Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы-Phytomastigina
Хризомонадалар отряды- Chrysomonadina
Бір-үш талшығы бар, ұсақ талшықтылар, тұщы суларда және теңіздерде тіршілік етеді. Хромотофоралары диск тәрізді сарғыш қоңыр түсті болып келеді. Ассимиляция нәтижесінде - полисахарид-лейкозин пайда болады. Бірнеше колониальды түрлері бар, соның ішінде тұщы суларда кездесетін бұтақ тәрізді колония Dinobryon және шартәрізді-Synura туыстары.
Сауыттылар отряды- Dinoflagellata
Өкілдерінің басым көпшілігінде клетчаткадан құралған сыртқы сауыты болады. Талшықтары екеу: біреуі еркін орналасқан, екіншісі денесін орап жатады. Хроматофоралары қоңыр-сары, кейде жасыл түсті болып келеді. Кейбір түрлері хлорофилл дәндерін жойып гетеротрофты жолымен қоректенуге көшкен (Noctiluca туысы). Ассимиляция нәтижесінде крахмал пайда болады. Тұщы суларда, теңіздерде, судың жоғарғы бетінде қалқып жүріп тіршілік етеді, сол себептен денесінде көп өсінділер жетілген. Негізгі туыстары: Peridinium, Ceratium, Noctiluca.
Сурет 4. Түншырақ Noctiluca, Калифорния жанындағы мұхит
Достарыңызбен бөлісу: |