Лекция кіріспе. Тақырып өзекті мәселелерді қарастырады. Лекцияның тақырыбы осы мәселені талдауға арналған. Жоспар


Антропология: құжат- материалдық мәдениет



бет11/21
Дата21.09.2023
өлшемі80,44 Kb.
#109495
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
лекциялар

Антропология: құжат- материалдық мәдениет.
Антропология "құжатқа" көзқарас археологиялық олжаларды, адам қызметінің іздерін және қарым-қатынас жасауға арналмаған басқа да объектілерді қамтитыны айқын болды. "Сақтау, ғылым және білім беру мақсатында жиналған заттардың коллекциялары іс жүзінде құжаттық сипатқа ие (мұражайлар мен кабинеттер, үлгілер, үлгілер мен үлгілер коллекциялары). Бұл коллекциялар сөзбен емес, табиғатта кездесетін заттардан жасалады; бұл үш өлшемді құжаттар.
Құжаттар ретінде Нысандар ұғымы артефактілер американдық тәжірибені құжаттауға және түсіндіруге маңызды үлес қосқан мәдениеттанушыларда "материалдық мәдениет" ұғымын еске түсіреді.

ҚОРТЫНДЫ
Мазмұны қысқаша қортындылады;


Тыңдаушылардың сұрағына жауап беру
Сабақ жүргізу құралдары: тақта, компьютер, проектор
Интернет - қор (ресурс)
Онлайн: Қосымша материалдар интернет – ресурстарда және univer.kaznu.kz. сайтында ОӘК .

Дәріс №9 . Құжаттың құрылымы, сипаты, ерекшелігі.
Тақырыптың аңдатпасы
Лекция – ағымдық. Тақырып өзекті мәселелерді қарастырады. талап етеді.
Жоспар
Кіріспе.
Қортынды.
Студенттердің оқу құрал ретінде пайдалануына арналған әдебиеттерге шолу.
Дәрістің мақсаты: Ұйымды құжаттаудағы мәселені толық игеруге байланысты, алғашқыда ұйымның құрылымы туралы толық түсінік қалыптастыру
Қарастыратын мәселелер:
Өткен атқырыппен байланысына тоқталу
Тақырыптың теориялық және практикалық маңызына тоқталу

2.Дәрісті өткізу пішіні (формасы):
1.Аудторияның дайындығы бойынша , қарастыратын тақырып келесі бағытта игеріледі: ) монолог - пікірлесу б) слайд және т.б. құралдарға жүгіну бойынша монолог , в) танымдық элементтері бар монолог , студенттермен диалог орнату.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Құжат - толық сәйкестендіруге рұқсат ететін материалдық тасымалдау құралында сақталған ақпарат болып табылады. Өмірлік тәжірбие көрсеткендей, біздің өмірлік жолымыз құжаттармен тығыз байланысты. Жеке өміріміздегі және қызметтегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде құжатта тіркеліп, орын алып отырады.
Құжаттарды тануда кез келген құжаттың атрибутивтілігінің маңызы зор. Құжаттың атрибутивтілігі құжаттың ажырамас бөліктерінің, нақтырақ айтсақ деректемелерінің (рекизиттерінің) болуымен сипатталады. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің стандарттау және сертификаттау комитетінің 2001 жылғы 14 мамырдағы № 140 бұйрығымен бекітілген “Іс жүргізу және мұрағат ісі: Терминдер мен анықтама” 1037-2001 ҚР СТ мемлекеттік стандартында құжат деректемелеріне келесідей анықтама берген: «Құжат реквизиті: Ресми құжатты ресімдеудегі міндетті элемент». Ал Н.Н. Кушнаренко өзінің «Документоведение» деп аталатын еңбегінде былай деп көрсеткен: «Құжаттың деректемелері - стандартта немесе Ережеде белгіленген құжат туралы міндетті деректердің жиынтығы».
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережесінде келесідей деректемелер құрамы көрсетілген:
1 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының немесе эмблеманың, логотиптің, тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісі) бейнесі;
2 - ұйымның ресми атауы;
3 - ұйым туралы анықтамалық деректер;
4 - құжат түрінің атауы;
5 - құжат күні;
6 - құжаттың тіркеу нөмірі (индексі);
7 - кіріс құжатының тіркеу нөміріне (индекс) және күніне сілтеме;
8 - құжаттың жасалған немесе басып шығарылған жері;
9 - құжатқа рұқсатты шектеу грифі;
10 - адресат;
11 - құжатты бекіту грифі;
12 - бұрыштама;
13 - құжат мәтінінің тақырыбы:
14 - бақылау туралы белгі:
15 - құжаттың мәтіні:
16 - құжат қосымшасының бар екендігі туралы белгі:
17 - қолы:
18 - құжаттың келісілгені туралы белгі;
19 - мөр бедері;
20 - құжат көшірмесінің куәландырылғаны туралы белгі;
21 - құжат орындаушысы туралы белгі;
22 - құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі;
23 - құжаттың электрондық көшірмесінің сәйкестендірушісі;
24 - құжаттың ұйымға келіп түскендігі туралы белгі.
Осы тізімге қарай отырып, мыналарды айтуға болады: бірқатар деректемелер бір кәсіпорынның әртүрлі құжаттарын ресімдеу кезінде өзгеріссіз қалады – бұл кәсіпорынның эмблемасы, ұйымның атауы және ұйым туралы анықтамалық деректер. Тізімдегі алғашқы 3 деректеме тұрақты деректемелер деп аталады. Нақты құжатты жасау кезінде белгіленетін қалған барлық деректемелер (құжат түрінің атауы, құжаттың күні және т.б.) әр түрлі құжатта ерекшеленеді – сондықтан да оларды ауыспалы деректемелер деп атайды. Әрбір құжат деректемесінің өзіндік маңызы мен ерекшелігі бар.

ҚОРТЫНДЫ
Мазмұны қысқаша қортындылады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет