Лекция кіріспе. Тақырып өзекті мәселелерді қарастырады. Лекцияның тақырыбы осы мәселені талдауға арналған. Жоспар


Тыңдаушылардың сұрағына жауап беру



бет14/21
Дата21.09.2023
өлшемі80,44 Kb.
#109495
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
лекциялар

Тыңдаушылардың сұрағына жауап беру
Сабақ жүргізу құралдары: тақта, компьютер, проектор
Интернет - қор (ресурс)
Онлайн: Қосымша материалдар интернет – ресурстарда және univer.kaznu.kz. сайтында ОӘК .

Дәріс №11 Басқару құжаттарын унификациялау және стандарттау
Тақырыптың аңдатпасы
Лекция – ағымдық. Тақырып өзекті мәселелерді қарастырады. Лекцияның тақырыбы осы мәселені талдауға арналған.
Жоспар

    1. Стандарттау және біріздентдіру түсінігі

    2. Біріздендірудің мақсаты, нысаны.

    3. Қазақстандық стандарттардың пайда болуы.

    4. Стандартар –құжаттауды ретке келтірудің әдісі

Қортынды.
Студенттердің оқу құрал ретінде пайдалануына арналған әдебиеттерге шолу.
Дәрістің мақсаты: Ұйымды құжаттаудағы мәселені толық игеруге байланысты, алғашқыда ұйымның құрылымы туралы толық түсінік қалыптастыру
Қарастыратын мәселелер:
Өткен атқырыппен байланысына тоқталу
Тақырыптың теориялық және практикалық маңызына тоқталу


2.Дәрісті өткізу пішіні (формасы):қашықтықтан, видеолекция
1.Аудторияның дайындығы бойынша , қарастыратын тақырып келесі бағытта игеріледі: ) монолог - пікірлесу б) слайд және т.б. құралдарға жүгіну бойынша монолог , в) танымдық элементтері бар монолог , студенттермен диалог орнату.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Іс қағаздарын жүргізу – мемлекеттік стандарттарға сәйкес құжаттар мен іс қағаздарын жасау және солармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, атап айтқанда құжаттардың жүру барысына, іздестіруге және сақтауға жағдай жасау қызметі.
Осы анықтаманы жадымызда ұстай отырып, іс қағаздарының міндеттерін былайша тұжырымдаймыз:
— іс құжаттарын стандарттардың талаптарына сәйкес ресімдеу;
— құжаттардың жүру барысына жағдай жасау (құжаттарды тіркеуді ұйымдастыру, құжаттардың жүру барысын және орындалуын мерзімдерін бақылау);
— орындалған құжаттарды іздестіругежағдай жасау (іс қағаздарының номенклатурасына сәйкес құжаттарды істерге қалыптастыру);
— құжаттарды сақтауға жағдай туғызу.
1917 жылдың қазанындағы большевиктер жеңісі, мұнан кейінгі Ресей империясы мемлекеттік машинасының күйреуі іс қағаздарын жүргізу тарихында төңкеріске дейінгі кезеңді қорытындылап, жаңа – кеңестік дәуірді бастап берді.
Бұл ретте іс қағаздарын жүргізу тарихы мысал ретінде келтіріліп отырғандықтан, кеңестік кезеңнен тек бір ғана жәйтті бөліп атағымыз келеді. 1973 жылы КСРО Министрлер Советіне қарасты Ғылым мен техника жөніндегі мемлекеттік комитет Іс қағаздарын жүргізудегі бірыңғай мемлекеттік жүйенің негізгі ережелерін бекітті. Бұл ережелер іс қағаздарын жүргізуді тиімділікпен жүзеге асыру мақсатында барлық министрліктерге және ведомстволарға таратылды.
Аталмыш құжат іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ережелердің, нормативтер мен ұсынымдардың ғылыми-реттемелік кешені сипатында еді. Ол құжаттардың жасалуынан бастап мұрағатқа тапсырылғанға дейінгі кезеңдерін түгел қамтыды. Мұнда сондай-ақ мекемелердегі іс қағаздарын жүргізу қызметіне қойылатын талаптар мен олардың жұмыс тәртібі де көрініс тапты. Іс қағаздарын жүргізудегі бірыңғай мемлекеттік жүйенің негізгі ережелері Ұйымдық өкімдік құжаттардың бір ізге түсірілген жүйесімен толықтырылып, тиісті мемлекеттік стандарттар арқылы беки түсті.
Қазақстанның өз алдына тәуелсіз ел болып қалыптасуы, оның нарықтық экономикаға негізделген демократиялық құқықтық мемлекет болуға бет алуы іс қағаздарын жүргізу қызметін, құжаттамаларды жедел пайдалану мен оларды тарихи-мәдени мақсатта ұзақ уақыт сақтау ісін мемлекеттік деңгейдегі міндеттер қатарына қойды. Ақпараттар мен құжаттамалар алмасу саласында қазіргі заманғы мемлекеттік саясатты және Қазақстан азаматтары құқықтарын айғақтайтын негізгі құқықтық акті Республика Конституциясы болып табылады. Конституцияның 20-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: «2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi»1.
Қазақстанда «іс қағаздарын жүргізу» ұғымы алғаш рет Республиканың 1037-2001 стандартында «іс жүргізу» түрінде көрініс тауып, оған негізгі түсініктер берілді. Бұл стандарт Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 14 мамырдағы № 140 бұйрығымен (Іс қағаздарын жүргізу: басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету: құжаттауды қамтамасыз ететін және құжаттар бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыратын заңды тұлғалардың қызмет аясы) бекітіліп, қолданысқа ендірілген2 болатын.
«Іс қағаздарын жүргізу» термині стандартталған, яғни бұл ұғымды айқындайтын бірден-бір термин. «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету» стандартта анықтамалық мәлімет сипатында берілген синоним-термин болып табылады.
«Іс қағаздарын жүргізу» терминінің Қазақстан Республикасындағы ресми түсіндірмесінен Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарты бекіткен (Р 51141-98) түсіндірме біршама өзгеше. Салыстыру үшін ресейлік түсініктемені түгел келтіріп өтейік: «іс қағаздарын жүргізу; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету – құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет саласы»3.
Анықтамадан көрініп тұрғандай, Қазақстанда қабылданған түсініктің негізгі ерекшелігі іс қағаздарын жүргізуді заңды тұлғалардың қызмет аясы ретінде көрсетуі. Ресейлік заңнамада бұл кеңірек ауқымда, қызмет саласы ретінде алынған (әйтсе де құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету аясымен шектеу де бар).
Құжаттар түзуге және сол құжаттар бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру ісіне қойылатын жалпы талаптар Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері туралы» № 33 бұйрығы4 арқылы белгіленіп, бекітілген.
Мұндай ережелердің алғашқы нұсқасы қолданысқа 1992 жылы ендірілген болатын. Жаңа құжат іс қағаздарын жүргізудің отандық саласында орын алып отырған қазіргі нақты жағдайларды есепке ала отырып жасалды. Осы ережелер негізінде әрбір мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым іс қағаздарын жүргізу жөніндегі өз ведомстволық нұсқаулықтарын әзірлеп алады. Бұл ережелерді өз ерекшеліктеріне сәйкестендіре отырып мемлекеттік емес ұйымдар да қолдануларына болады. Бірақ бұл ережелер мемлекеттік емес ұйымдар үшін міндетті болып табылмайды.
Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеу барысында Қазақстанның СТ 1042-2001 «Ұйымдық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар»5 атты тағы бір стандарт талаптарын ескеру шарт.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы да қазіргі жағдайда айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заң электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын электрондық құжаттар жасау және оларды пайдалану барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді6. Осы заңға сәйкес 2004 жылы Қазақстан Үкіметі республика мемлекеттік органдарындағы электрондық құжат айналымының ережелерін бекітті7.
ТМД-ның бірқатар елдерінде мұрағат ісі жөніндегі нормативтік актілер іс қағаздарын жүргізу мәселелерін де қамтиды. Мәселен, «Беларусь Республикасындағы ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңда меншік формаларының қандай екеніне қарамастан барлық ұйымдар үшін іс қағаздарын жүргізу тәртібін белгілейтін арнайы тарау енгізілген. Ол тарау «Кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда іс қағаздарын жүргізу және оны ұйымдастыру» деп аталады8. Қырғыз Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы заңында да дәл осыған ұқсас арнайы бап бар.
Іс қағаздарын жүргізу қызметін ұйымдастырудың жекелеген элементтері өзге де құжаттарға – қандай да бір мемлекеттік билік органы регламенттеріне де ендірілуі (іс-тәжірибеде мұндай да кездесіп тұрады) мүмкін.
Стандарттау термині ғылыммен техниканың ұзақ уақыттағы эволюиялық даму процесін нәтижесінде қалыптасты. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі экономиканың қарым-қатынастың кеңейтілуі мен бұл терминмен қатар стандартау процесі дамып отырды. Мысалы: ежелгі Египетте құрылыс жұмыстарына тұрақты стандарты өлшемде кірпіштер қолданылған. Ол үшін тайпа көсемдер арнайы кірпіш бақылаумен айналысқан. Орта ғасырларда мұнайда тәсілдер кеңінен қолданыла бастады.XIX ғ. II жартысынан бастап, стандартау барлық өндіріс орындарында кеңінен қолдануға мүмкіншілік алды. Мұнда стандарттау процесі негізінде өндірістің өз ішінде жүргізіледі. Бұл жеке кәсіпкерлердің немесе өндіріс иелерінің кең көлемдегі табыс табуына әкелді. Мемлекеттік стандарттау ұйымы алғаш рет 1901 жылы Англияда құрылды. Бұл комитеттің мақсаты Британия мемлекетін экономикалық күшейтуге бағытталады. Мұндай мемлекеттік ұйымдар 1916 жылы Голландияда, 1917 жылы Германияда, 1918 жылы Швецария және АҚШ-та құрылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстн кейін стандатауға экономикалық қажеттілік арта түсті. Осының салдарынан 1919 жылы Канада да, 1920 жылы Италияда, Жапонияда және т.б. мемлекеттер өздерінің мемлекеттік стандартау комитеттерін құрды. Тұрақты тауар алмасудың кеңейтілуі мен және ғылыммен техникалық әріптестіктің дамуына байланысты. Мемлекеттер арасындағы стандартау ұйымы қажет болды. Осының нәтижесінде халықаралық стандарттау ассоциациясы құрылды. Бұл ассоциация II дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін, өз жұмысын тоқтатты. II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, құлдыраған мемлекеттерді тез арада экономикалық жетістіктерге жеткізу үшін 1946 жылы Лондонда стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО) құрылды. Бұның құрамы 33 мемлекет кірді. Ал қазіргі кезде бұл ұйым техникалық ұйымдардың ең үлкенінің бірі оның құрамында 100 аса мемлекет бар. ИСО 1952 жылы стандарттаудың ғылыми принциптерін оқып зерттеудің комитетін құрды (СТАКО). Бұл комитеттің негізгі міндеті стандартауға тиісті негізгі терминдерді анықтау болатын. СТАКО өте қажетті терминдер ретін анықтап, әзірледі. Мысалға: стандарт, стандарттау мамандандыру, унификация, өлшемдердің өзара алмасылымдығы және т.б. Бұл ұсынылған терминдерді ИСО кеңесі қабылданды. ИСО-ң терминдер құжатында стандартауға мынандай анықтама беріледі.
1980-1990 жылдар Бас мұрағат басқармасын дамытуға белсенді қатысқан Бірыңғай мемлекеттік іс жүргізу жүйесін құру кезеңі болды.
Бірыңғай мемлекеттік іс жүргізу жүйесінің идеясы - жан-жақты біріздендіру, басқарудың барлық деңгейлерінде және құжаттардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде құжаттармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерінің ұтымды біркелкілігін - оларды дайындау, ресімдеу, сақтау. Сол кезде біртұтас әдістер арқылы басқарудың типтік жағдайларын құжаттау үшін қолданылатын құжаттардың түрлері мен түрлерін азайту міндеттері шешілді. Бұл жұмыстың нәтижесі Бірыңғай мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің жалпы ережелеріне әртүрлі мемлекеттік органдар мен әкімшіліктер шығаратын құжаттар түрлерінің тізімі ретінде енгізілді.
Басқарушылық практикада қолданылатын құжаттар типтерін нормативті бекіту 70-жылдары басталған құжаттарды жіктеу бойынша маңызды жұмыстарға негіз болды. Бірыңғай мемлекеттік іс жүргізу жүйесін құру кезеңінде құжаттарды қағазбастылықта сақтауға, істерді қалыптастыруға, құжаттардың құндылығын сараптауға, құжаттарды мұрағатқа дайындауға байланысты әдістеме жасалып, құжат айналымы біріздендірілді.
Құжаттарды біріздендіру және стандарттау жөніндегі жұмысты одан әрі дамыту 1970-1980 жылдар кезеңін қамтыған жүйелі ұлттық қызмет ретінде жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты қолданыстағы және жаңадан құрылған автоматтандырылған басқару жүйелерін бір кешенге біріктіру болды.
Басқару процестерінде құжаттарды біріздендірудің әсері құжаттардың өздерін жақсартуға ғана емес (құжаттарды өңдеудің бірыңғай ережелерін, оларды дайындауға бірыңғай талаптардың қолданылуына байланысты), сонымен бірге құжаттарды іс жүргізу және ведомстволық архивтерде жедел сақтауды ұйымдастыруға әсер етті.
Осылайша, 1970-1980 жылдар аралығында жинақталған құжаттарды басқарудағы тәжірибе құжаттарды біріздендіру және стандарттау әдістерін тек құжаттардың өздерін жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге олармен жұмыс жасау технологиясын, оларды жедел және мұрағаттық сақтауды қолдану перспективаларын көрсетеді.
Бұл ұстаным 90-жылдары нақты расталған. Әлеуметтік-саяси саладағы өзгеріс, әрине, басқарудың міндеттері мен әдістерінің, сәйкесінше басқару құжаттамасы жүйесінің өзгеруіне әкелді. Бұрын бірыңғай құжаттама жүйелерінің едәуір бөлігі пайдалануды тоқтатты, соның орнына салықтың, қаржылық, кедендік және басқа да қызмет түрлерін құжаттауға арналған жаңа құжаттар құрылды және таратылды. Құжаттардың жаңа түрлері мен формаларының пайда болуымен қатар, жасалған құжаттаманың көлемі едәуір артты.
Ресми құжаттар мәтінін біріздендіру және стандарттау түрлері:
1) лингвистикалық бірліктерді стандарттау, оларды ГОСТ-та заңнамалық шоғырландыру (кеңсе терминдері, салалық терминдер, объектілердің атаулары, өнімдер, лексикалық және графикалық қысқартулар);
2) құжаттар мәтіндерін ұсынудың бірыңғай нысандарын әзірлеу (мысалы, құжат нысаны туралы тұрақты ақпаратпен біріккен мәтіндер);
3) лингвистикалық құралдарды ресімдеу (яғни, жасанды тілдік құралдарды қолдану салдарынан табиғи тіл элементтерін қолдануды шектеу: кодтар, шартты белгілер, графикалық элементтер және т.б.).
4) рубрикация, б.а. мәтінді жеке компоненттерге бөлу және оларды бір-бірінен графикалық түрде бөлу.
ҚОРТЫНДЫ
Мазмұны қысқаша қортындылады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет