Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»



бет28/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

Еркіндіктің Ұлы Хартиясы. 1215- жылы елде Иоан Безземельныйға қарсы көтеріліс бұрқ ете қалды. Көтерілісті басқарған аса ірі барондарға көптеген рыцарлар мен Лондон қаласы қосылды. Көтерілісшілердің қолына түскен Иоан 1215 жылы “Еркіндіктің Ұлы хартиясына” қол қоюға мәжбүр болды. 1215 жылдың Хартиясы 63 баптан тұрған аса ірі саяси құжаттардың бірі болды. Құжатта негізінен барондар мен дінбасыларының мүдделері қорғалды. “Әдет ғұрыпқа сәйкес” барондар мен рыцарлардың феоды мұралықпен қалдырылды, вассалдық төлемдері азайтылды. Олардың істері айрықша “теңдестер сотында” ғана қаралатын болды (пэрлер соты). Еркіндіктің ұлы хартиясында елде бірде бір еркін адам сотсыз немесе пэрлер үкімінсіз тұтқынға алынбайтын, елден қуылмайтын және дүние мүлкі тәркіленбейтін болды. Хартияда Ұлы король кеңесі құрылып – ол барондар мен рыцарлардан тұрды. Барондардың рұқсатымен ғана король қосымша алым салықтар енгізді. Бұдан бөлек 25 бароннан тұратын айрықша комитет құрылды, егер король хартия баптарынан аутқитын немесе орындамаған жағдайда олардың елді көтеріліске шақыра алатын құқы болды.
Хартияның баптарында қалаларға қатысты пунктерде болды. Қалалықтарға еркін ішкі және сыртқы сауда құқы берілді. Қалалық өзін өзі басқару, ешқандай кедергісіз ел ішінде жүріп тұру, өлшем мен салмақ бірлігі қамтамасыз етілді. Ағылшын халқының негізгі бөлігі – вилландарға ешқандай құқ берілген жоқ. Соған қарамастан Ұлы Хартияның прогрессивтік маңызы болды. Ол король өкіметін шектеді. Қалалықтардың мүдделерін қорғауы айрықша маңызды еді. Өйткені, ағылшын қалаларының үшінші сословие ретінде тұңғыш рет саяси күшке айналғаны белгілі болды. Еркіндіктің Ұлы хартиясы өмірде жүзеге асқан жоқ. Рим папасының қолдауына ие болған корль Иоан, барондарды бүлікші деп жариялап талаптарын орындаудан бас тартты, сөйтіп оларға қарсы соғысқа дайындалуға кірісті. Алайда, соғыстың қызған шағында ол қайтыс болып, оның кәмелетке толмаған ұлы Генрих ІІІ – ні барондар король етіп сайлады (1216-1272). Елде уақытша барондар олигархиясының үстемдігі орнады.
Әдебиеттер:
1. Басовская Н.И. Столетняя война 1337 – 1453 гг. М., 1985.
2. Гизо Ф. История цивилизации во Франции М., 1980 ІҮ т.
3. Левандовский А.П. Жанна д Арк. 2 е. Изд. М., 1982.
4. Перну Р., Клэн М.В. Жанна д Арк. М., 1992.
5. Хачатурян Н.А. Возникновение Генеральных штатов во Франции. М., 1976.
6. Хачатурян Н.А. Сословная Монархия во Франции ХІІІ – ХҮ вв. М., 1989.
7. Гутнова Е.В. Возникновение английского парламента (Из истории английского общества и государства ХІІІ в.) М., 1960.
8. Петрушевский Д.М. Восстание Уот Тайлера. 3 изд. М., 1994.
9. Репина Л.П. Сословие горожан и феодальное государство в Англии ХІҮ – века. М., 1979.
10. Шервуд Е.А. От англосаксов к англичанам. М., 1988.
10. ЛЕКЦИЯ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет