкетәрізді, ұзындығы 0,3 см-ден 50 см-ге дейін жетеді. Пиросомалардың (шырақтылардың) колониясының ұзындығы 30 м-ден асуы мүмкін. Хордалыларға тән белгілер дернәсілдік (личинкалық) кезеңде анық білінеді, бұларды кейде личинкахордалылар деп атау осыған байланысты. Барлығына ортақ белгі хордасы тек құйрық бөлімінде болады. Сондықтан да оларды құйрықхордалылар деп те атайды. Барлық өкілдері теңіздерде мекендейді. Кейбір түрлері қозғалмай бір орынға бекініп тіршілік етсе, екіншілері су ішінде жай қозғалып тіршілік етеді. Денесі қабықпен немесе туника деп аталатын затпен қапталған. Суды жұтқыншақта орналасқан желбезек саңылаулары арқылы өткізіп, пассивті қоректенеді. Нерв жүйесі ганглиялардан тұрады, ол ауыз бен атриопор тесіктерінің арасында орналасқан. Сезім мүшелері нашар дамыған. Қантасымалдау жүйесі – қуыс типті. Гермофродиттер немесе қосжыныстылар. Көпшілігі жыныссыз жолмен бүршіктену арқылы көбейеді.

Типтармағы 1400-дей түрді біріктіретін 3 класқа жіктеледі.

1 класс – Асцидиялар - Ascidia

2 класс – Сальпалар - Salpae

3 класс – аппендикуляриялар - Appendiculariae.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет