Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет66/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Қан айналу жүйесi. Насекомдардың трахея арқылы тыныс алуына байланысты, қан өзiнiң тыныс алу қызметін жойып, қан айналым жүйесi нашар дамыған. Ол жүрек пен арқа қолқасынан құралған. Бiрнеше камераларға (5—13) бөлiнген, ұзын түтiк тәрiздi жүрегi денесiнiң үстiңгi жағында орналасып, перикардия (грекше peri — маңында, төңiрегiнде және cardia — жүрек) қуысында жатады. Жүректің артқы ұшы тұйық, ал алдыңғысы бас қуысына ашылатын арқа қолқасына жалғасады. Жүрек камераларының бүйiрiнде остиялар деп аталатын саңылаулары бар, оларды клапандар жапқан.

Жүрек қабырғасына бiткен, қанат тәрiздi бұлшықеттерiнiң әсерiнен жүректiң камералары бір бағытта жиырылып қанды (гемолимфаны) артқы жағынан алға қарай қолқаға сырғытады. Қолқадан шыққан гемолимфа бас қуысына құйылып, одан кеуде және құрсақ бөлiгiне қарай ағып, ондағы iшкi мүшелердi аралап, қайтадан жүрекке құйылады.

Гемолимфаның айналуын жүрек пен диафрагмалары реттеп тұрады (Сурет). Қанат тәрiздi бұлшықеттерi жиырылып, жоғарғы диафрагманы төмен тартады да, перикардия қуысын кеңейтеді, сонда гемолимфа перикардия қуысына кiредi де сол жерден остиялары арқылы жүрекке барады, одан бас бөліміне қарай кетiп дене қуысына құйылады. Ендi төменгi диафрагма жиырылып гемолимфаны дененiң артына қарай ағызады. Жүректiң жиырылу жылдамдығы организмнiң физиологиялық күйiне байланысты. Мысалы, бражник көбелегiнiң (Sphinx ligustri) тыныш күйінде жүрегi минутына 60—70 рет жиырылса, ал ұшқан кезiнде 140—150 рет жиырылады.

Насекомдардың қан айналу жүйесi ашық. Қаны немесе гемолимфасы сұйық плазмасынан және қан түйiршiктерi - гемоциттерден түзiледi. Плазма түссiз, сарғыш, жасыл, кейде қызғылт болады (Chironomidae тұқымдасының личинкаларында). Плазманың құрамына органикалық, бейорганикалық қосылыстар, минералдық тұздар және клеткалардан бөлініп шығатын ыдырау өнімдері де кiредi. Қан түйiршіктері - амебоцит, гемоцит, фагоцит клеткаларынан тұрады.

Насекомдардың гемолимфасы қорек заттарды, су мен тұздарды және гормондарды клеткаларға, мүшелерге тасымалдайды, зат алмасу барысында пайда болған өнiмдердi сiңiрiп, мальпиги түтiкшелерiне жеткiзедi, денеге енген микробтарды, улы заттарды зиянсыздайды, сонымен қатар iшкi сұйықтық ортасын қалыпты деңгейде сақтап тұрады.

Нерв жүйесi. Насекомдардың нерв жүйесi барлық буынаяқтылардiкiндей жұтқыншақ үстi немесе ми, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және құрсақ нерв тiзбегiнен құралған. Миы үш бөлiмге бөлiнген: алдыңғы — протоцеребрум, ортаңғы — дейтоцеребрум және артқы — тритоцеребрум. Протоперебрум фасеттiк және қарапайым көздердi, дейтоцеребрум — антенналарды (мұртшаларды), тритоцеребрум — үстiңгi ерiндi нервтендiредi және симпатикалық нерв жүйесiмен байланысты.

Миының алдыңғы бөлiмі — протоцеребрум өте жақсы дамыған, сондағы екi көру төмпешiгi және саңырауқұлақ тәрiздi денешіктері ең жоғарғы координнациялаушы орталығы болып, барлық мүшелерiнiң қызметiн және организм әрекетiнің нақты жағдайларға икемделуiн реттейдi.

Жұтқыншақ асты ганглиясы, бас бөлiмiндегi акронга қосылған 4 сегменттің ганглияларының қосылуынан пайда болған, ол ауыз аппарат мүшелерiн және алдыңғы iшектi нервтендiреді.

Құрсақ нерв тізбегі З кеуде және саны әр түрлi болып келетiн құрсақ ганглияларына құралған. Олардың толық саны 11, бiрақ олар насекомдардың эмбриональды даму кезiнде байқалады, ал ересек түрлерiнде, мысалы, төменгi сатыдағы насекомдарда құрсақ ганглиялары 8, тарақандарда, шегiрткелерде — 6, солардың iшiнен ең соңғысы басқаларынан ірілеу болады, себебi ол бiрнеше ганглияларының бiрiгуiнен түзелген. Кейбiр насекомдарда ганглиялар өзара қосылып тек кеуде және құрсақ ганглияларын түзейдi, ал шыбындарда мысалы, ет шыбынының (Sarcophaga carnaria) кеуде мен құрсақ бөлiмiндегi ганглиялар қосылып кеудеде орналасқан бір ғана түйiн түзейдi. Әрбiр ганглиядан көптеген нерв талшықтары тарап, олар iшкi мүшелердiң қызметiн сыртқы және iшкі орта әсерiне бейiмдеп, реттеп тұрады.

Насекомдардың орталық нерв жүйесiнен (ми, жұтқыншақ асты, құрсақ нерв тiзбегi) симпатикалық және шеткi нерв бөлiктерi өтедi. Симпатикалық нерв түйiндерi миында және құрсақ нерв тiзбегінiң арасында жiңішке тiзбек құрып орналасады да бұлшықеттердiң және iшкi мүшелердің жұмысын реттейдi. Шеткi нерв бөлiктерi тiтiркендірулердi қабылдайтын нейрондар, олар атқаратын қызметiне қарай сезiмтал, қозғалтқыш және аралық нейрондарға бөлiнедi. Сезiмтал нейрондары рецепторларда пайда болған қозуды орталық нерв жүйесiне бағыттаушы, қозғалтқыш қозуды орталық нерв жүйесінен шеттегi мүшелерге ал аралық сезiмтал мен қозғалтқыш нейрондардың серпiнiстерiн жалғастырушы.

Миында жұтқыншақ асты ганглиiнде, құрсақ нерв тiзбегiнде нейросекреторлы (нейросекрет-гормондарды бөлiп шығаратын) клеткалар орналасқан. Олардан синтезделген нейросекрет - биологиялық белсендi заттар аксондар арқылы кардиальдi және “жатқан денелерге” жетiп кейiн гемолимфаға өтедi. Кардиальдi және “жатқан денелер” мидың артқы жағында орналасып, iшкi секреция эндокриндiк безiнiң қызметiн атқарады. Олар экдизон және ювениль деп аталатын гормондарды бөлiп шығарады да, iшкi мүшелелердiң қызметiн, зат алмасу, түлеу, даму процестерiн реттейдi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет