Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Орта ғасырлық архитектура



бет35/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

Орта ғасырлық архитектура. ІХ-ХІІ ғғ. Европада екі негізгі архитектураның стиль – романдық және готикалық – алмасты. Королингтер дәуірінде бастау алған романдық стиль – ежелгі рим архитектурасына електеу болды. Шын мәнісінде, романдық архитектуралық стиль – антикалық, рим стильіне қарағанда өте дөрекі де, тұрпайы болды. Қалың қабырғалар, салыстырмалы түрде аласа күмбездер, қалың әрі тапал калонналар, тар әрі шағын терезелер сол дәуірдегі әлі әлсіз құрылыс техникасынан және саяси жағдайдан (бытыраңқылық) мол хабардар береді.
Техникалық жағынан алып қарағанда неғұрлым жетілген және әсерлі де тиімдісі готикалық архитектуралық стиль ХІІ – ХІІІ ғасырларда Оңтүстік Франциядан бастау алып, бүкіл Европаға тарады. Оның сипатты ерекшеліктерінің бірі архитектордың неғұрлым ғимаратты биік етіп салуға ұмтылуы. Жартылай шеңберлі күмбез тәрізді арканың орнын көкке тік бағытталған сүйрік арка алды. “Готика” атауын айналымға енгізген кейінгі гуманистер еді. Олар орта ғасырға жататын нәрселердің барлығын готика деп атаған. Готикалық Соборлардың ішінде биік те әсем колонналар көп болды. Терезелері үлкен келіп, әртүрлі, түрлі түсті шынылармен көмкерілді. Дөңесте шығыңқы - мүсіндер, барельефтер, аспалы аркалар, ғажайып тасты сызбалар ғимараттың ішімен сыртына керемет әр беріп тұрды. Бірнеше заңғар мұнаралар мен биік порталдар (есік) Гот ғимараттарына айрықша сән салтанат берді. Готикалық ғимараттар орта ғасырлық қаланың өзіндік архитектуралық орталығы болды.
Рыцарлық мәдениет. Орта ғасырлардағы романтикаға толы мәдениеттердің бірі рыцарлық мәдениет болды. ХІ-ХҮ ғғ. рыцарлық мәдени гүлденді. Сееньорға деген адалдық рыцарлық этостың (мінез – құлық нормалары) ядросы болды. Сатқындық пен опасыздық рыцарь үшін ауыр күнә болып есептеліп, ондай жағдайда рыцарлық корпарациядан шығу қаупі төнді. Соғыс рыцардың кәсібі болды, алайда уақыттың өтуімен рыцарлық әділетті жақтаушылар ретінде қабылдана бастады. Рыцарлық ар– ождан кодексі – рыцарлардан көп қасиетті талап етті. “Рыцарьдің ісі бекзатты болып, ізгілікті өмір салтын ұстануы қажет” болды.Сарай маңындағы бекзадалық мәдениеттің қалыптасуы да рыцарлықпен байланысты (айрықша мінез желісі, тұрмыс ерекшелігі, сезімін білдірудегі асқақтық). Әйелге табыну, аса құрметтеу бекзадалық мәдениеттің маңызды элементі болды. Жүрек қалауы болған әйел, құдай анадай құрметтелді, ерлік оның құрметіне жасалды ,ол әнге қосылып жырланды. Рыцарьлар даңқты сүйді, олардың есімін бүкіл христиан әлемі білуге тиіс болды. Рыцарлық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі – рыцарлық турнирлер ХІІІ – ХІҮ ғасырларда айрықша танымал болды. Рыцарлық ортада “Ролланд туралы жыр” (ХІ), “Менің Сидім туралы жыр” (ХІІ), “Нибелунгтер туралы жыр” (ХІІІ ғ.) – т.б. эпостары дүниеге келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет