Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет63/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Кеуде (thorax) Насекомдардың кеуде немесе көкiрек бөлiмi үш сегменттен тұрады; алдыңғы кеуде (protothorax), ортаңғы (mesothorax) және артқы кеуде (metethorax). Үш сегменттің әрқайсысында бiр-бір жұп буындалған аяқтары болады (алтыаяқтылар деп аталуы осыдан). Сонымен қатар ортаңғы және артқы кеуде сегментiнде бiр-бiр жұп қанаттары орналасқан (1- сурет).

Тек қосқанаттылардың артқы кеуде сегментiндегi қанаттары рудиментті болып, ызылдауыққа айналған.

Насекомдардың үш жұп аяқтарының құрылысы бiрдей болып келедi және бес буыннан турады: жамбасша (соха) кеудеге тiркелетiн буын; ұршықбас (trochanter); сан (femur); сирақ (tibia). Сан мен сирақ негiзгi ұзын буындар. Ең соңғысы табан, ол 2 - 5 буыннан құралған Табанның соңғы буынында екi тырнағы болады. Қосқанаттыларда тырнақтарының арасында жұмсақ жастықша тәрiздi төмпешiктерi болады, олар пульвиллалар (pulvilla) және эмподиялар (empodium). Солар арқылы, мысалы, масалар, шыбындар үй төбесiне жабысып тұрады.

Насекомдардың тiршiлiк ету жағдайларына және қозғалуына бейiмделе дамыған аяқтары әр түрлi типтес: жүргiш, жүгіргіш аяқтары /тарақандарда, қоңыздарда және т.б./; секiргiш /шегiрткелерде, шекшектерде, бүргелерде/; жүзгiш /жүзеген қоңыздарда/; жинағыш /бал арасында/; қазғыш /бұзаубастарда, қоңыздарда және т.б./; ұстап алғыш /дәуiттерде және т.б./ (2-сурет).

Насекомдардың көпшiлiгi жақсы ұшатын жәндiктер, олардың ұшуы қанаттарының құрылысы мен қозғалысына байланысты. Қанаттары кеуде бөлiмiндегі хитинделген терi жамылғысының өсiндiсi, дорзо-вентральдi бағытта қабысып жұқа тақтаға айналған, ұзына бойына да, көлденең де бiлеуленіп жатқан жiп тәрiздi жүйкелерi айқын көрiнедi. Жүйкелер — өте жiңiшке, қанат қуысында таралған трахея мен нерв түтiкшелері олар iшкi миксоцель қуысымен жалғасқан. Қанаттың жүйкелену сипаты насекомдардың систематикасындағы басты белгiлердiң бiрi.

Қанаттың ұзына бойына орналаскан негiзгi жүйкелерi: костальдi жүйке немесе коста (С); субкостальдi немесе субкоста (Sс); радиальдi немесе радиус (R); медиалдi (ортаңғы) немесе медиа (М); кубитальдi немесе кубитус (Cu); анальдi немесе аналис (А) және югальдi жүйке (Ju). Бұлар дихотомиялық түрде бұтақтанады. Ұзына бойы жүйкелермен қоса көлденеңiнен орналасқан жүйкелерi де бар, олар орналасуына байланысты көршi бойлық жүйкелердiң атымен аталады. Мысалы, медиокубиталъдi жүйке — медиальдi және кубитальдi жүйкелердi қосатын, радиальдi жүйке — бұтақталған екi радиальдi жүйкелердi қосатын.

Насекомдардың көпшілігінде алдыңғы жұп қанаттары артқы қанаттарын қорғап тұратындықтан, үстiңгі қанат немесе қанат жамылғысы деп аталады. Қоңыздардың үстiңгі қанаттары қатты, жүйкелерi жоқ оларды элитра деп атайды. Қандалалардың үстiңгі қанаттары тек жартылай қатты болады. Шегiрткелердiң, тарақандардың үстiңгі қанаттары тығызданып, жүйкелерi жақсы көрiнетiн терi тәрiздi болады. Қанаттардың құрылымындағы ерекшелiктерi — насекомдарды классификациялаудың негiзi: қаттықанаттылар (Соlеорtеrа), жартылай қаттықанаттылар (Неmiрtеrа), тiкқанаттылар (Оrthорtеrа), теңқанаттылар (Ноmорtеrа), торқанаттылар (Nеurорtеrа), қабыршаққанаттылар (Lерidорtеrа) жарғаққанаттылар (Нуmеnорtеrа), терiқанаттылар (Dегmарtеrа), қосқанаттылар (Diptеrа).

Насекомдардың қанаттарының күрделi қозғалысы - кеуде бөлiмiндегi ұзына бойы, дорзо-вентральдi және қанат бұлшық еттерінің жиырылып -жазылу жұмысының нәтижесi. Қанаттары жоғары көтерiліп, төмен түсуiмен қатар өзiнің ұзына бойы өсiнде айналады. Қанат қағу жиiлiгi әр түрлi. Мысалы, көбелектердiң қанаттары бiр секундта 5—10 рет, масаларда — 500—600, шiркейлерде — 1000-ға жуық тербелiс жасайды.

Насекомдардың басым көпшiлiгiнде ұшуға екi жұп қанаттары қатысады /көбелектерде, жарғаққанаттыларда, инелiктерде, торқанаттыларда/, кейбiр түрлерiнде ұшуға тек артқы жұп қанаттары бейiмделген /қоңыздарда, тiкқанаттыларда/. Бұлардың алдыңғы қанаттары қанат жамылғысына айналған.

Құрсақ (abdomen) Насекомдардың құрсағы өзара ұқсас сегменттерден тұрады. Төменгi сатыдағы насекомдардың құрсағы 11 сегменттен және тельсоннан құралған, ал қалғандарында құрсақ сегменттерi бiр-бiрiмен қосылып, саны 9—10 (тікқанаттыларда) немесе 4—6-ға дейiн (жарғаққанаттыларда, қосқанаттыларда) қысқарған. Құрсақ сегменттерiнде аяқтары жоқ, бiрақ олардың қалдықтары рудимент түрiнде кездеседi. Мысалы, алғашқы қанатсыз насекомдардың (Apterygota) өкілдерiнде аяқ өсінділері - түтiк, iлгек, секiргiш айыр, қылтаңқұйрықтыларда (Thysanura) — грифелькалар, тарақандарда — церкалар (соңғы сегменттің ұшында орналасқан бунақты өсiндiлер), шегiрткелерде, шекшектерде— жұмыртқа салғышы, араларда — шанышқыш түрiнде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет