Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет62/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Классификациясы Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді: желбезекаяқтылар - Вгаnсһіороdа, цефалокаридалар - Серһаlосагіdа, максиллоподалар - Мaxillороdа, бақалшақты шаяндар -Ostracoda, жоғарғы сатыдағы шаяндар - Маlасоstraca.
7 Лекция. Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Насекомдар класы
Жануарлар дүниесіндегі ең көп таралған түрлер — насекомдар. Насекомдар класына 2 миллионнан аса түрлер жатады. Насекомдарды жер шарының кез келген жерлерiнен кездестіруге болады. Олар негiзiнде құрлықта тiршiлiк ететiн буынаяқтылар, сонымен қатар теңiз сулары мен тұщы су қоймаларында, тоғандарда, топырақ қабаттарында, ауада кең тараған. Насекомдардың арасында адамға, жануарлар мен өсiмдiктерге зиян келтiретiн түрлерi де көп. Ыстық су қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда да насекомдарды табуға болады.

Насекомдардың ең басты ерекшелiгi — денесi айқын үш бөлiмнен құралған: бас (cranium), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen), үш жұп немесе алты аяғы бар (алтыаяқтылар деген аты да осыдан), тек кана трахея (кеңiрдек) аркылы тыныс алады және көпшілiгi ұшуға бейiмделген.



Құрылысы мен физиологиясы

Басы (Cranium). Насекомдардың басы мойын бунағы арқылы кеудесiнен анық бөлектенген. Басы акроннан (acron) жене бiрігіп кеткен төрт сегменттен құралған. Бiрiншi — интеркалярлы (лат. inter - аралық) сегментi редукцияга ұшыраган, аяқтары жоқ. Екiнші - мандибулярлы сегменттің жұп аяғы бiр буынды жоғарғы жақ аппаратына немесе мандибулаларга айналған, үшінші — максиллярлы сегменттің жұп аяғы буынды төменгi жақ немесе максилла-I, ал төртiншi - лабиальды сегменттің жұп аяғы буынды төменгi ерiн (labellum) немесе максилла-II ауыз аппаратына айналған. Басының алдыңғы жағында /маңдайында/ екi мұртшасы (antennae), екi күрделi фасеттiк көздерi, қарапайым майда көзшелерi орналасқан (анимация).



Насекомдардың екi мұртшасы немесе антеннасы акронның өсiндісі, бiрнеше буыннан құралып, негiзiнде дәм және иіс сезу мүшесiне айналған. Мұртшалардың түрi әр қилы: жiп тәрiздi, қыл, тақта, ара, тарақ, ұршық, түйреуiш, қауырсын, таспиқ тәрiздес (1-сурет).

2-сурет. Насекомдардың мұртшалары: 1 - қылтанақ тәрiздi, 2 - жiп тәрiздi, 3 – таспиқ тәрiздi, 4- ара тәрiздi, 5 - тарақша тәрiздi, 6 - шоқпар басты, 7- ұршық тәрiздi, 8 - тақта мұртша, 9 - иiлме тарақ тәрiздi, 10 –қауырсын тәрiздi, 11 - тiкенектi мұртша
Акронга жалғасқан төрт сегменттерiнiц аяқтары түрi өзгерiп, ауыз аппаратына айналған. Қоректiк заттардың түрлерiне және қоректену тәсiлдерiне байланысты ауыз аппараты кемiргiш, кемiргiш - жалағыш, ксмiргiш - сорғыш, шанышқыш - сорғыш, сорғыш, жалағыш тағы басқа типтес болып келеді.

Насекомдардың ауыз аппараты. Насекомдардың басым көпшiлiгiнiң ауыз аппараты кемiргiш типтi — инелiктерге, тарақандарға, дәуiттерге, тiкқанаттыларға, термиттерге, коңыздарға және көптеген насекомдардың личинкаларына тән. Кемiргiш ауыз аппараты жоғарғы ерiннен және үш жұп жақ аппаратынан құралады: жоғарғы, төменгi жақтан және төменгi еріннен (2-сурет). Жоғарғы ерiн акронның жалғасы, ауыз тесiгiнiң алдыңғы жағын көмкерiп тұрады. Келесi жұп тақта — жоғарғы жақ немесе мандибула (mandibula). Оның iшкi жиегi тiстi немесе аралы. Мандибула басындағы екiнші сегменттiң түрi өзгерген аяғы. Ал үшiншi және төртiншi сегменттердiң аяқтары — төменгi жақ пен төменгi ерiндi құрайды. Бұлар буын-буын болып мүшелiкке бөлiнген. Төменгi жақтың (maxilla I) буындары: негізгi буын, бағанаша, сыртқы қалақша, iшкi қалақша төменгi жақ қармалауышы. Төменгi ерiннiң (maxilla II) буындары: астыңғы иек, иек, сыртқы қалақша, iшкi қалақша, төменгi ерiн қармалауышы. Барлық жақ аппараттары бiрiгiп ауызға түскен қатты жемдердi ұсақтайды, сонымен қатар төменгі жақ пен төменгi ерiн қармалауыштары – дәм және иiс сезу мүшелерi.

Насекомдардың ауыз аппараты.

Насекомдардың басым көпшiлiгiнiң ауыз аппараты кемiргiш типтi — инелiктерге, тарақандарға, дәуiттерге, тiкқанаттыларға, термиттерге, коңыздарға және көптеген насекомдардың личинкаларына тән. Кемiргiш ауыз аппараты жоғарғы ерiннен және үш жұп жақ аппаратынан құралады: жоғарғы, төменгi жақтан және төменгi еріннен (1-сурет). Жоғарғы ерiн акронның жалғасы, ауыз тесiгiнiң алдыңғы жағын көмкерiп тұрады. Келесi жұп тақта — жоғарғы жақ немесе мандибула (mandibula). Оның iшкi жиегi тiстi немесе аралы. Мандибула басындағы екiнші сегменттiң түрi өзгерген аяғы. Ал үшiншi және төртiншi сегменттердiң аяқтары — төменгi жақ пен төменгi ерiндi құрайды. Бұлар буын-буын болып мүшелiкке бөлiнген. Төменгi жақтың (maxilla I) буындары: негізгi буын, бағанаша, сыртқы қалақша, iшкi қалақша төменгi жақ қармалауышы. Төменгi ерiннiң (maxilla II) буындары: астыңғы иек, иек, сыртқы қалақша, iшкi қалақша, төменгi ерiн қармалауышы. Барлық жақ аппараттары бiрiгiп ауызға түскен қатты жемдердi ұсақтайды, сонымен қатар төменгі жақ пен төменгi ерiн қармалауыштары – дәм және иiс сезу мүшелерi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет